Председателю Агентства



жүктеу 42.25 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі42.25 Kb.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың 711 өтініші келіп түсті, оның ішінде 146 өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Аумақтық филиалына қайта жіберілді.

2015 жылғы наурызда 605 өтініш қаралған, оның ішінде:



517 (85,45%) өтініш екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару) (112 өтініш);

- қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау (97 өтініш);

- басқа банктердің шоттарындағы ақшаға даусыз (акцептсіз) тәртіппен ақы өндіріп алу (45 өтініш);

- берешекті, оның ішінде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша қайта құрылымдау (39 өтініш);

- банк қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (26 өтініш);

- есептің (ай сайынғы төлем, берешек, өсімпұл, сыйақы, комиссиялар, ЖТСМ мөлшерінің) дұрыстығын тексеру (22 өтініш);

- банктік шарт талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру (17 өтініш);

- сот шешімдерін орындау (11 өтініш);

- банктік шартты жасау, орындау және тоқтату тәртібін бұзу (9 өтініш);

- банк қызметін тексеру (8 өтініш);

- кепіл затын босатудан бас тарту (7 өтініш);

- салымдарды қайтару (7 өтініш);

- кепіл затын өткізу рәсімі (6 өтініш);

- қаржыландыруды тоқтата тұру (6 өтініш);

- банк шоттарына қызмет көрсету (5 өтініш);

- басқа да мәселелер (100 өтініш).

28 (4,63%) өтініш банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - БОЖТЖҰ) іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау;

- жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару);

- кепіл затын сату рәсімі;

- БОЖТЖҰ қызметін тексеру;

- сот шешімдерін орындау.



31 (5,12%) өтініш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- сақтандыру төлемін жүзеге асырмау;

- сақтандыру сомасын есептеудің дұрыстығын тексеру;

- сақтандыру шартын жаса, орындау және тоқтату тәртібін бұзу;

- сот шешімдерін орындау.

2 (0,33%) өтініш бағалы қағаздарды иелену құқығын растау туралы ақпаратты алу мәселесі бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектілерінің қызметтеріне қатысты.

2 (0,33%) өтініш «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тарту;

- зейнетақы жинақтарын азайту.

17 (2,81%) өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын түсіндіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер туралы.

1 (0,17%) өтініш жеке тұлғаның қарызы бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару) мәселесі бойынша микроқаржы ұйымының іс-қимылдарына қатысты.

7 (1,16%) өтініш басқа мемлекеттік органға тиесілі болғандықтан соларға қайта жіберілген.

2015 жылғы наурызда ҚРҰБ Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш берген 51 азаматты қабылдап және оларға консультация берілді.

Қарыз алушылардың қарыздары бойынша қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдарының өкілдерімен жеке тәртіппен 22 кездесу ұйымдастырылды және оған қатысты.

Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың мәселелері бойынша Қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың, Алматы қ. Әкімдігінің, «Нұр-Отан» партиясының өкілдерімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен 4 дөңгелек үстел, отырыс өткізілген.

2015 жылғы наурыздағы өтініштерді қарау нәтижелері және микроқаржы ұйымдардың
іс-әрекеттерінен анықталған бұзушылықтар:


р/с №

Іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы

Қаралған өтініштер

Қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының саны

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлесі, %

Микроқаржы секторы

1

«Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС

1

100

0

Жиынтығы:

1

100%

0

0,17%*

Қаржы нарығы бойынша барлығы:

581

96,03%

11

* Қаралған өтініштердің жалпы санынан сектордың үлес салмағы.


2015 жылғы наурызда ҚРҰБ және оның аумақтық филиалдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша микроқаржы ұйымдарына қатысты шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған жоқ.
ҚРҰБ жеке және заңды тұлғалар егер олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтары бұзылған жағдайда мыналарға тиісті өтінішпен жүгіне алатынын ескертеді:
1) ҚРҰБ филиалдарына, ҚРҰБ www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша
2) ҚРҰБ-қа

050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67

Тел. 7 (727) 2619 213

Е-mail: info@kzp.nationalbank.kz








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет