Алматы тұрғындары жылжымайтын мүлік алаяқтарына алданып қалды. Олар ломбардқа барып, барынан айырылған. Себебі кепілдікке қою шартының орнына сату-сатып алу шартына қол қойған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Видеодан скриншот

15 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер, екі қабатты коттедж, дүкен сатып алынған. Бағасы нарықтық бағадан төмен. Алаяқтар төмен бағамен адамдарды қызықтырып, айласын іске асырады. Мерзімі өтіп кеткен несиелері бар адамдарды банк қызметкерлері ломбардқа жіберіп, сол жерде көмектесеміз деп уәде еткен көрінеді.

“Олар маған бір шартын айтты. Тек ақшаны қайтару кепілдігі ретінде сатып алу келісімшартын жасау жеткілікті деді. Мен келістім, олар мені өздерінің нотариустарына апарды. Мен қол қойдым, нотариус құжаттар әрі қарай ешқайда кетпейтінін айтты. Алты ай өтті, мен қайтару керек ақшаны жинадым, бірақ олар маған ақшаны қайтармайды. Әлі үйің бар дейді. Үйді қосымша кепілдікке берсеңіз, содан кейін ол пәтерді қайта сатып аламыз деді. Содан кейін дүкен кетті, мұның бәрі үш айда болды”, – деді алаяқтарға алданған Ирина Антропова. 

Алматыда алданғандардың саны 20-ға жуықтайды. Көптеген адамдар үйсіз қаңғып қалса, кейбірінің тағдыры одан да ауыр көрінеді. Айтуларынша, олардың үйлеріне белгісіз жігіттер басып кіріп, соққыға жыққан. Ал полицейлер әрекетсіздік танытты, дейді жәбірленуші.

"Олардың денелі, өте қауіпті тобы бар. Маған сегіз рет шабуыл жасаған. Маған тап беріп, шашымды жұлып, басымды баспалдаққа соқты. Ұлым да жарақат алды”, – деді жәбірленуші Гүлнар Әмірханова. 

Тәуелсіз заңгердің айтуынша, ломбардтың әрекеті заңсыз.

“Ломбардтың әрекеті заңсыз, өйткені сатып алу-сату шарты меншік құқығын бір меншік иесінен екіншісіне беруді көздейді. Бұл ретте ломбард сатып алу-сату шартын жасамайды, бірақ кепіл шартын жасайды”, – деді заңгер Әйгерім Тохмулдинова. 

Зардап шеккендер бірнеше жылдан бері шенеуніктердің босағасын тоздырса да, бұдан еш нәтиже шықпапты. Кезінде бұл іске қатысы бар адам қамауға алынғанымен, кейін кепілмен босап шығыпты. Енді қала тұрғындары тағы да сотқа жүгінбек. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.