Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақконцерттің" директоры, "Құрмет" орденінің иегері Жеңіс Сейдоллаұлы жарымен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Алғашқы” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/khabartv/ 

Өнер иесі жарымен шаңырақ көтергеніне 40 жыл толған. 

“1984 жылы қазанда екеуміз "Френсис" деген киноға бардық. Мен оған уәде беріп, өзім ұмытып кетіппін. Алғашқы кездесуіміз ғой. Ол кезде консерваторияның жатақханасында репетицияға дайындаламыз. Сөйтіп дайындыққа кірісіп кеттім. Бір кезде араласатын қызылордалық қыздардың бірі жүгіріп келді. "Не істеп отырсың, біреуге уәде бергенсің ғой, Алма дайын отыр ғой" деді. Болашақ жарым ернін қызылға бояп, шашын әрлеп мені күтіп отыр екен. Мен гитарамды тастап бардым. Сыртқа шығып қолымды көтерген едім су жаңа Волга тоқтады. Киноға келсек, билет жоқ. Сосын біреу билетін сатты. Маған оның аяқ-қолы балғадай болғаны, томпақтығы ұнады. Консерваториядағы балаларға "мына сары қызға ешкім жоламасын" дедім. Ең бастысы, анамның көңілінен шықты. “Мынауский қыз" екен деп бас бармағын көрсеткені әлі күнге дейін көз алдымда, – деп еске алады әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі өміріндегі “Әттеген-айын” да жасырмады. 

"Әкем марқұммен көп сырласа алмадым. Жас кетті, 54 жаста болған еді. Мен қара жұмыстан қашпайтынмын. Әкем мынаны істе дейді. Соны істеп қоямын. Музыка кеткеннен кейін жұмысқа қарамайтын болдым. Әкем бсстық болғаннан кейін кішкентай балалар келіп өтінішін айтады. 82-жылдары ыңғайсыз жағдайлар болды. Біреулер қысым көрсетті. Сол кезде "Әттең, әкем болса ғой, осының шешімін айтар еді" деген ой болды", – деп көз жасына ерік берді өнер иесі. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.