Премьер-Министру



жүктеу 188.27 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі188.27 Kb.


Қазақстан РеспубликасыИнвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілді

«___» ________ 2018 жыл



№ ______


Жер қойнауын геологиялық зерттеу жобалау құжаттарын жасау жөніндегі Нұсқаулық

1 бөлім . Жалпы ережелер





  1. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жобалау құжаттарын дайындау жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсанындағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленіп, жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстарын орындайтын жер қойнауын пайдаланушыларға арналған.

Геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық құжаттар:

  1. Геологиялық зерттеу жоспары (бұдан әрі – жоспар);

  2. Жерасты суларын іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы (бұдан әрі – жоба).

  1. Геологиялық зерттеу жоспары геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстарын жүргізу үшін әзірленеді.

Жерасты суларын іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы кен орнын және жерасты суларының телімін іздеу мен бағалау үшін әзірленеді.

  1. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жобалық құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

  2. Жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарында геологиялық зерттеу жұмыстарының құрамын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, оларды жүзеге асыру көлемі мен мерзімін осы Нұсқаулыққа сәйкес өздігінен анықтайды.

  3. Геологиялық зерттеу жұмыстарының түрлері, әдістері, немесе жоспарланған жұмыстар тәсілдері мен көлемі өзгерген кезде, жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер еңгізіп, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

  4. Егер осы өзгерiстер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi талап етсе, өзгертiлген жобалау құжаттары мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi органына ұсынылады.


  1. бөлім . Геологиялық зерттеу жоспарын жасау

6. Геологиялық зерттеу жоспарында геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстарынның құрамы, түрлері, әдіс-тәсілдері, осы жұмыстарды жүргізу көлемі, аумағы, мерзімі үшжылдық кезеңде сипатталады.





  1. Геологиялық зерттеу жоспары жобалық құжаттардан және сметадан құралады. Жоба атауы геологиялық тапсырмасына тағайындалады және геологиялық барлау объектісінің атауын көрсетеді.

  2. Геологиялық тапсырмада берілген жер қойнауын пайдаланудағы әрбір объект үшiн, зерттеу кешеніне енетін геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстардың барлық қажетті түрлері мен тиiстi жұмыстарының бiрыңғай жобалау құжаттамасы әзiрленедi. Келісімшарт бойынша мердігер ұйымдардың бірлескен орындаушылары белгілі бір тапсырмаларды немесе жұмыстарды орындаса, жобаның өндірістік және техникалық (есептік) бөлігінде негізделген сметалық құны, объектіге арналған жалпы сметада, мердігерлік жұмыстар ретінде көрсетіледі.

  3. Геологиялық зерттеу жоспары келесі бөлімдерден тұрады:

  1. кіріспе;

  2. жер қойнауын пайдалану объектісі туралы жалпы ақпарат;

  3. ауданның физикалық-географиялық жұмыстар сипаттамасы;

  4. геологиялық тапсырма;

  5. алдыңғы зерттеулерді қарау, талдау және бағалау;

  6. геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстар кешенінің гидрогеологиялық (гидрологиялық) және геохимиялық зерттеулері;

  7. геологиялық зерттеудің құрамы, түрлері, әдіс- тәсілдері;

  8. бұрғылау жұмыстары;

  9. өндірістік-техникалық (есептік) бөлігі;

  10. камералды жұмыстар;

  11. еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы;

  12. қоршаған ортаны қорғау;

  13. Жұмыстардың болжалды нәтижелері;

  14. қорытынды;

  15. қолданылған дереккөздер тізімі;

  16. сметалық бөлігі.

  1. «Кіріспе» бөлімінде:

  1. лицензия берілген тұлға туралы, тұлғаға арналған лицензия түрі (нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі);

  2. Геологиялық зерттеудің мақсаты;

  3. геологиялық зерттеудің ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін, көмірсутегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбалардың сапасына қойылатын талаптарды негіздеу;

  4. қолданыстағы кен орындар, және олардың жетіспеушілігінің себептері;

  5. жұмысты негіздеу (өтінім құжаттарының болуы);

  6. жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімдері көрсетіледі.

  1. «Жер қойнауын пайдалану объектісі туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:

1) объекті ауданының географиялық-экономикалық сипаттамасы (географикалық орны, көлік инфрақұрылымының болуы және жұмысты ұйымдастыру мен құнына ықпал ететін басқа да ақпараттар;

2)ауданның геологиялық және инженерлі-геологиялық жұмыстар ерекшелігі;

3) ауданның геологиялық-экологиялық жұмыстар ерекшелігі көрсетіледі.


  1. «Ауданның физикалық-географиялық жұмыстар сипаттамасы» бөлімінде ауданның географиялық (әкімшілік) орны көрсетіледі (геологиялық мәселелер шешілетін аумақтар шегінде). Рельеф сипаттамасы, абсолюттік белгілері мен салыстырмалы артықшылықтары, климаттық ерекшеліктері, елді мекен мен халықтың жиілігі, көлік желісінің дамуы және қатынас жолдары сипатталады. Жергілікті жердің өтімділігі мен еңбек сыйымдылығына әсер ететін елді мекен рельефінің ерекшеліктері жан-жақты баяндалып, төмендегідей мәлеметтер енгізіледі:

1) объектідегі алдыңғы геологиялық зерттеулерге қысқаша шолу, талдау және бағалау;

2) объект аумағын зерттеу картограммасы;

3) ары қарай жұмыс бағыты бойынша алдыңғы геологиялық зерттеулер ұсыныстары (хронологиялық ретімен);

4) пайдалы қазбалар объектісінің стратиграфия, литология, тектоника, магматизм бойынша қысқаша мәліметтері;

5) тиісті категория бойынша пайдалы қазбалардың болжамдық ресурстары мен қоры;

6) әдістер кешеніне әсер ететін мәліметтер.



  1. «Геологиялық тапсырма» бөлімінде геологиялық барлау жұмыстары көрсетіліп, төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:

  1. Жұмыстар мақсаты, аумақ телімінің шекарасы мен негізгі бағалау парметрлері;

  2. Геологиялық міндеттері, оларды шешу жолындағы негізгі әдістер;

  3. Күтілетін нәтижелері мен жұмыс орындау мерзімі (есеп беру құжаттарының формасы мен инстанциясы көрсетілуі тиіс);

  4. жобаланған және ілеспе жұмыстар мен шығындардың геологиялық тапсырма бойынша сипаттамасы (пайдалы қазбаларды жалпы іздестіру).

Геологиялық зерттеу жұмыстары құжатталады және есепке алынады.

  1. «Алдыңғы зерттеулерді қарау, талдау және бағалау» бөлімінде, жобаланатын түрлердің жасалуын және жұмыс көлемін негіздеу мақсатында, объектінің (геологиялық түсіру, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геологиялық-экологиялық) зерттеу дәрежесі қысқаша сипатталады:

  1. Жоспарланған жұмыстарды негіздеуге байланысты бұрын орындалған геологиялық түсіру жұмыстарын (негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері) қысқаша сараптамалық шолу.

  2. Ары қарай жұмыс бағыты бойынша алдыңғы геологиялық зерттеулер ұсыныстары, сонымен қатар объекті зерттеу дәрежесіне байланысты тиісті категория бойынша пайдалы қазбалардың болжамдық ресурстары мен қоры.

  3. Зерттелген объектілердің контурларын нөмірлеу арқылы көрсету сұлбасы.

  4. жұмыс объектісінің қолжетімділігі туралы топографиялық карталар, аэрофото және спутниктік бейнелер бойынша олардың шкала ашу масштабы мен дәрежесі туралы ақпарат.

14. «Геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстар кешенінің гидрогеологиялық (гидрологиялық) және геохимиялық зерттеулері» бөлімінде, жұмыстарды сипаттаған кезде, жобаланған жұмыстардың бағыты мен әдістемесін негіздеу үшін қажетті мөлшерде сипаттау, стратиграфия, тектоника, металогения, аудан пайдалы қазбаларының алдыңғы зерттеу нәтижелерінің мәліметтерін сипаттау (таужыныстарының толық сипатынсыз), зерттеу әдісін негіздеу үшін атқарылған жұмыстар кешенінің мәлеметтері көрсетіледі;

Алдыңғы зерттеулер материалдарына ұсынылған жобаланған жұмыстар ауданының геологиялық сипаттамаларына, жобаланған жұмыстар масштабындағы немесе оған сыбайлас масштабты геологиялық картасын ұсыну қажет.

Географиялық карта толық стратиграфиялық бағанасының геологиялық қимасымен қоса беріледі. Егер ауданның жобаланған жұмыстарының стратиграфия, магматизм (вулканизм), тектоника, метаморфизм, металогения сызбасының авторлары әр түрлі және бірдей емес болған жағдайда, барлық сызбаларды салыстыру (корреляциялау) қажет.

Пайдалы қазбалар картасының негізі ретінде толық геологиялық жүктемесі бар геологиялық карта қолданылады. Пайдалы қазбалар картасы жоспарға сәйкес геологиялық карта масштабы бойынша жинақталады.

Геофизикалық зерттеулер кешенінде геофизикалық әдістер көмегімен анықталатын геологиялық міндеттері, осы әдістер мен жұмыс түрлерінің ұтымды кешеніне негізделген.

Геофизикалық жұмыстар кешенінде жеке әдістермен шешілетін геологиялық тапсырмалар анықталады. Тиісті аспаптар мен жабдықтарды таңдау негізделген. Қалыптасқан жағдайлардан ауытқуларды ескере отырып, қиындық санаттарына, өндіріс көлігінің түрі мен коэффициенттеріне негізделген. Негізгі және қосалқы жұмыстар көлемі (сейсмикалық барлау, сейсмикалық ұңғымаларды бұрғылау, жарылғыш және топографиялық-геодезиялық жұмыстар) көрсетіледі.

«Геологиялық зерттеудің құрамы, түрлері, әдіс- тәсілдері» бөлімі:


  1. Геологиялық міндеттер мен оларды шешу жолдарынан;

  2. Геологиялық барлау жұмыстарының түрлері, шамалы көлемі, әдістері мен мерзімінен;

  3. Геохимиялық зерттеу түрлері, шамалы көлемі, әдістері, мерзімінен;

  4. Геологиялық зерттеу түрлері, шамалы көлемі, әдістері ,мерзімінен;

  5. Зертханалық зерттеу жұмыстарының түрлері, шамалы көлемі, әдістер,і мерзімінен;

  6. Технологиялық зерттеу түрлері, шамалы көлемі, әдістері , мерзімінен;

  7. 7) геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарының түрлерi, көлемi мен мерзiмдерi: координат торын сызу, координаттық сызықтарды, олардың қиылысуын, телімдердің шекараларын нақтылау;;

  8. Жоспарланған жұмыстарды негіздейтін графикалық материалдар;

  9. жобалау және дайындық жұмыстары туралы мәліметтер;

10) геологиялық зерттеу және (немесе) геофизикалық жұмыстар (стратиграфия, литология, магматизм, тектоника мәселелерін түсіндіруді қоса алғанда) сипатталады.

Құрамы, түрлерi, жұмыс iстеу әдiстерi мен әдiстемесiнен жоспарланған жұмыстың жиынтық тiзiмi жасалады.



  1. «Бұрғылау жұмыстары» бөлімінде жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық зерттеу теліміндегі бұрғылау жұмыстарын жүргізу геофизикалық зерттеулерге ғана байланысты көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы геологиялық барлау телімінде параметрлік ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асырады.

Геологиялық ақпараттың нақты геологиялық міндеттері мен талаптары негізінде ұңғымалардың орналасқан жері, олардың тереңдігі, жынысөзекті іріктеу интервалы, интервалдар бойынша жынысөзектің ең аз рұқсат етілген шығу пайызы анықталады.

Исходя из горно-геологических условий бурения и параметров скважин, выбираются виды и способы бурения, типы буровых станков, обосновываются конструкции скважин и технология бурения, составляются геолого-технические разрезы скважин.

Бұрғылаудың таулы-геологиялық жағдайлары мен ұңғымалардың параметрлері негізінде, бұрғылаудың түрлері мен әдістері таңдалып, бұрғылау қондырғыларының түрлері, ұңғымалар мен бұрғылау технологиясы негізделіп, ұңғымалардың геологиялық және техникалық бөлімдері құрастырылады.

Бұрғылау көлемі ұңғымалардың орналасуы бойынша (картографиялық, құрылымдық, құрылымдық-параметрлік, іздестіру-картографиялық, барлау), ұңғымалардың түрлері бойынша (тік, бағыттық), бұрғылау әдістерімен (бағаналы, иірлік және т.с.с), электр қуатын алу тәсілі бойынша (электр станциясынан, жеке меншіктегі стационарлы электр станциясынан, жеке жылжымалы электр станциясынан) есептелінеді.

Бұрғылау көлемі ұңғымалар топтары арасында тереңдік, бұрғылау қондырғысының қозғалтқышының түрі бойынша (электр қозғалтқышынан немесе ішкі жану қозғалтқышынан) орташа диаметрі бойынша, тау жынысы категориясы бойынша бөлінеді.



  1. «Өндірістік-техникалық (есептік) бөлігі» бөлімі:

  1. уақыт шығындарын есептеу;

  2. жобаның әдістемелік бөлігінде анықталатын геологиялық-барлау және геологиялық барлаудың барлық түрлеріне арналған шығындары орындаушылар құрамы;

  3. өндірістің және тұрмыстық уақытша құрылысының көлемі негізделіп, қажетті материалдардың саны есептелінеді;

4) жүктерді және қызметкерлерді тасымалдау схемасы жасалынып, көліктің түрлеріне қажетті жүктер саны мен далалық маусым кезіндегі қызметкерлерді тасымалдау үшін уақытша шығындар есептелінеді.

  1. Басқа жұмыстарға байланысты жұмсалған шығындар (өндіріс іс-сапарлар, далалық алымдар) негізделеді.

  1. «Камералды жұмыстар» бөлімінде геологиялық тапсырмаға сәйкес алынған нәтижелерді көрсететін материалдардың жұмысы жасалуы керек. Өнеркәсіптік материалдарды өңдеу, түсіндіру және жүйелеудің ең үнемді әдісі анықталады.

Аралық камералдық өңдеу шығындары бөлек (шифр ашу, өңдеу, байланыстыру, далалық, зертхана, қордағы және жарияланған материалдарды жинақтау,сондай-ақ геофизикалық, геохимиялық, геологиялық барлау және пайдалану, топо-геодезиялық жұмыстар, болжау мен болжаулық ресурстарын бағалау) және түпкілікті камералдық өңдеу (міндетті геологиялық карталарды түпкілікті жасау, есеп беру, графика құрыстыру) есептелінеді.

Ақпараттық банктерді құру, компьютерлік жүйе ақпараттарын жинау, сақтау, өңдеу және материалдарды интерпретациялау, көлемді үлгілеу, карталарды цифрлау үшін қосымша шығындар қарастырылған. Осы жұмыстардың сметалық құны қолданыстағы нормативтер мен өнеркәсіптік құжаттардың көмегімен бағалау және қаржылық есеппен анықталады.




  1. «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» бөлімінде:

  1. жұмыс орнының ерекшеліктері, жалпы ережелер;

  2. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде бекiтiлген қауiпсiздiк пен денсаулықты қорғау туралы нормативтiк құжаттар тізімі;

  3. техникалық қауіпсіздікке байланысты шаралар;

  4. өнеркәсiптiк санитария және өрттен қорғау жөнiндегi шаралар;

  5. санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету және өртке қарсы қауіпсіздік талаптары;

  6. жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты шаралар көрсетіледі.

18. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі:

  1. қоршаған ортаға әсер ету ықпалын бағалау;

  2. жобалық жұмыстарды орындау кезінде талап етілетін негізгі нормативтік құжаттардың (стандарттары, ережелері, нұсқаулықтары) тізімі;

  3. геологиялық барлау үдерісінде жер қойнауын кешендi және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, жер қойнауының зиянды заттар мен өндiрiс қалдықтарымен ластануын болдырмау жөнiндегi шаралар;

  4. жұмыс ауданының экологиялық және экономикалық сипаттамалары;

  5. өзге де экологиялық шаралар. Ормандарды, жануарлар дүниесін және т.с.с. қорғау, экологиялық бақылау;

  1. жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн жұмыс көлемi мен тасымалдау көлемiн, жұмыс iстеу уақытын, материалдар мен энергияны тұтынуды есептеу нәтижелері.

  2. «Жұмыстардың болжалды нәтижелері бөлімінде:

  1. орындалған жұмыс кешенінің нәтижелері;

  2. тиiстi категорияда анықталған ресурстар мен пайдалы қазбалардың қорлары;

  3. объектіде орындалған геологиялық барлау жұмыстарын қарау, талдау және бағалау;

  4. жұмысты әрі қарай бағыттау бойынша ұсыныстары көрсетіледі.

  1. «Қорытынды» бөлімінде геологиялық құрылымы зерттеу дәрежесі мен зерттелген кен орны (телімі) жағдайынының негізгі қорытындылары көрсетіледі. Категория бойынша болжалды қорлардың саны бекітуге ұсынылады.

Кен орнын дамытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.

Ауданда және кен орнында одан әрі геологиялық жұмыстарды бағыттау бойынша ұсыныстар.

21. «Қолданылған дереккөздер тізімі» бөлімінде жоспар құрастыру барысында жарияланған әдеби дереккөздері, қор және тағы басқа материалдарының авторы, баспадан шыққан уақыты, орны, баспасы көрсетіледі.

22. «Сметалық» бөлімі геологиялық барлаудың болжамды құнын анықтау үшін негіз болып табылады:

1) жобалық құжаттар;

2)қолданыстағы(әрекет етуші) заңнама;

3) қолданыстағы сметалық нормативтер (нормалары мен бағасы).

Смета жоспарда көрсетілген геологиялық барлау жұмыстарының барлық көлемі мен шығындарына сәйкес жасалады.



  1. бөлім. Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын жасау


23. Жерасты суларындағы іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы жер асты суларының іздестіру-бағалау жұмыстарының түрлері, әдіс-тәсілдері, бұрғланған ұңғылардың саны мен олардың сипаттамалары, үшжылдық кезеңініндегі жұмыс істеу мерзімі, іздеу-бағалау жұмыстарының салдарын жою және олардың құндылығын бағалау жөніндегі шаралар сипатталады.

24. Жер қойнауын зерттеуге лицензия берілгеннен кейін, жерасты суларын барлау және бағалау жұмыстары жобасында өзгерістер енгізілгеннен кейін, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі. Мұндай келісулер өзгертілген жобаны ұсынған күннен бастап, 20 жұмыс күні аралығында жүзеге асырылады.


Егер жер асты суларын іздестіру-бағалау жұмыстары жобасының өзгерістері жер қойнауын геологиялық зерттеу жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулығына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган іздестіру-бағалау жұмыстары жобасы бойынша өзгерістерін келісуге бас тартады.


Жер асты суларын іздестіру-бағалау жұмыстары жобасының өзгерістерін келісуден бас тарту, жаңаданөтініш беру құқығынан айырмайды.

  1. Жер асты суларын іздестіру-бағалау жобасы мәтіндік бөлігінен, мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшалардан, жиынтық сметасынан тұрады.

  2. Түрлері келесі бөлімдерден тұрады:

  1. кіріспе;

  2. ауданның физикалық-географиялық сипаттамалары;

  3. геологиялық тапсырма;

  4. алдыңғы зерттеулерді талдау және бағалау;

  5. ауданның геологиялық-гидрогеологиялық сипаты;

  6. гидрогеологиялқ сараптама;

  7. бұрғылау жұмыстары;

  8. геофизикалық зерттеулер;

  9. сынақтық –сүзу жұмыстары (сынақ және сынақ сорғысы);

  10. режимдік және гидрометрліқ бақылау жүргізу;

  11. топографиялық-геодезиялық жұмыстар;

  12. зертханалық зерттеулер;

  13. камералды жұмыстар;

  14. қорытынды;

  15. қолданылған дереккөздер тізімі;

  16. сметалық бөлігі.

Жерасты суларын барлау жобасы барлық қажетті ақпараттарды, міндеттерді, түрлері мен жұмыс әдістерін қамтиды.

  1. «Кіріспе» бөлімінде:

  1. Іздестіру-барлау жұмыстарының мақсаты;

  2. тапсырыс беруші;

  3. тұрмыстық, ауыз су және өнеркәсіптік-техникалық суларының ағымдағы және болашақтағы қажеттілігін негіздеу;

  4. жерасты суларының сапасына қойылатын талаптар;

  5. сумен жабдықтаудң қолданыстағы көздері және олардың жетіспеушілік себептері;

  6. жұмысты негіздеу (өтінім құжаттарының болуы);

  7. жерасты суларын барлауды жүзеге асыратын ұйым;

  8. жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімдері көрсетіледі.

  1. «Ауданның физикалық-географиялық сипаттамалары» бөлімінде барлау объектілерінің орны, рельефі, гидрографиясы, климаты, өсімдікжабыны мен жер қыртысы сипатталады.

  2. Жер үсті суларының сипаттамасы (өзендері, су қоймалары,көлдері) және олардың жерасты сулармен өзара байланыс мүмкіндіктері, сонымен қатар жер үсті суларының сапалы сипаттамалары көрсетіледі. Бөлім жұмыс аймағының контурын көрсету арқылы 1:1000000 немесе 1:1500000 масштабты шолу картасымен бірге жасалады.

  3. «Геологиялық тапсырма» бөлімі:

  1. Жұмыстың мақсаттық негізінен, аумақ телімінің шекарасынан, негізгі бағалау параметрлері мен су қажеттілігінің мөлшері көрсетіледі;

  2. Геологиялық тапсырмалар мен оларды шешу үшін негізгі әдістер жүйелілігі;

  3. атқарылған жұмыстар нәтижелері мен орындау мерзімдері.

  1. «Алдыңғы зерттеулерді талдау және бағалау» бөлімінде геологиялық – гидрогеологиялық зерттеулер, геологиялық құрылымы мен зерттеу аумағының гидрогеологиялық жағдайлары, жер асты сулары кен орындарының перспективалы сулы деңгейжиегінің (кешендер) және сулы жарықшақтық аймағының сипаттамалары беріледі. Алдыңғы кезеңдерде бағаланған жер асты суларын пайдалану қорларының кешеніне немесе сулы деңгейжиектеріне ерекше назар аударылады.

Зерттеу сипаты 1:100000-1:200000 масштабты гидрогеологиялық картасының екі немесе одан да көп, гидрогеологиялық қиығымен кескінделеді.

Осы бөлім барлау жұмыстарының ауданы мен сулы деңгейжиегінің перспективалы негізінің ақпаратын қамтиды.



  1. «Ауданның геологиялық-гидрогеологиялық сипаты» бөлімінде жұмыс учаскесін зерттеудегі геологиялық, геофизикалық , гидрогеологиялық деңгейі қарастырылады.

Бөлімде жобаланатын жұмыстарға негіз болатын жер телімінің геологиялық барлау жұмысының материалдарын жинау және қысқаша аналитикалық шолу келтіріледі.

Алдыңғы зерттеу жұмыстарына ұсыныстар, сондай-ақ учаскенің зерттеу деңгейіне байланысты тиісті категория бойынша жер асты суларының қоры мен болжалдық ресурстары көрсетіледі.

Жинақталған гидрогеологиялық және басқа материалдар жобаланатын жұмыстар түрлерінің, көлемінің негізі болып табылады.


  1. В разделе «Гидрогеологиялқ сараптама» бөлімінің мақсаты - су орталығын зерттеу, жергілікті елді мекендегі гидрогеологиялық ұңғыманы ұтымды орналастыру болып табылады. Елді мекеннің геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ұңғыманың орналасқан жері мен байланысының гидрогеологиялық бағыты үшін 1: 50000 масштабты гидрогеологиялық түсіру қолданылады. Мұндай жұмыстар алдыңғы зерттеулер процесінде учаске ауданында жүргізіледі.

Гидрогеологиялық бағытты жүргізген кезде, жерасты суларының табиғи және жасанды шығуына, судың жиналуын зерттеу мақсатында қолданыстағы су бөгеттерін зерттеуге, пайдаланылған су деңгейжиегінің статистикалық және динамикалық деңгейіне, сонымен қатар аумақтың геоморфологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жерасты тұщы суының таралу шекарасына назар аудару қажет.

  1. «Бұрғылау жұмыстары» бөлімінде учаскінің геологиялық құрылымын анықтау мақсатында су бөгеттері схемасында қолданылатын барлау және барлау-пайдалану ұңғымалары сипатталады. Су деңгейжиегі мен жерүсті сулары арасындағы байланысы, және сулы жарықшақтық аймағының, су деңгейжиегі мен кешендердің деңгей мен қысымдары анықталады.

Геологиялық-гидрогеологиялық жағдайына байланысты, бұрғылау түрлері мен тәсілдері, бұрғылау білдектерінің типтері таңдалып, бұрғылау технологиясы мен конструкциясы негізделіп, бұрғыла геологиялық-техникалық қиығы құрастырылады.

Жобаланатын ұңғымалардың саны су қажеттілігіне , оның күрделі гидрогеологиялық және гидрохимиялық жағдайына байланысты анықталады. Ұңғымалар белгілену бойынша іздестіруші, барлаушылық, қадағалаушы болып бөлінеді. Бұрғылау көлемі тереңдігіне, бұрғылаудың орташа диаметріне, тау жыныстарының категориясына, бұрғылау білдегінің жетегіне байланысты топтастырылады.

Сондай-ақ бұрғылауға қосалқы жұмыстар көлемдері (ұңғымаларды тарту, айдау, цементтеу, тығындау) анықталады.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізу мерзіміне сәйкес, өнімділігі мен операциялық бұрғылау қондырғыларының саны мен бұрғылау қондырғыларының жұмыс уақыты мен тасымалдау саны қысқы жағдайды қоса алғанда көрсетіледі.


31. «Геофизикалық зерттеу» бөлімінің мақсаты литологиялық-стратиграфиялық қима қиығы ұңғымасын қарастыру. Сондай-ақ су деңгейжиегінің қуатын бағалау өнімділігі, су қоймасы суларының минералдануы және су өткізетін аралықтарының резервтік қасиетін бағалау, сондай-ақ оңтайлы фильтр орнату интервалдарын анықтау болп табылады.

Жобаланатын ұңғымаларды зерттеу жұмыстары жерасты суларының типтеріне байланысты жүргізіледі. Геофизикалық зерттеу жұмыстар кешеніне гамма-каротаж, кавернометрия, электрокаротаж бен шығындарды өлшеу зерттеулері жатады. Қажет болған жағдайда таб басқа зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар жерасты суларын анықтауда аудандық геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Геофизикалық зерттеулер мамандандырылған автомобильдер базасында компьютерленген, аппаратуралық-әдістемелік кешені арқылы жүргізіледі.

32. «Сынақтық–сүзу жұмыстары бөлімінде» сынақ және сынақ сорғысы жұмыстары сынау, тәжірибелі, түбірлік және орындалады бар батырылатын сорғылармен немесе қондырғылармен жабдықталады. Ұзақтығы тәжірибелі суды гидрогеологиялық жағдайларға байланысты қабылданады: сынақ 1-2 тәулік, тәжірибелі кемінде 5 тәулік, түбірлік 10-15 тәулік аяқталғаннан кейін айдау бақылау жүргізіледі қалпына деңгейдегі жер асты суларының ішінде кемінде 1 тәулікте жүргізіледі.

Соңында тәжірибелік-сүзгілік жұмыстарды жер асты суларының сынамалары алынады судың химиялық-аналитикалық зерттеу анықтау мақсатында сапалы сипатталады. Сынамалардың саны мен түрлері талдау негізге алына отырып айқындалады .

33. "Топографиялық-геодезиялық" бөлімінде бақылау өткізу қарастырылған топогеодезиялық жұмыстарды мақсатында нақты түсіруді гидрогеологиялық ұңғымаларды және олардың жоспарлы-высотную байланыстыруға болады. Жоқ, дәл биіктік байланыстыру өте қиын және қалай жер асты суларының деңгейі немесе пьезометрическую беті арынды суларды, сондай-ақ анықтау мүмкін емес қозғалыс бағытын жер асты суларының, сондықтан жоспарлы-биіктік байланыстыру міндетті. Жоспарлы-биіктік байланыстыру барлық ұңғымалар көмегімен GPS аспаптары орындалатын болады.

"Зертханалық зерттеулер" жер асты суларының сапасы учаскесінде зерттеліп пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл үшін барлық судың сынамасы іріктеп алынған өндіріс процесінде далалық зерттеулер (зерттеу, тәжірибелік жұмыстар, режимдік бақылаулар) жіберіледі сертификатталған зертхана талдау.

34. "Камералдық жұмыстар кезінде іздестіру-бағалау жұмыстары, жерасты суларын қамтиды:

1) зерттеу, талдау және өңдеу материалдарын бұрын орындалған жұмыстар, сондай-ақ жүргізілген далалық зерттеулер, осы жобамен, ал қажет болған жағдайда жүргізіледі переинтерпретация материалдарын бұрын орындалған жұмыстар;

2) өңдеу және талдау материалдарын пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған су, орналасқан оның сыртында орналасқан ұқсас жағдайларда

3) жүйелеу аталған материалдарды дайындау мақсатында ақпараттық қамтамасыз ету - есептеу жер асты суларының пайдаланылатын қорларын;

4) есептеу жер асты суларының пайдаланылатын қорларын бағалай отырып, оларды қамтамасыз ету. Күрделі геологиялық-гидрогеологиялық жағдайларда есептеу жер асты суларының пайдаланылатын қорларын орындалуы мүмкін әдістерді қолдана отырып, математикалық модельдеу

5) құрастыру, есепті рәсімдеу және беру оның жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына.

35.«Қорытынды» бөлімінде геологиялық құрылымды зерттеу деңгейі мен негізгі нәтижелері, барланған кен орнынын гидрогеологиялық жағдайы, жерасты суларының сапасы мен пайдалану шарттары көрсетіледі.

Санитарлық зоналарын қорғауды ұйымдастыру ұсыныстары.

Жерасты сулары кен орындарында гидро-геологиялық жұмыстарды бағыттау бойынша ұсыныстар.

36.Қолданылған дереккөздер тізімі» бөлімінде жарияланған әдеби дереккөздері, қор және тағы басқа материалдарының авторы, баспадан шыққан уақыты, орны, баспасы көрсетіледі.



37. «Жобаның сметалық бөлігі» бөлімінде іздестіру-бағалау жұмыстарының жиынтық сметалық есебі жобаны дайындау барысында көрсетілген нормативтік құжаттарына сәйкес немесе жалпы жүргізілетін жұмыстардың нарықтық бағасына сәйкес көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет