Правила закупок товаров, работ и услуг Акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и организациями пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат ао «Самрук-Казына»


Ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама



жүктеу 0.91 Mb.
бет3/5
Дата07.05.2019
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5
Ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама
45. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ашық тендерге қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын:

1) ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялауға;

2) ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыруға;

3) Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа тендерлік құжаттаманы орналастыруға міндетті.

Мерзім уақыты аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялаған күннен бастап басталады.
46. Ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) Тапсырыс берушінің толық атауы, электрондық және почта мекенжайы;

2) сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы;

3) тауарларды жіберудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі (Тапсырыс беруші осы ақпараттың тендерлік құжаттамада қамтылғанын көрсетуге құқылы);

4) тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;

5) тендерге қатысуға өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны;

6) әлеуетті өнім берушінің өкілінде тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу және тендерге қатысуға өтінімдер беру жөніндегі өкілеттіктердің болу шарты.

Ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда бар мәліметтер тендерлік құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі қажет.
Тендерлік құжаттаманы табыс ету
47. Тапсырыс беруші тендерлік құжаттаманы әлеуетті өнім берушілерге қағаз тасығышта (бұдан әрі – тендерлік құжаттаманың көшірмесі) не бекітілген тендерлік құжаттаманы Тапсырыс берушінің веб-сайтына және/немесе Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру арқылы табыс етеді.

Төлем тендерлік құжаттамада көзделген жағдайда, Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттаманың құнын төлегеннен кейін тендерлік құжаттаманың көшірмесін олар оның көшірмесін беру туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті. Бұл ретте тендерлік құжаттаманың электрондық нұсқасы тегін беріледі.
48. Ашық тендерді өткізу туралы хабарландырудың мәтінін аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жарияланғанға дейін тендерлік құжаттаманы табыс етуге болмайды.
Ашық тендерге қатысуға өтінімдердің мазмұны,

ресімдеу және беру

 

49. Ашық тендерге қатысуға өтінім тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.


50. Ашық тендерге қатысуға өтінім:

1) әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған ашық тендерге қатысуға өтінімді;

2) нотариалдық куәландырылған лицензияның көшірмесін (егер тендердің талаптарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет болжанған жағдайда);

3) әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын);

4) ашық тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын (егер тендерлік құжаттамада ашық тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу көзделген жағдайда);

5) Қағиданың 40-тармағында көрсетілген бағалау және салыстыру өлшемдері өтініміне қолданылатынын растайтын құжаттарды;

6) әлеуетті өнім беруші қол қойған әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын;

7) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін, жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы нотариалдық куәландырылған құжаттың көшірмесін, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) үшін – консорциум туралы келісімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесін және консорциум қатысушыларының мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктердің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;

8) құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжатты: заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін (консорциум қатысқан жағдайда, консорциумға кіретін әрбір заңды тұлғаның жарғысының нотариалдық куәландырылған көшірмесі беріледі), конверттерді ашқан күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмелердің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

9) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

10) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз әлеуетті өнім берушінің атынан қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, тендерге қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхатты қамтуы қажет.
51. Әлеуетті өнім беруші өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді (қызметтерді көрсету кезінде бірге орындаушыларды) тартқан жағдайда (егер тендерлік құжаттамада жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушыларды) тартуға әлеуетті өнім берушінің құқығы көзделген жағдайда), тендерге қатысуға өтінімде жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің (қызметтерді көрсету кезінде бірге орындаушылардың) тізбесі және тендерлік құжаттамада анықталған жұмыстардың және қызметтердің шекті көлемінен аспайтын қосалқы мердігерге (бірге орындауға) берілетін жұмыстардың және қызметтердің көлемі қамтылуы қажет.

Егер әлеуетті өнім беруші міндетті түрде лицензиялауға жататын қызмет болжамдалатын тендерге қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушыларды) тартқан жағдайда, ашық тендерге қатысуға өтінімде қосалқы мердігер орындайтын жұмыстарға (бірге орындаушылар көрсететін қызметтерге) лицензиялардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері де қамтылуы қажет.
52. Ашық тендерге қатысуға өтінімде жалғыз, стандартты емес, сериялық емес тауарды немесе қазақстандық қамту үлесі бойынша тапсырыспен шығарылатын тауарды шығарған кезде тиісті уәкілетті орган берген тауардың шығу сертификаты (СТ KZ нысандары) немесе өтініш-декларация қамтылуы мүмкін.
53. Ашық тендерге қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттамада белгіленген талап етілген мерзімге сәйкес келуі қажет.
54. Ашық тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген өтінімді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін мөр басылып жабылған конвертте береді, ол тігілуі, беттері не парақтары нөмірленген болуы қажет, соңғы беті не парағы әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөртабанымен (жеке тұлғалар үшін – егер бұлар болса) расталады.

Ашық тендерге қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, нөмірленген беттері не парақтары бар, соңғы беті не парағы әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер ондай болса) куәландырылған) және ашық тендерге қатысуға қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы бөлек салынады.

Тендерге қатысуға өтінім салынған мөр басылып жабылған конверттің бет жағына әлеуетті өнім беруші мыналарды:

әлеуетті өнім берушінің толық атауын және почта мекенжайын;

тендерлік құжаттамада көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келетін Тапсырыс берушінің толық атауын және почта мекенжайын;

әлеуетті өнім беруші қатысу үшін тендерге қатысуға өтінім беретін тендердің (лоттың) атауын көрсетуге тиіс.

Ашық тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті не ашық тендерге қатысуға өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды тендерлік құжаттамада көрсетілген өтінімі бар конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін беруге болмайды.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген ашық тендерге қатысуға өтінім салынған конверт ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
55. Ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді тапсырыс беруші ашық тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
56. Әлеуетті өнім беруші ашық тендерге қатысуға өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей:

1) ашық тендерге қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) ашық тендерге қатысуға өтінімді ол енгізген қамтамасыз етуге құқығын жоғалтпай ашық тендерге қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алуға құқылы.

Ашық тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ашық тендерге қатысуға өтінімді қайтарып алуға тең өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге болмайды.
57. Әлеуетті өнім беруші ашық тендер тәсілімен сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс берушіге/бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушыға (тендерлік комиссияға, сараптау комиссиясына, сарапшыға) ашық тендер тәсілімен сатып алу қорытындыларына қарамастан мұндай шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелер жүктелмейді.
Ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу

 

58. Тендерлік комиссия ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді тендерлік құжаттамада көрсетілген күні, уақытта және орында ашады.

Тендерлік комиссия ашық тендерге қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде ашық тендерге қатысуға өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды


59. Тендерлік комиссияның отырысы басталғанға дейін тендерлік комиссияның хатшысы ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатты түрде ресімделген өкілеттігін тексереді.


60. Ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламасында және тендерлік құжаттамада белгіленген мерзімде берілген ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.


61. Егер тендерге (лотқа) ашық тендерге (лотқа) қатысуға 1 ғана өтінім ұсынылған жағдайда да ашық тендерге қатысуға өтінім ашылады.


62. Конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы мынадай тізбектілікте өтеді:

1) тендерлік комиссияның төрағасы немесе төраға анықтаған адам қатысушыларды:

тендерлік комиссияның құрамы, тендерлік комиссияның хатшысы;

әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізу;

тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;

ашық тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;

осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;

ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын, сондай-ақ баға ұсыныстарында әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген бағаны және жеңілдікті (болған кезде) жария етеді;

2) баға ұсыныстарында әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген баға және жеңілдіктер жарияланғаннан кейін тиісті баға ұсыныстарына қол қоя отырып, өзге әлеуетті өнім берушілер мәлімделген бағалармен және жеңілдіктермен (болған кезде) уәкілетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің танысуға құқығы бар;

3) тендерлік комиссияның хатшысы:

ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін тендерлік комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.

тендерлік комиссияның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) қарсы шағымның немесе қарсылықтың болуы туралы әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінен сұрайды.


63. Ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тендерлік комиссияның құрамы және оның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.


64. Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің сұрау салуы бойынша сұрау түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.


65. Тендерлік комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс беруші ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін өзінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа жариялайды.
66. Өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысының хаттамасында мынадай мәліметтер қамтылуы қажет:

1) отырысты өткізу күні, уақыты және орны; 

2) тендерлік комиссияның құрамы;

3) өтінім беру күні мен уақыты көрсетілген белгіленген мерзімде өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, іс жүзіндегі мекенжайы;

4) өтінімнің мазмұны, баға ұсыныстарында әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат;

5) өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өтінім беруі нәтижесінде қайтарылған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, іс жүзіндегі мекенжайы;

6) конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысының барысында өтініш берген әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің тендерлік комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсы шағымдары немесе қарсылықтары.
Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қарау және ашық

тендердің қорытындыларын шығару

 

67. Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді тендерлік құжаттаманың талаптарына өтінімнің сәйкестігі мәніне тендерлік комиссия қарайды. Тендерлік құжаттамада көрсетілген негіздемелер бойынша қабылданбаған өтінімдер сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізудің (орындау, көрсету) ең үздік шарттарын ұсынған ашық тендердің жеңімпазын іріктеу мақсатында тендерлік комиссия салыстырып, бағалайды.
68. Өтінімдерді ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендерлік комиссия қарайды. Күрделі техникалық сипаттамасы және ерекшелігі бар тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге сатып жүргізу кезінде өтінімдерді ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап
20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сарапшыны (сараптамалық комиссияны) тарта отырып тендерлік комиссия қарайды.

69. Өтінімдерді қарау кезінде тендерлік комиссия:

1) өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру үшін қажетті материалдар мен түсіндірулерді (ұсынылған баға (жеңілдіктер) және техникалық ерекшеліктерді қоспағанда) әлеуетті өнім берушілерден сұратуға;

2) өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

Бұл орайда, ашық тендерге қатысуға өтінімдерді өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырумен, құжаттарды ауыстырумен, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтірумен қорытындыланған тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулар мен өзге де әрекеттерге жол берілмейді.
70. Мынадай ресми негіздемелер бойынша ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдамай қоюға жол берілмейді:

1) ашық тендерге қатысуға арналған өтінімде (ұсынылып отырған баға (жеңілдік), техникалық өзіндік ерекшелік, ашық тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге енгізуді растайтын құжатты қоспағанда) қате, жаңылыс, жаңылыс жазудың болуын;

2) тендерлік комиссияның ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді бағалау мен салыстыруға әсер етпейтін (ұсынылып отырған баға (жеңілдік), техникалық өзіндік ерекшелік, ашық тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге енгізуді растайтын құжатты қоспағанда) берілген құжаттардың нысандарында (банктік деректемелер, СТН, куәліктер нөмірлері және басқа ақпараттар) ақпараттың көрсетілмеуін;

3) техникалық сипаттаманы және/немесе тендерге қатысуға берілетін өтінімге қоса тігілген тендерге қатысу өтінімін қамтамасыз ету үшін төлем төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылған жағдайда;

4) тендерге қатысуға берілген өтінімнің нөмірлері түзетілген болса.
71. Тендерлік комиссия мынадай:

1) тендерге қатысуға арналған өтінім тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылған;

2) егер әлеуетті өнім беруші осы тендерге (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы болып табылған;

3) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы сатып алу үшін бөлінген сомадан асқан;

4) әлеуетті өнім берушінің бағасы ұсынысын тендерлік комиссия демпингтік деп таныған;

5) әлеуетті өнім беруші Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне кірген жағдайларда, өтінімді қабылдамайды.
72. Баға ұсынысы мынадай жағдайларда демпингтік болып танылады:

1) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадағы құрылыс-монтаж және жобалау-іздеу жұмыстарына баға ұсынысы, егер
ҚҚС-ты есепке алмай сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан 10 (он) пайыздан астам төмен болса, демпингтік деп танылады;


2) консультациялық қызметтерге баға ұсынысы, егер ол ҚҚС-ты есепке алмай сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстардың орташа арифметикалық бағасынан 70 (жетпіс) пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жұмыстарға, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілмеген қызметтерге, тауарларға баға ұсынысы ҚҚС-ты есепке алмай сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстардың орташа арифметикалық бағасынан 30 (отыз) пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.

Осы тармақтың ережесі тендерлік құжаттамада белгіленген Тапсырыс берушінің шарттарында ұсынылған жеңілдікті ескергенде әлеуетті өнім беруші ұсынған жалпы бағаға қолданылады.

Осы тармақтың ережесі кемінде бес жыл сатып алынатын тауарлардың немесе қызметтердің отандық нарығында жұмыс тәжірибесі бар отандық кәсіпкер болып табылатын әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына қолданылмайды.
73. Қабылданған өтінімдерді тендерлік құжаттамада қамтылған өлшемдерге сәйкес тендерлік комиссия салыстырып, бағалайды. Ашық тендердің жеңімпазы тендерлік құжаттамадағы өлшемдерді пайдалануды ескере отырып, есептелетін ең төменгі шартты баға негізінде анықталады.

Салыстыру және бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамада қамтылған өлшемдерді қолдануды ескере отырып, есептелетін ең төменгі шартты бағадан кейін келесі баға негізінде анықталады.

Салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамадағы өлшемдерді қолдану есебімен есептелген ең төменгі шартты бағадан кейінгі баға негізінде анықталады.

Тендерлік бағалық ұсыныстардың шартты бағасы тең болған жағдайда жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) сатылып алынатын отандық тауар өндіруші болып табылады. Отандық тауар өндірушілердің тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған жағдайда жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) сатылып алынатын тауар өндірісінде үлкен тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші болып танылады. Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған жағдайда, отандық тауар өндіруші болмаған уақытта, жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) ашық тендер мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар нарығында үлкен тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші болып танылады. Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы және сатылып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда (немесе әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттар негізінде жұмыс тәжірибесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда) жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) тендерге қатысуға өтінімін бұрын ұсынған әлеуетті жеңімпаз болып танылады.

Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған уақытта жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) сатылып алынатын жұмыстарды, қызметтерді отандық әлеуетті өнім беруші болып танылады. Жұмыстарды, қызметтерді отандық өнім берушілердің тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған жағдайда жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) ашық тендер мәні болып табылатын сатылып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында үлкен жұмыс тәжірибесі бар жұмыстарды, қызметтерді отандық өнім беруші болып танылады. Жұмыстарды, қызметтерді отандық өнім беруші болмаған уақытта тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған жағдайда (немесе әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттар негізінде жұмыс тәжірибесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда) жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) тендерге қатысуға өтінімін бұрын ұсынған әлеуетті жеңімпаз болып танылады. Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған және сатып алынатын жұмыстардың немесе қызметтердің нарығында жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда (немесе әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттар негізінде жұмыс тәжірибесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда) жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші) тендерге қатысуға өтінімін бұрын ұсынған әлеуетті өнім өндіруші танылады.


74. Ашық тендер қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға тендер комиссиясының барлық мүшелері және оның хатшысы қол қойып, әр бетіне бұрыштама соғады.
75. Ашық тендер қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат қамтылуы қажет:

1) қорытындыларды шығаратын орын мен уақыт туралы;

2) ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілерден түскен өтінімдер туралы;

3) ҚҚС-ты есепке алмай сатып алу жоспарында көзделген сатып алу үшін бөлінген сома туралы;

4) қабылданбаған өтінімдер, қабылданбау негіздемелері туралы;

5) тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келді деп танылған әлеуетті өнім берушілер туралы;

6) бағалау өлшемдерін қолдану нәтижелері туралы;

7) ашық тендердің қорытындылары туралы;

8) егер ашық тендер болып өткен жағдайда, сатып алу туралы шартты жасасу сомасы мен мерзімі туралы;

9) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші туралы;

10) Қағиданың 69-тармағына сәйкес сұрауларды әлеуетті өнім берушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жіберілгені туралы мәлімет;

11) тендерлік комиссияның қалауы бойынша өзге ақпарат.
76. Ашық тендерді тендерлік комиссия мынадай:

1) ашық тендерге қатысуға екі өтінімнен кем өтінім тапсырылған;

2) Қағиданың 71-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тендерлік комиссия қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға кемінде екі өтінімі қалған;

3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан бас тартқан;

4) Қағиданың 79, 81-тармақтарына сәйкес банктік кепілдікті немесе шарттың орындалуын өзгеше қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы ұсынбаған жағдайларда, өткізілмеді деп таниды.
77. Егер тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

1) тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

2) тендерлік құжаттаманы өзгерту және тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

3) бір көзден тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.
78. Тапсырыс беруші ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) жеңімпазға хабарлама жібереді;

2) Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтта ашық тендердің қорытындылары туралы хаттаманы орналастырады.

