Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: iStock

Жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің дерегінше, Іле ауданының орта мектептеріне шын мәнінде жұмыс істемейтін адамдарды тіркеп, олармен келісіп жалақы аударып отыру арқылы 680 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

“Сонымен қатар ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы ретінде жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген”, – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдемесінде.

  • "Адал болсаң, басың бәлеге қалады”: Сәтбаев қаласының тұрғындары пара алды деп ұсталған әкімдерін босатуды талап етті
  • Жалпыға ортақ декларация: Шенеуніктердің мүлкі туралы ақпарат неге жарияланбайды

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтеріне жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылып, өз-өзіне қол жұмсады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.