Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Полиция Павлодар облысындағы "Майкайнзолото" АҚ шахтасында құтқарушылардың өлімінен кейін осы оқиғаға қатысты тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облыстық ІІД бастығының орынбасары Рашад Өтеуовтің айтуынша, екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

“Тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында”, – деп қосты Өтеуов.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені хабарланған. Кейін екі адамның қаза тапқаны хабарланды. 

Павлодар облысында адамдарымен бірге жер астына түсіп кеткен автобус әлі табылмай жатыр

Павлодар маңындағы апат: 2 адам әлі іздестіріліп жатыр

Автобуста 4 адам — Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының қызметкерлері болған. Шұңқырдың ұзындығы – 150-200 м, ені 500 м, опырылым тереңдігі 150 м екені айтылады. Бұған дейін топырақтың құлау қаупіне байланысты жұмыстар күрделене түсуде екені хабарланған.

Сондай-ақ денесі табылған екі құтқарушының есімдері аталған. Сарқыт Берліқан, 23.10.1999 ж. т. және Олег Тышкевич, 18.09.1970 ж. т. тағы екі құтқарушыны іздеу жалғасуда. Өзге зардап шегушілер жоқ екені айтылады.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майкайнзолото" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған. Барлығы 44 адам, 13 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.