Пресс- cлужба



жүктеу 27.41 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі27.41 Kb.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы халық арасында жан-жақты талқыланып, кең қолдау табуда.

Сол себептен,еліміздің бүгіні мен болашағының айқын бағыты – Президент Жолдауын насихаттау мақсатымен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өзім бастаған бетке ұстар профессорлары мен зиялы қауым өкілдерінен құралған 70 адамнан тұратын ынталы топ 15-16 наурыз күндері Ақмола облысында іс-сапармен болып қайттық.

Облысы әкімі Қосман Айтмұхаметовпен және Көкшетау қаласында тұратын көрнекті ғалымдармен кездесу барысында Л.Н. Гумилев университетінің мемлекеттік сыйлық лауреаттары, академиктер мен профессорлар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау мақсатында дәріс оқып, «дөңгелек үстел» өткізді. Сондай-ақ, Л.Н. атындағы Еуразия ұлтық университеті жанындағы Инновациялық парк директоры Владимир Кимның презентациясы өтті. Ақмола облысының әкімі инновациялық парктің жұзеге асырылып жатқан жобаларына үлкен қызығушылық танытып, болашақта Ақмола облысы мен Инновациялық парк арасында қарым-қатынас орнатылуына ықылас бітірді.


Жоспар бойынша содан кейін, ғалымдардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға ҚР ҰҒА академигі, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚАСҚАБАСОВ Сейіт Асқарұлы, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлық иегері ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай, ЕҰУ проректоры , филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері ҚАМЗАБЕКҰЛЫ Дихан, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, профессор, мемлекетаралық «Мир» телеарнасының негізін салушы (Елбасының тұңғыш баспасөз хатшысы болған) ШАЛАХМЕТОВ Ғаділбек, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы ШӘРІПБАЕВ Алтынбек Әмірұлы, т.б.

Ғылыми практикалық конференция аяқталғаннан кейін, жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс конференция өтті.

Ақмола облысындағы іс-шара, Қазақстан Респуликасына еңбегі сіңген әртіс МЫРЖЫҚБАЙ Кенжеғалидың қала тұрғындарына арнап ұйымдастырған шығармашылық кешімен аяқталды.

Сол күні кешкісін, жоғары оқу орнының бастамашыл тобы Зеренді ауданында жол тартып, «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығының аумағында спорттық шараларға қатысып, серуендеп қайтты.



Елбасы жолдауы – ел мұраты!

2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру; қуатты да табысты мемлекет, демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі; түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы, ұлттық экономика: халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат, сондай-ақ білім мен ғылымға байланысты мектеп, жоғары оқу орындары, ғылым жүйесіндегі білімді жүйелендірудің жаңа бір сипат-кезеңдері сөз болмақ.

Бұл мәселеде, шынын айту керек, соңғы жылдары көп ілгерілеушілік бар. Көптеген игі істер қолға алынып жатыр: соңғы жылдары ғана қаншама мектеп, балабақша салынды. Ал «Қазақстан -2050» стратегиясы біздің оқу орны зерттеу университетіне айналып отырған тұста ғалымдарымызға үлкен серпін береді деген ойдамыз.

Екі күндік кездесу барысында Мәдени мәселелердің жағдайы да қозғалады. Біздің қоғамымыздың мәдениеті тәрбиемен тығыз байланысты. Қоғам қаншалықты мәдениетті, иманды, жауапкершілікті болса, қоғамның мәдениеті де сондай иманды, жауапкершілікті болады.



Тұтастай алғанда бастамашыл топтың бұл сапары Елбасының сындарлы саясатының тағы да нақтылығын, алдағы жылдарға халыққа, атақарушы билікке, заң шығарушы құрылымдарға берілген тапсырмасының жүйелілігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет