Қазақстандық Кристина Менисов АҚШ-та өткен байқауда әлеуметтік желідегі жылдың үздік моделі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде жылдың үздік моделі атағы үшін бес қатысушы сайысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жеткен алматылық модель Кристина Менисов ұлттық деңгейдегі марапат – National Social Media Awards сыйлығына ие болды.

"Мен үшін осы жолы дауыс бергендерге және мен қандай іс-шараға қатыссам да әрқашан маған қолдау көрсететін жандардың әрқайсысын бағалаймын. Менің 2017 жылы бір жасар баламмен Лос-Анджелеске кәсіби модельдік қызметке баруыма себепкер болған өздеріңіз. Мен осы таңғажайып платформаның құрылғанына және көпшілігіңіздің менің барлық істерімді қолдағандарыңыз үшін өте ризамын", — деп жазды модель желлідегі парақшасында.

Кристина 2022 жылы АҚШ-та өткен Miss Universe World International байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Қазақстандық модель Chopard, Cartier, Michael Costello, Balmain, Yves Saint Laurent сияқты әлемдік брендтермен жұмыс істеп те үлгерді. Ол Vogue, Mexico, Elle, Glamour, Harper's Bazaar журналдарының мұқабаларына шықты.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.