3) аптасында кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында ашық тендердің қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды.
79. Егер тендердің жеңімпазы тендердің қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімде Тапсырыс берушіге қол қойылған сатып алу туралы шартты ұсынбаса, онда Тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тендерлік комиссия салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні тендердің жеңімпазы деп белгілейді.

Егер сатып алу туралы шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу және (немесе) тендер жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуы көзделсе, онда тендер жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын күн ішінде банктік кепілдік немесе Тапсырыс беруші белгілеген авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды өзге де қамтамасыз етуді және (немесе) банктік кепілдікті немесе Тапсырыс беруші белгілеген шартты орындауды өзге де қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс.



    Егер банктік кепілдік немесе Тапсырыс беруші белгілеген авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды өзге де қамтамасыз ету және (немесе) банктік кепілдік немесе Тапсырыс беруші белгілеген шартты орындауды өзге де қамтамасыз ету

    көрсетілген мерзімде ұсынылмаған болса, онда Тапсырыс беруші бір жақты тәртіппен сатып алу туралы жасалған шарт бұзады, әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімді қамтамасыз ету ұсталады және тендерлік комиссия тендерлік комиссияның жеңімпазы етіп салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген әлеуетті өнім берушіні белгілейді.

    Авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізбеген өнім беруші туралы мәліметтерді Тапсырыс беруші Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне осындай өнім беруші туралы мәлімет енгізу үшін белгіленген тәртіппен сатып алу мәселелері жөніндегі Уәкілетті органға жібереді.

    Егер шарттың орындалу кезеңінде сатып алу туралы шарт өнім берушінің кінәсі бойынша бұзылса, Тапсырыс беруші салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге тендерге қатысуға арналған өтінімде олар ұсынған бағадан аспайтын баға бойынша сатып алу туралы шарттар жасасу ниеті туралы хабарлама жіберуге тиіс. Егер салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші хабарламаға жауап бермесе, онда Тапсырыс беруші хабарлама жолданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін Қағидаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.



Жүргізілген сатып алу рәсімдерінде бұзушылықтардың анықталуына байланысты сатып алу туралы шартты бұзған кезде Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушіге банктік кепілдікті немесе Тапсырыс беруші белгілеген шарттың орындалуын өзгеше қамтамасыз етуді қайтарып беруге міндетті.
80. Тендерлік комиссияның салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазы деп белгілеу туралы шешімі сатып алу туралы шарттың сомасы мен аяқталу мерзімі көрсетіліп, салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазын белгілеу туралы хаттамамен ресімделеді. Тапсырыс беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

  1. жеңімпазға хабарлама жібереді;

  2. ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта орналастырады;

  3. ашық тендер қорытындысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын мерзімдік басылымдарда жариялайды.


81. Егер сатып алу туралы шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу көзделген жағдайда Қағиданың 80-тармағына сәйкес анықталған тендердің жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде банктік кепілдікті немесе Тапсырыс беруші белгілеген авансты (алдын ала төлемді) өзге де қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс.
82. Банктік кепілдік беру немесе Тапсырыс беруші белгілеген шарттың орындалуын өзге де қамтамасыз ету мыналарға:

  1. Холдингтің тиісті тізілімінде тұратын мүгедектер (жеке тұлғалар – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер) ұйымына;

  2. отандық тауар өндірушілерге (өздері өндіретін тауарларды жеткізуге қатысқан кезде);

  3. Холдингке кіретін ұйымдарға қолданылмайды.


83. Тапсырыс беруші тендерге қатысуға ұсыным берген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға тиіс.
84. Өткізілген ашық тендерде бұзушылықтар болған жағдайда, тендерлік комиссия шартты жасаған сәтке дейін ашық тендердің қорытындыларының күшін жоюға міндетті. Бұл ретте тендер қайта өткізілуі тиіс.

Тапсырыс беруші тендердің өткізілмейтіні жөнінде шешім қабылданғаннан бастап немесе оның қорытындысы шыққаннан бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сатып алуға қатысқандарға бұл жөнінде хабарлауға, сондай-ақ Тапсырыс берушінің веб-сайтында, және Қор белгілеген веб-сайтта тиісті хабарландырулар жариялауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет