Предложения



жүктеу 31.86 Kb.
Дата20.03.2018
өлшемі31.86 Kb.

АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША АҚПАРАТ
Әуе көлігі объектілерінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету ұйымдастырушы, нормативтік-құқықтық, қаржылық-экономикалық және инженерлік-техникалық міндеттер кешенін, оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларын қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы арқылы шешуді көздейді.

Қауіп-қатерлерді болдырмау, жою, объектілердің қорғалуының жай-күйіне сапалы және үздіксіз мониторинг жүргізу және авиациялық қауіпсіздік бойынша тоқтаусыз, барабар шараларды қабылдау – авиациялық қауіпсіздік жүйесінде қызмет етушілердің бәрінің міндеті.

Осыған байланысты, авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысы Қазақстандағы авиациялық саланың дамуындағы стратегиялық маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Бұл, әсіресе, ЭКСПО-2017, Универсиада-2017 және басқа да қоғамдық іс-шараларды дайындау мен өткізу кезінде, сондай-ақ террористік және басқа да осындай қатерлерге байланысты әлемдік тәуекелдердің ұлғаюы кезінде аса маңызды.

Бүгінгі күні әрбір әуежайда қажетті техникалық құралдармен және персоналмен қамтамасыз етілген авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылды (авиациялық қауіпсіздік саласында шамамен 2000 адам жұмыс істейді).

Мемлекет басшысының қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша тапсырмаларын орындау аясында бюджеттік қаражат есебінен қазіргі заманға сай тексеру жабдығымен әуежайдың тексеру пункттерін жабдықтау процесі аяқталды. Әуежайларға бюджеттік қаражат бөлінді, жабдық жоспарлы түрде жеткізілуде.

Әуежайлар жолаушылар терминалдарына («бірінші желі» деп аталатын) кіреберісте тексеру жүргізу үшін жеке заттар, қол жүгі, жолаушының багажы, жүк және поштаға алдын-ала тексеру бойынша рентгентелевизиялық жабдықтар, сондай-ақ стационарлық металлдетекторларды жеткізуге келісімшарт жасасты.

2017 жылдың мамыр айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң шеңберінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының, Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларының жаңа редакциялары уақтылы қабылданды.

2017 жылғы 22-30 қараша аралығында авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудиті сәтті өткізілді. Аудиттің ресми бағалауы бойынша, айтарлықтай прогресс және ИКАО талаптарына сәйкестіктің жоғары дәрежесі ескерілді(83%).

Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенция және хаттаманы ратификациялау бойынша жұмыс жалғасуда (Пекин, 2010).

Авиабилеттер бойынша бірлескен автоматтандырылған деректер банкін құруға қатысты жобасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімін іске асыру мәселелері шешілуде.

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысы азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ететін заңдар, қағидалар мен рәсімдерді сақтауда мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару органы ретінде Азаматтық авиация комитетінің Авиациялық қауіпсіздік басқармасымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

Басқармада авиациялық қауіпсіздік жүйесінде мол тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Мемлекеттік инспекторлардың жұмысының арқасында авиациялық қауіпсіздік шараларын бұзушылықтарының көбісі анықталысымен бірден жойылады, бұл заңсыз араласу актілерінен қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Халықаралық талаптарға сай алынған заманауи білімдерді қызмет барысында қолдану үшін, олардың біліктілігінің жоғарылауы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, АҚ басқармасының барлық қызметкерлері (6 қызметкер) тиісті курстарда білім алып, халықаралық әдістемелік семинарлар мен практикумдардың жұмысына қатысты.

2018 жылға арналған негізгі міндет және басымдық – авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитінің ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес одан әрі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.



_______________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет