Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткіні қоғамдық орындардан тыс пайдаланғандар үшін жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: rehab-rpc.ru

Есірткі тұтынуға толық тыйым салуды белгілеу мақсатында оларды қоғамдық орындардан тыс жерлерде қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі талқылануда.

"Егер бұл бастама мақұлданса, қоғамдық орындарда есірткіні медициналық емес мақсатта қолданса қылмыстық заңмен, ал қалған жағдайда – үйде, көлікте, ойын-сауық мекемесінде қолданса әкімшілік заңмен жазаланады", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша қоғамдық орындарда есірткі пайдаланғаны үшін қолданылатын қылмыстық жауапкершілік бас бостандығынан айырумен байланысты емес.

"Бұл не айыппұл, не қоғамдық жұмыстар болуы мүмкін", — деді Ішкі істер министрлігі.
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.