Премьер-Министру



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2017 жылғы «___» __________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген

Азаматтық авиацияда жолаушыларға

медициналық көмек көрсету қағидалары
Жалпы ережелер


  1. Осы Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң)
    13-бабының 41-71) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиажолаушыларға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

  2. Халықаралық ұшуларды орындау кезінде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағында, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай ұшулар жүзеге асырылатын елдің заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

  3. Әуе кемесінің бортында авиажолаушыларға және қажет болған жағдайда әуе кемесінің ұшу және кабиналық экипажына жедел медициналық көмек көрсетіледі.

  4. Медициналық көмек азаматтық авиация ұйымы қаражатының есебінен көрсетіледі.

  5. Медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа кезде, медициналық көмек көрсету кезінде науқастың медициналық дәрі-дәрмектері және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер қолданылмайды.

  6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) авиакомпания (бұдан әрі - АК) – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

2) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуе тасымалы шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке тұлға;

3) әуежай – әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдығы бар құрылыстар кешенi

4) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауiпсiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн шаралар кешенi, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;

5) әуе кемесі - жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;

6) дәрілік заттар – адам ағзасымен байланысқа түсетін немесе оның мүшелері мен тіндеріне енетін, аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның күйi мен функцияларының өзгеруiне арналған фармакологиялық белсендi заттарды бiлдiретiн немесе олардан тұратын құралдар: дәрiлiк субстанция, дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк заттардың балк өнiмдерi, дәрiлiк заттар, дәрілік препараттар.

6) медициналық көмек – халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған дәрілік көмекті қамтитын медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;

7) медициналық пункт – азаматтық авиация ұйымының авиажолаушыларға осы Қағидаларға және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек көрсететін құрылымдық бөлімшесі;

8) халықаралық ұшулар – әуе кемесінің шетел мемлекеттерінің шекарасын ұшып өтуіндегі ұшулар;

9) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

10) жолаушылар салоны – әуе кемесі жолаушылар кабинасының жолаушылар креслоларымен жабдықталған және жолаушыларды орналастыруға арналған бөлігі;

11) әуе кемесінің ұшуы - әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;

12) кабина экипажының мүшесi - қауіпсіздік мүддесіне орай авиакомпания немесе әуе кемесінің командирі оған тапсыратын міндеттерді орындайтын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын экипаж мүшелері;

13) әуе кемесінің экипажы – әуе кемесін ұшу және техникалық пайдалану бойынша, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұшуға арналған тапсырманы орындау кезінде ондағы жолаушыларға қызмет көрсету бойынша белгіленген міндеттерді белгіленген тәртіпте орындау жүктелген ұшу және кабина экипаждарынан құралады;

14) борттық дәрі қобдишасы (бұдан әрі - БД) - алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық дәрі-дәрмектердің, бұйымдардың, таңу материалдарының, құралдары мен аспаптарының жинағы;

15) алғашқы көмек жиынтығы «first aid kit» (бұдан әрі - АКЖ) – ӘК бортында алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың және дәрі-дәрмектердің жиынтығы;

16) медициналық көмек жиынтығы «medical kit» (бұдан әрі - МК) – ӘК бортында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың жиынтығы;

17) әмбебап профилактикалық жиынтығы «universal precaution kit» (бұдан әрі - ӘПЖ) – ӘК бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және халықаралық маңызы бар этиологиясы анық емес аурулармен ауруларға күдікті науқас адам (мәйіт) анықталған жағдайларда бастапқы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың жиынтығы;

18) ұшуға арналған тапсырма – экипаж мүшелері туралы қажетті мәліметтерден тұратын және ұшудың мақсатын айқындайтын АК белгілеген нысандағы құжат;

19) инфекциялық және паразитарлық аурулар – жұқпалы аурулармен, карантинді жұқпалармен, контагиозды вирусты геморрагиялық безгектермен, безгекпен және халықаралық маңызы бар этиологиясы анық емес аурулармен ауыру;

20) кабина экипажы (бұдан әрі - КЭ) – қауіпсіздік мүддесіне орай пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі оларға тапсыратын міндеттерді орындайтын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын экипаж мүшелері;

21) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;

22) шұғыл медициналық көмек – уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;

23) бортсерік – ҚР азаматтық авиациясы бортсерігінің қолданыстағы куәлігі, «ҚР азаматтық авиациясының бортсерігі» біліктілігі бар және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ӘК кабиналық жабдығын пайдалану және ӘК бортында сервистік рәсімдерді орындау үшін ұшуға тағайындалған авиациялық персонал тұлғасы;

24) әуе кемесінің экипажы - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұшуды орындау бойынша әуе кемесін басқару және оған қызмет көрсету жөнiндегі белгiлi бiр мiндеттердi атқару тапсырылған авиация персонал;

25) пайдаланушы – меншік құқығында, жалдау шарттарында немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесі бар, аталған ӘК-ні ұшу үшін пайдаланатын және пайдаланушының сертификаты (куәлігі) бар азамат немесе заңды тұлға; азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

26) деконтаминация – адам немесе жануар денесінің үстіндегі, тұтыну үшін дайындалған өнімдегі немесе өнім ішіндегі, не басқа да заттардағы, оған қоса халықтың денсаулығы үшін қауіпті тасымалдау құралдарындағы жұқпалы және уытты агенттерді жоюға арналған рәсім.

Азаматтық авиация ұйымының медициналық пунктінде медициналық көмек көрсету қағидалары
7. Азаматтық авиация ұйымының медициналық пункті (бұдан әрі - медпункт) авиажолаушылар мен азаматтық авиация ұйымының жұмыскерлеріне медициналық көмек көрсетеді.

8. Медпунктте мынадай медициналық көмек түрлері көрсетіледі:

1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

2) білікті медициналық көмек (медпункт штатында дәрігер болған кезде).

9. Медпунктте жолаушыларға амбулаториялық-емханалық көмек түріндегі медициналық көмек – азаматтық авиация ұйымының жауапкершілігі аймағында қолжетімді көрсетілетін медициналық қызметтердің және профилактикалық іс-шаралар кешенін қамтитын, тәулік бойғы медициналық бақылаусыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі.

10. Бортта науқас авиажолаушы бар екендігі туралы хабарламаны алған кезде, медпункттің медициналық жұмыскері әуе кемесіне келіп, науқасқа қажетті көмекті көрсетеді және оның одан әрі қарай ұшу мүмкіндігі туралы шешімді қабылдайды.

11. Жолаушы медициналық көмек сұраған кезде медпункттің медициналық жұмыскері:

1) зерттеу жүргізеді, алдын ала диагноз қояды және қажетті медициналық көмекті көрсетеді;

2) науқасты қысқа мерзімді бақылау қажет болған кезде, оны медпунктте қалдырады; ауру диагнозын қою қиын болған жағдайда медициналық ұйымның кеңесіне жүгінеді.

3) көрсетімдер бар болған кезде – жедел медициналық көмек бригадасын шақырады және/немесе стационарлық емдеу қажет науқастарды ауруханаға жатуға жібереді;

4) әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетімдер бар болған кезде – науқас авиажолаушыны ұшудан шеттетіп, оның ұшудан шеттетілгендігі туралы анықтама береді;

5) тасымалдау ұйымдастыру қызметінің диспетчеріне ұшудан шеттетілген авиажолаушы туралы ақпарат береді.

12. Медициналық пункттің кезекші медициналық жұмыскері денсаулық жағдайына байланысты:

1) экипаж мүшесін ұшудан шеттетуді;

2) авиажолаушыны одан әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетімдер анықталған жағдайда осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша авиациялық билетті қайтару үшін негіз болатын ұшудан шеттету анықтамасын бере отырып ұшудан шеттетуді жүзеге асырады.

13. Жолаушыларға азаматтық авиацияның әуе кемелерінде ұшуға медициналық көрсетімдер/қарсы көрсетімдер мәселелері бойынша кеңес беру осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

14. Медициналық көмек:

1) кедендік ресімдеуден өткендерге сол жерде, қажет болған жағдайда кеден жұмыскерінің рұқсатымен медпунктте;

2) визалары жоқтарға – науқас орналасқан жерде көрсетіледі.

15. Азаматтық авиация ұйымының жауапкершілік аумағындағы авиациялық оқиға кезіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарына медпункттің міндеттеріне қатысты бөлігінде қатысу азаматтық авиация ұйымының жауапкершілігі аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу туралы ережеге және медициналық персоналдың іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-қимылы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсету мақсатында осы Ержелерге 7-қосымшаға сәйкес зардап шеккендерді анықтау карточкасы пайдаланылады.

Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету қағидасы
16. Рейс кезінде ӘК бортында алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек, ал әуе кемесінің бортында медициналық қызметкер болған жайдайда, медициналық көмек көрсетіледі.

17. Әуе кемесі бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және маңызды халықаралық мәні бар этиологиясы айқын емес ауруларға күдік тудыратын науқас адам (мәйіт) анықталған жағдайларда алғашқы іс-шаралар жүргізіледі.

18. Емдік дәрі-дәрмектер қолданылатын (шұғыл және/немесе жедел түрдегі) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті медициналық білімі және тиісті дайындығы бар адам көрсетеді.

19. Пайдаланушы әуе кемесінде медициналық көмек көрсету үшін жиынтықтардың және дефрибиллятордың мына түрлерінің болуын қамтамасыз етеді:

1) Алғашқы көмек жиынтық/жиынтықтар;

2) Медициналық жиынтық/жиынтықтар;

3) Әмбебап профилактикалық жиынтық/жиынтықтар;

4) Автоматтық сыртқы дефрибиллятор.

Жоғарыда көрсетілген жиынтықтардың саны, құрамы, орналасуы және дефрибиллятордың саны осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес реттеледі.

Борттық жиынтықтарды жарақтау, оны сақтау және оның құрамындағы медициналық және өзге де басқа заттарды жою нұсқаулығы осы Ережелерге


4-қосымшаға сәйкес реттеледі.

20. Рейсте алғашқы көмек көрсету үшін алғашқы көмек жиынтығы қолданылады.

21. Алғашқы көмек көрсету нұсқаулығына сәйкес АКЖ-ны экипаждың кез келген мүшесі қолдануға құқылы.

22. Дәрігерге дейінгі көмекті арнайы дайындықтан өткен бротсерік көрсетеді.

23. Кабиналық экипаж болуы көзделмеген әуе кемесінде алғашқы көмекті тиісті нұсқамадан өткен екінші ұшқыш көрсетеді.

24. Бортсерік жолаушыға емдік дәрі-дәрмек өз бетінше бермейді/тағайындамайды.

Егер жолаушы рейсте емдік дәрі-дәрмек сұраса, бортсерік жолаушыға АКЖ-да бар дәрі-дәрмектерді ұсынады.

25. Рейсте жолаушының денсаулығы оның санитариялық көлігі бар медициналық жұмыскермен кездесуді талап ететін күйде болған кезде, КЭАБ ол туралы ӘКК-ге келу әуежайына ақпарат жіберу үшін хабарлайды.

26. Егер алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жолаушының жай-күйі жақсармай, жолаушының өміріне қауіп төндіретін белгілер пайда болса, онда КЭАБ науқастың жағдайы нашарлап кеткендігі туралы ӘКК-ге хабарлайды.

27. ӘКК ұшуды жалғастыру авиажолаушының денсаулық жағдайына қауіпсіз емес деп санаса, онда ол амалсыздан қонуға құқылы.

28. Жолаушыға медициналық тиімді көмек көрсетуге кабиналық және ұшу құрамы осы Ержелерге 8-қоасымшаға сәйкес әсер ету алгоритмін қоладанды.

29. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен емдік дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

30. Медициналық білімі бар жолаушыны медициналық көмек көрсетуге тарту үшін дауыс зорайтқыш байланысты пайдалану керек.

31. Рейсте алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету үшін МК пайдаланылады, бұл жиынтықтың ішіндегісі жеткіліксіз болған жағдайда АКЖ пайдаланылады.

32. Рейсте кенеттен қатты ауыру, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде жедел және/немесе шұғыл түрдегі алғашқы медициналық-санитариялық көмекті медициналық білімі мен тиісті дайындығы бар авиажолаушы көрсетеді.

33. КЭ мүшесі, қажет болған жағдайда, медициналық білімі бар жолаушының нұсқауы бойынша әрекет етеді.

34. Осы Ережелерге 5-қосымшаға сәйкес ӘК бортында көмек көрсету бланкі көмек көрсетіліп болғаннан кейін ресімделеді.

35. МК қолданылған кезде КЭАБ дәрігерге ӘК бортында көмек көрсету бланкін толтыруға береді.

36. ӘК бортында көмек көрсету бланкі барлық БД-да сақталады, бланкілердің саны БД жүкқұжатында көрсетілген.

ӘК бортында көмек көрсету бланкісінің көшірмесі одан әрі қарай АК-ның медициналық қызметіне немесе АК-ның дәрігеріне есепке алу үшін беріледі.

37. ӘК бортында көмек көрсету бланкі көмек көрсетіліп болғаннан кейін ресімделеді. Жазу анық жазылады және барлық бағандар толтырылады.

38. ӘК бортында көмек көрсету бланкі екі дана етіп жасалады. Түпнұсқасы науқасқа беріледі, көшірмесі «Ұшуға арналған тапсырмаға» тіркеліп, ұшып келгеннен кейін КЭАБ оны АК-ның бортсеріктер қызметіне қайтарады.

39. МК қолданылған кезде КЭАБ дәрігерге ӘК бортында көмек көрсету бланкін толтыруға береді.

40. Егер жолаушыларда немесе экипаж мүшелерінде инфекциялық және паразитрлық аурулардың белгісі болса, олар әуе кемесі бортына жіберілмейді.

Бортсеріктер мен ұшқыштар экипажының мүшелері жұқпалы аурулардың белгілерін біледі.

41. Рейсте жұқпалы аурудың белгісі бар науқас анықталған жағдайда кабиналық және ұшу экипажы осы ережелерге 10-қосымшаға сәйкес тиісті нұсқаулық бойынша әрекет етеді.

42. Зарарлы аудандары бар елдерге ұшуларды орындайтын ӘК қорғану киімдерімен, қажетті медициналық жабдықпен, медік және профилактикалық дәрі-дәрмектермендезинфекциялайтын, дезинсекциялайтын құралдармен және ратицидтермен жарақталады.

43. ӘКК ұшу кезінде ӘК бортында жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті төтенше шараларды қолдану туралы шешім қабылдай алады.

44. Егер жерден медициналық қолдау болса немесе ӘК бортында медициналық маман болса, онда экипаж мүшелері, қажет болған жағдайда, осы мамандардың медициналық ұсыныстарын орындайды.

45. Рейсте эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды жүргізу үшін ӘПЖ қолданылады.

46. ӘПЖ-ны экипаждық кез келген мүшесі пайдалана алады, осы Ережелерге 9-қосымшаға сәйкес нұсқаулыққа сәйкес ӘПЖ-ны толықтырып отыру керек.

47. Рейсте эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды жүргізетін экипаж мүшелері рейс кезінде ӘК бортында жұқпалы ауруы бар науқас анықталған жағдайдағы экипаж мүшелерінің іс-қимылы бойынша нұсқаулықты, ӘПЖ-ны пайдалану бойынша нұсқаулықты пайдаланады және осы құжаттардың орындалуын қадағалайды.

48. Жердегі медициналық қолдау қызметі немесе келген елдің денсаулық сақтау органдары науқас жолаушымен бір қатарда, сондай-ақ оның алдындағы екі қатарда және оның артындағы екі қатарда отырған барлық жолаушыларға осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес «Жолаушының орналасқан орны туралы ақпарат картасын» толтырады.

Оқиғаны ӘКК «Әуе кемесінің бас мағлұмдамасының Медициналық-санитариялық бөліміне» жазады.

49. КЭАБ медициналық қызметке немесе АК дәрігеріне қызметтік жазба жазу арқылы ӘПЖ-ны әрбір қолдану жағдайы туралы хабарлайды.

____________________



Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына

1-қосымша


Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде пациенттерді/авиажолаушыларды тасымалдауға медициналық көрсетімдер/қарсы көрсетімдер

Диагноздар

Авиациялық медицинада тәжірибесі бар дәрігердің бағалауы

Жарамды

Түсіндірме




Жүрек - қан тамырлары жүйесінің бұзылуы




Жүрек қыспасы

Тұрақсыз жүрек қыспас немесе жүктемесі төмен стенокардия

Емдік дәрілермен бақыланады. Тыныштық күйде білінбейді







Миокард инфаркты

Соңғы 10 күн ішінде болған немесе жоғары тәуекелмен (ФВ <40%, жүрек жеткіліксіздігі, бұдан әрі тексерудің қажеттілігі, реваскуляризация немесе емдеуге арналған қосымша құрылғы

асқынып кетпесе ≥10 күн және одан астам







Жүрек жеткіліксіздігі

Жіті жүрек жеткіліксіздігі немесе бақыланбайтын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Егер жүрек жеткіліксіздігі бақыланатын болса және жағдайы қалыпты болса

Егер біреу 50 метр жүре алатын болса немесе қалыпты қарқынмен сатымен жоғары демікпестен көтерілетін болса, сәйкес бақылау. Олай болмаған жағдайда ұшу уақытында оттегі қажет.




Өкпе ісігі

Рұқсат етілмеген

Рұқсат етілген өкпе ісігі немесе кез келген қоздыратын фактор

Миокард инфаркты кезінде тактика сақтау талап етілуі мүмкін




Туа біткен жүрек кемістігі

Барлық жағдайлар

Ұшу кезінде барлық жағдайларда оттегі қажет




Жүрекке жасалған оталар

Жүрекке ота 9 күн және ҚТАТ және жүрек құлақшасына хириугиялық араласу кезінде үшін одан аз күн. ЖААК, ЖҚАК, трансплантация бойынша жақында жасалған оталар және басқалары

10 күн және одан артық

ЖААК – жүрекше алды аралығындағы кемістік

ЖҚАК – жүрек қарынша аралығындағыкемістік



ҚТАТ – қолқа-тәж артериясын тамырластыру




Ангиография/коронарография

24 сағат және одан аз

Жағдайы қалыпты болса, 24 сағат және одан артық







Стенталы және стентасыз ангиопластика

2 күн және одан аз

Симптомсыз болса, онда 3 күн және одан артық







Пейсмекер немесе дефибриллятор имплантациясы

Пневмоторакс болмаса және жүрек соғысы қалыпты болса, онда 2 күн және одан артық










Радиожиілікті абляция

2 күн және одан артық

Пациент апта бойы ұшады және терең күретамырларда қанның ұю қаупі жоғары







Аяқ көктамырларының тереңде ұйып қалуы

Егер ағымы белсенді болса

Симптомсыз өтіп жатырса

Ішетін антикоагулянттармен жағдайы тұрақты




Өкпе эмболиясы

Егер жағдай 4 және одан да аз күн ішінде болған болса

Егер антикоагуляция тұрақты болса, 5 және одан да артық күн, PAO 2 бөлме жағдайларында қалыпты

Ха факторының жаңа тура ингибиторымен жарамды бола алады




Қантүзілімінің бұзылуы




Анемия

Созылмалы аурулар болмаса, гемоглобиннің деңгейі 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) аз

Гемоглобиннің деңгейі 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) артық

Егер жіті анемия болса, гемоглобиннің деңгейін соңғы тоқтатылған қан жоғалтудан кейін 24 сағаттан артық бағалау керек




Орақ-жасушалы анемия (Sickle cell disease)

Орақ-жасушалы анемия эритроциттерініңалдыңғы 9 күндегі өнімділігі

10 және одан да артық күн

Әрдайым оттегімен қолдап отыру керек




Тыныс алу жүйесінің аурулары




Пневмоторакс (үшкір қарудан болған жараға байланысты өкпе айналасындағы ауа немесе күтпеген пневмоторакс)

Толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 6 және одан да аз күн. Жағдайы адекватты болса, онда жарамды, «Heimlich» үлгісінің дренажымен ерте тасымалдау және дәрігердің немесе мейіргердің еріп жүруі


Толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 7 және одан да артық күн. Жарақат пневмоторакста толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 14 күн




Кеуде қуысына хирургиялық араласулар

10 және одан да аз күн

Асқынбай қалпына келген жағдайда 11 және одан артық күн

мысалы, лобэктомия, плеврэктомия, ашық өкпе биопсиясы




Пневмония

Симптомдары бар

Толық рұқсат берілген немесе егер рентгендік белгілер өтпесе, симптомдар болмаса




Туберкулез

Емделмеген немесе емдеудің алғашқы 2 аптасы

Екі апта тиісті ем алғаннан кейін және симптомдарсыз




ХОБЛ, эмфизема, фибриозы фиброзы, өкпеқап сарысуы (өкпе қуысындағы сұйықтық) және гемоторакс (өкпе қуысындағы қан) және т.б.

Жерде оттегі қажет.

PO2 < 50mmHg.



Соңғы асқыну қайтарылмаған кезде

Жаттығуларға (жаяу) шыдамды >50 метрді демікпестен жүріп өту және жалпы жай-күйі адекватты. Жақында асқыну болған болса, онда толық қалпына келу. Қазіргі уақытта инфекция жоқ.




Іріңді фиброз

Жерде 1 минутта < 50% ауа үрлеу

Қазіргі уақытта инфекция жоқ.




Астма

Қазіргі уақытта ауруға тән белгілер мен инфекция жоқ.




Обыр

Белсенді емделуден кейін (радио және химия). өкпеқап сарысуы. Жерде демігу

Белгілері жоқ. Үлкен гемоптаз – қарсы көрсетім болып табылады




Бронхоэктаз

Жерде гипоксемияның болуы

Қазіргі уақытта инфекция жоқ




Жүйке бұлшық еттерінің ауруы

Өкпеден тыс күшті шектеулер. Үй жағдайындағы желдету қажет




Артериа-веналық өкпе мальформациясы

Егер ауыр гипоксемия болса (Жердегі оттегі сатурациясы < 80%)




Орталық нерв жүйесінің аурулары




Транзиторлық ишемиялық шабуыл

2 және одан да аз күн

2 күннен кейін өзінің бақылауынан кейін




Инсульт

4 және одан да аз күн

Жағдайы қалыпты болса, 5-14 күн немесе жазылып келе жатса, орта медициналық персоналдың еріп жүруімен. Жолаушы инсульт алғаннан кейін алғашқы екі аптада оттегінің сүйемелдеуімен сапарға шығады.

Если восстановле-ние без осложнений, сопровожде-ние среднего медицинского персонала не требуется.




Үлкен талма (Grand Mal)

24 және одан да аз сағат

Жалпы жай-күйі жақсы бақыланса, онда 24 және одан да артық сағат




Внутричерепные вмешательства

9 дней и менее

10 дней и более, адекватное общее состояние




Асқазан-ішек аурулары




Асқазан-ішек жолынан қан кету

Қан кеткеннен кейін 24 және одан да аз сағат

10 және одан да артық күн

Эндоскопиялық немесе басқа да әдістермен қанның тоқтағандығы анықталса, онда 1-9 күннен кейін рұқсат етуге болады (мысалы, гемоглобиннің деңгейі көтерілсе және қан кету тоқтаса)




Құрсақ қуысына үлкен хирургиялық араласулар

9 және одан да аз күн

Асқынусыз қалпына келсе, онда 10 және одан да артық күн

мысалы, ішектердің резекциясы, оашық гистерэкто-мия, бүйректерге араласулар және т.б.




Аппендэктомия

4 және одан да аз күн

Асқынусыз қалпына келсе, онда 5 және одан да артық күн




Лапароскопиялық хирургия (Keyhole)

4 және одан да аз күн

Асқынусыз қалпына келсе, онда 5 және одан да артық күн

мысалы, холецистэкто-мия (өт қабын алып тастау), жатыр түтігіне араласу




Диагностикалық лапароскопия

24 және одан да аз күн

Егер газ тараса, онда 24 және одан да артық сағат




ЛОР аурулары




Ортаңғы құлақтың қабынуы және синуситтер

Жіті ауру және Евстахиев түтігінің функциясынан айырылу

Құлағын тазартатын халде болса




Ортаңғы құлаққа хирургиялық араласулар

9 және одан да аз күн

ЛОР мүшелеріне жүргізілген ем туралы медициналық қорытындымен 10 және одан да артық күн

Мысалы, стапедэктомия




Тонзилэктомия

10 және одан да аз күн

3 және 6 күндер арасында ұшуға болады, 1 және 2, 7-10 күндер аралығында қан кету қаупі бар.




Төменгі жақ сүйектерді сыммен бекіту

Еріп жүретін адамсыз

Еріп жүретін адаммен (+ кескіштер) немесе сымды өзі алып тастау




Психиатриялық аурулар




Жіті психоз

30 күн ішіндегі эпизодтар (мысалы, шизофрения немесе дәрілік заттардан болған мания)

Это по соображениям безопасности




Психикалық созылмалы бұзылулар

Ұшу кезінде нашарлап кету тәуекелі болса

Егер дәрлермен бақыланатын және жағдайы қалыпты болса (мысалы, қоғамда өмір сүру және өзінің барлық мұқтаждықтарын орындай алса, оның дәрілерді іше алса)




Көз аурулары




Көздің ойық жарасы

6 және одан да аз күн

7 және одан да артық күн

Көз алмасында газ болмау




Көз ішіне араласулар

6 және одан да аз күн

7 және одан да артық күн

SF6 инъекциясы үшін кемінде 2 апта және C3F8 инъекциясы үшін кемінде 6 апта;




Шелді алып тастауға қатысты хирургиялық араласулар

24 және одан да аз сағат

24 және одан да артық сағат




Көздің мүйізгек қабығына лазерлік хирургия

24 және одан да аз сағат

24 және одан да артық сағат




Жүктілік




Бір нәрестеге жүктілік, бірақ асқынбаған

туу күн шамамен есептегенде 36 аптаның соңына дейін – (EDD)







Көп нәрестеге жүктілік, бірақ асқанбаған

туу күн шамамен есептегенде 32 аптаның соңына дейін – (EDD







Күрделі жүктілік

Дәрігердің рұқсаты бойынша жеке негіздерде




Түсік тастау

(түсік тастау қаупі немесе толық түсік тастау)



Қарқынды қан кету

Жағдайы қалыпты болғаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы қан кету мен ауырудың болмауы




Жаңа туған нәрестелер

Жаңа туылу

48 сағаттан кем сағатқа инкубатор астында +/-ажелдету жағдайлары

Дені сау балалар 7 күн ішінде 48 сағатқа саяхатқа шыға алады, бірақ 7 күн бойы ғана



Жарақат

Толық гипстеу (ұзақтығы 2 сағаттан артық)



Гипсті таңғыш жармалы лонгета болмаса, онда жарақат алғаннан кейін кемінде 48 сағаттан соң


48 және одан да артық сағат

Сан/жамбас индексі үшін анемия ережелерін сақтау, мысалы гемоглобин 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л)

Күйік

Егер осы уақытқа дейін есеңгіреп тұрса немесе инфекция кең таралған болса

Егер жалпы жағдайы тұрақты және басқа да қатынастарға жайлы болса

Желдету

Аурудың қауіпті жағдайы, авиакомпания дәрігерімен егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін қолайлы болуы мүмкін

Тек қана ауаны желдету арқылы ұзақ мерзімді тұрақты жағдай

Әр түрлі аурулар

Берілетін жұқпалы аурулар

Аурудың жұқпалы сатысында

Омыртқаға араласу

Араласудан кейін 7 күн ішінде


7 күннен кейін

Жолаушылар ұшу және қону аралығында тіке отыра алады, ұшуға байланысты күтпеген жерден болатын турбуленттілік пен дірілге шыдайды төтенше жағдайлардағы құтқару жилетін киюдің алдын алатын Halo жақшасы сияқты жақшалар

Терминалдық сатыдағы аурулар (егер ұшу болжам қолайсыз болса)

Жеке бағалау

Декомпрессия ауруы

Емделмеген немесе белгілері бар

кессон ауруын емдеуден кейін 3 күн немесе неврологиялық белгілерді емдеуден кейін 7 күн

Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына

2-қосымша

Нысан




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет