Алматы облысында жас жұбайлар саяжай бау-бақшасында ірі зертхана ашып, синтетикалық есірткі өндірісін қолға алған. Есірткінің тауар айналымы – 7 миллиард теңге, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саяжайда әйелі мен күйеуі есірткі зертханасын жабдықтап, химиялық реакцияға арналған агрегаттарды, өнеркәсіптік сорғышты, есірткілерді кептіруге арналған бөлмелердің жұмысын іске қосқан. 

Полицейлер екі зертханалық реакторды, 100 келі синтезделген есірткі ұнтағы затын және 800 литрден астам есірткі өндіретін прекурсорларды тәркіледі.

  • Алматы маңында шетелдіктер жалдамалы үйде есірткі дайындаған
  • Қазақстанда есірткіні үй жағдайында қолданғандар жауапкершілікке тартылмақ

Мұндай шикізат ең күшті синтетикалық препараттардың 550 мың дозасын өндіруге жеткілікті. Оларды сатудан ерлі-зайыптылар 7 миллиард теңгеден астам ақша таба алар еді.

Айта кетейік, аса ірі мөлшерде, тіпті, топ құрамында есірткі өндіргені үшін ұсталғандар мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін түрмеге жабылады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.