Правила закупок товаров, работ и услуг Акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и организациями пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат ао «Самрук-Казына»



жүктеу 0.91 Mb.
бет5/5
Дата07.05.2019
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5
10. Бір көзден сатып алу
123. Бір көзден сатып алу:

1) Тапсырыс берушінің атқарушы органы басшысының немесе оларға уәкілетті өзге тұлғаның шешімі негізінде;

2) Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы органы (алқалық атқару органы/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) /қадағалаушы кеңесінің шешімі негізінде;

3) тікелей шарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.
124. Бір көзден сатып алу мына:

1) Қағиданың 17-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген тәсілдердің бірінде сатып алынса, өткізілмеді деп танылады.

Егер тендер немесе сатып алу баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен тендерлік құжаттаманың тиісті талаптарына сай бір әлеуетті жеткізуші деп тануына немесе әлеуеттік жеткізушінің ауытқымайтын бір баға ұсынысының болуына байланысты дәрменсіз деп танылса, Тапсырыс беруші осы әлеуетті жеткізушіден сатып алуды жүзеге асырады.

Бұл жағдайда сатып алу туралы шарт олармен оның тендерге қатысуға берген өтінімінде, баға ұсынысында қарастырылған жағдайда жасалуы тиіс және олармен жасалған шарттың бағасы тендерге қатысу өтінімінде, баға ұсынысында көрсетілген бағадан аспауы тиіс.

Егер тендер немесе сатып алу баға ұсыныстарының сұранысы тәсілімен өзге негіздемелер бойынша қанағатсыз деп танылады, сатып алу тапсырыс беруші белгілеген әлеуетті жеткізушіде жүзеге асырылады.

2) егер тиісті күнтізбелік жылға арналған сатып алу жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

3) егер Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес болмаған жағдайда басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы мұқтажды сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда (хабарландыру берген сәттен бастап және тендердің қорытындылары бойынша шарт жасасқанға дейінгі кезеңде), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

4) жиырма бес және одан да көп пайыз акциясы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама Тапсырыс берушіге тиесілі ұйымнан, тапсырыс берушінің жиырма бес және одан да көп пайыз акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама тиесілі ұйымнан, сондай-ақ қатысушылары олардың қызметінің негізгі мәні бойынша Тапсырыс берушілер болып табылатын мекемелерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу;

5) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

6) табиғатты пайдалану құқығын сатып алу;

7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Тапсырыс берушінің алқалық орган/қадағалаушы кеңесі (алқалық атқару органы/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;

8) тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңесі (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;

9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;

10) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;

11) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;

12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

13) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;



14) теңіз агенті, теңіз брокері қызметтерін сатып алу;

15) мемлекеттік метрологиялық бақылауды тарату саласында қолданылатын өлшеу құралдарын дәлдеу жөніндегі қызметтерді сатып алу;

16) Тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уран және оның қоспаларын сатып алу;

17) өздерінің орналасқан жерінің құпиялығын сақтауды көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу;

18) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Тапсырыс берушінің тауарлар, жұмыстар, қызметтерін сатып алу:

мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде өнім берушіні олармен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы;

тендердің қорытындылары бойынша Сатып алу қағидасы шеңберінде өнім беруші ретінде олармен жасалған сатып алу туралы;

тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде өнім беруші ретінде олармен жасалған сатып алу туралы;

19) отандық мұнай өңдейтін кәсіпорындардан тікелей Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясын субъектілерінің авиаотынын сатып алу;

20) жоба алды құжаттамасын дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиісті түрде орындаған жеткізушіден жобалау жөніндегі жұмыстарды сатып алу;

21) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша қызметтерді сатып алу;

22) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

23) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;

24) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;

25) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

26) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

27) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

28) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;

29) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
125. Бір көзден сатып алу мына:

1) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде сол өнім берушімен қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен жұмыстармен  немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да сатып алуларды жүргізу қажеттілігі туындаса;

2) егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында соңғы үш жыл ішінде өндірілмеген болса, Тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында сериялы тауар өндірісін ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден ұзақ мерзімді шарттар бойынша тауарлар сатып алу;

3) мүлікті сенімді басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

4) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

5) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу;

6) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;

7) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жағдайларында Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңесі (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) шешімі негізінде жүзеге асырылады.
126. Тікелей шарт жасау жолымен жүзеге асырылатын сатып алулар:

1) аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдарды, шығыстарды төлесе;

2) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы және өзге қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолда тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

4) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

5) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

6) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

8) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

9) тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

10) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу;

11) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, қызметтерді сатып алу;

12) мыналарды:

Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;

13) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;

14) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредиттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде қызметтерді сатып алу;

15) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;

16) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;

17) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу.



18) акцияларының елу немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқару холдингіне – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына жататын заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығында орналастыру бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу.
127. Қазақстан Республикасының банк кредиторларының мүддесін қорғау және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялары Қордың меншігінде болатын банктер, шетелдің қатысуымен ұйымдар (бірлескен кәсіпорындар), онда шешім екі қатысушысының бірауыздан мақұлдауы кезінде қабылданады, басқару органы немесе қадағалаушы кеңесі Қағиданың негізінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидасын әзірлейді және бекітеді.
11. Сатып алу туралы шартты орындау
128. Сатып алу туралы шартты орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына, шарттарды дайындау, жасасу және орындауды реттейтін Қағидалар мен Тапсырыс берушінің ішкі құжатына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Қазақстандық қамту мониторингі
129. Холдингке кіретін ұйымдар сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтерге қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады. Осы мақсатта, Холдингке кіретін ұйымдар растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, қазақстандық қамту үлесінің есебі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, қызметтердегі қазақстандық қамту бойынша есептілікті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушілердің міндетті түрде беруін қамтамасыз етеді.
130. Холдингке кіретін ұйымдар Қор Басқармасы анықтаған тәртіппен есепті Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
131. Тауарлар, жұмыстар, қызметтердегі қазақстандық қамту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың қазақстандық қамту есебінің Бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептеледі.
132. Холдингке кіретін ұйымдардың тауарлар, жұмыстар, қызметтерді жеткізушілердің қазақстандық қамту мониторингісін ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшені және/немесе лауазымды тұлғаны анықтайды.
133. Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Холдингке кіретін ұйымдарға және сатып алудағы қазақстандық қамту есептілігі мен мониторингі мәселелері бойынша басқа ұйымдарға қосымша сұрауларды жүзеге асыруы мүмкін.
134. Холдингтің сатып алуындағы қазақстандық қамту жөніндегі қорытынды ақпарат Қор белгілеген веб-сайтта орналастырылады.
13. Қосымша ережелер
135. Қор Холдингке кіретін ұйымдарда қағидалардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
136. Қордың құрылымдық бөлімшесінің атынан сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган:

1) сатып алу мәселелері бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;

2) Холдингке кіретін ұйымдардың ішкі аудит қызметтерімен бірге сатып алу саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3) әлеуетті өнім берушілердің (жеткізушілердің) шағымдарын қарайды;

4) Холдингке кіретін ұйымдардан қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамаларды, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің (жеткізушілердің) шағымдарын қарау үшін қажеттерін сұрайды;

5) әлеуетті өнім берушілердің (жеткізушілердің) шағымдарын қарау қорытындылары бойынша Холдингке кіретін ұйымдардың басшылығына сатып алу саласында қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жібереді;

6) Холдингке кіретін ұйымдар сатып алатын тауарларда, жұмыстарда, қызметтерде қазақстандық қамту мониторингісін жүзеге асырады;

7) тауарлар бойынша (75 миллион теңгеден асатын лоттар бойынша) сатып алу бағалары мониторингісін жүргізеді.
137. Қор Басқармасында белгіленген еншілес ұйымның атынан сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган:

1) Холдингке кіретін ұйымдарда сатып алу үдерісін үйлестіреді;

2) Холдингке кіретін ұйымдардың қызметкерлерін оқытады және сатып алу мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырады;

3) Холдингке кіретін ұйымдардың ішкі аудит қызметтерімен сатып алу саласында өзара әрекеттеседі;

4) Қағидада көзделген тізілімді және тізбені жасайды, жүргізеді және бекітеді;

5) Қорда белгіленген тәртіппен Холдингке кіретін ұйымдар ұсынатын сатып алу саласындағы есептілікті жинау, қорытындылау және талдауды жүзеге асырады;

6) сатып алу саласында ақпараттық жүйені әзірлейді және енгізеді;

7) Холдингке кіретін ұйымдар үшін тауарлар бойынша (75 миллион теңгеден асатын лоттар бойынша) баға ауқымын анықтайды;

8) қажеттілігіне қарай сатып алу саласында Холдингке кіретін ұйымдарда берілген сатып алу туралы есепті деректер, материалдар мен ақпараттар растығын тексереді;

9) ұзақ мерзімді шарттың тараптары үшін бағалы маркетингілік қорытындыны ұсынады;

10) Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған сатып алынатын тауарды өндіретін мүгедектер ұйымдарынан (жеке тұлғалардан – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектерден) сатып алынатын тауарлардың тізімін құрады, жүргізеді және бекітеді;

11) Қор басқармасы белгілеген еншілес ұйым атынан сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен тізім бойынша Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдарынан (жеке тұлғалардан – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектерден) сатып алынатын тауарлар үшін баға жөніндегі маркетингілік қорытынды ұсынады.
138. Әлеуетті өнім берушілер (жеткізушілер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тендерлік, сараптамалық комиссия мүшелері, сарапшыны қоса алғанда, Тапсырыс берушінің атқарушы органы, сондай-ақ өзге тұлғалар қабылдайтын әрекеттер мен шешімдерге шағымдануға құқылы.

Сондай-ақ шағымдар сатып алу мәселелері бойынша Тапсырыс берушіге немесе уәкілетті органға қарау үшін жіберілуі мүмкін.


14. Қорытынды ережелер
139. Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін басталған (жарияланған) сатып алу рәсімдері сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күнде қолданылған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

140. Осы қағиданың қолданылуы Қазақстан Республикасы шекарасынан тыс жерлерде тіркелген, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тиесілі заңды тұлғаларға таратылмайды.
141. Қор Басқармасы отандық тауар өндірушілерді, мүгедектер ұйымдарын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер жеке тұлғаларды), шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді қолдаудың қосымша шараларын анықтай алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет