Приоритетные направления программы восточно-казахстанского областного маслихата



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/3
Дата14.04.2018
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3



Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

депутаттарының 2014 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың қаңтары аралығында

сайлау округтарында атқарған жұмыстары туралы

МӘЛІМЕТТЕР (жалғасы)







Мәслихат депутатының А.Ж.Т.

Сайлаушылармен, өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен кездесулер өткізілді

Сайлаушылардың өтініштерімен жұмыс және жеке қабылдау өткізу

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қатысу

Ескерту

Сұрақтар

Сұрақтар

Кімге ресми депутаттық сауал жолданды




1

Борис Тимофеевич

Адианов


№ 17 сайлау округі

- аумақты абаттандыру, силикат кентін қардан, мұздан тазалау мәселелері бойынша кездесулер;

- қоқыс шығару мәселесі бойынша кездесулер (тамыз-қазан);

- депутат сайлауы бойынша кездесулер;

- жылу беру қызметі үшін қарызы бар адамдардан қаражат жинау бойынша кездесулер.




1)Д.А. Гариковқа – Семей қ. әкімінің орынбасары – Шугаев, 157 көшесінен қоқыс шығару мәселесі б/ша сауал. (шешілді)

2) А. Сүйшіновқа- Семей қ. кәсіпкерлік бөлімінің басшысы- Денсаулық күнінде өтетін шараларға қатысу жөнінде. (шешілді)

3) В.А. Овсянниковқа –ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы- Молдабаева Даринаға операция жасау үшін қаражат бөлу жөнінде. (жартылай шешілді)

4) А.М. Кәрімовқа- Семей қ. әкімі - 2 топтағы мүгедек Л.Б. Нүрсейітоваға баспана алу жөнінде, № 769 кезекте тұр.

5) Глинка, 18 ПИК төрағасына- ақшалай қаражат бөлу жөнінде, жауап берілді. (округке қарамайды)

6) М.М. Адиковқа- ақшалай қаражат бөлу жөнінде. (жауап берілді)

7) бұрынғы обл. ауыл шаруашылық техникасы базасы маңының тұрғындары трассаға жақын жерге шектеу белгісін қою туралы өтініш жасады.

А.М. Кәрімовқа сауал жолданды. (белгі қойылды)

8) Силикат кентінің тұрғыны А.В. Воробьевадан пәтерінің төбесін жөндеп беру жөнінде өтініш түсті. (жөндеу жүргізілді).


2014 ж. мамыр. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі. Мұратов Нүрланға хирургиялық операция жасау жөнінде. (кәсіпорын 148,500 теңге бөлді)

2014 ж. маусым ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.А. Овсянниковқа Молдабаева Даринаға хирургиялық операция жасау үшін қаражат қарастыру мәселесі бойынша. (жауап 30.06.2014 ж. берілді. Шетелде емдеу мәселесін шешу үшін Молдабаеваның құжаттары ҚР ДСМ шетелге емдеуге жіберетін жұмыс органына қарауға жолданды).

2014 ж. маусым Өскемен қаласының әкімдігі. - 2 топтағы мүгедек Л.Б. Нүрсейітоваға баспана алу жөнінде. (Л.Б. Нүрсейітова 2007 жылдың 6 тамызынан бері 2 топтағы мүгедек ретінде кезекте тұр. Тізімде 768-ші.

2014 ж. қыркүйек Әкімшілік полиция, подполковник Ш.М. Кәрімовқа. Бұрынғы облыстық ауыл шаруашылық техникасы базасының және жүйке аурулары ауруханасының маңында шектеу белгісін қою туралы өтініш жасады (жылдамдықты шектеу белгісі қойылды)








2

Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков

№ 25 Бесқарағай сайлау округі



- Аудан орталығы Бесқарағай ауылын абаттандыру туралы,

- Бозтал, М-Владимировка, Бесқарағай, Канонерка, Башкөл ауылдарын қосымша жарықтандыру мәселесі,

- Аудан орталығы Бесқарағай ауылында 4 бағдаршам орнату туралы,

- Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу,

- Стадионды қайта жөндеу,

- Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы,

- Өндіріс, Бесқарағай ауылдарындағы су өткізу құбырларының жұмысы туралы,

- Ерназар, Канонерка, Бесқарағай ауылдарында стела орнату туралы.




- жас мамандарды аудандық ауруханаға жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша (13 жас маман жұмысқа орналастырылды);

- аудан орталығындағы стадионды қайта қалпына келтіру бойынша (мемлекеттік комиссиямен қабылданды);

- дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы туралы (құрылыс 2014 жылы басталды, 2015 жылдың 1 тоқсанында іске қосылады);

- аудан орталығын абаттандыру мен санитарлық тазалығы жөнінде (орталық алаңда сахна орнатылды, бағдаршам орнатылды, қосымша үш көшеге жарық берілді, Партизанская, Сейфуллин, Әуезов, Елистратов көшелері асфальттандырылды).



ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаевқа – Башкөл мен Мостик ауылдарындағы апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектеп құрылысына қосымша қаражат бөлу жөнінде.

Башкөл ауылында мектеп құрылысы аяқталды, Мостик ауылында мектеп құрылысы басталды, іске қосу 2015 жылға жоспарланған.










3

Қайыпқан Медеуұлы Амұрзақов

№ 42 Шемонаиха сайлау округі



Ақпарат берілген жоқ.




-







4

Александр Михайлович

Анчугин


№ 10 Тоқтаров сайлау округі

- қаланың экологиялық ахуалы;

- қала көшелеріндегі тәртіп (жеңіл көліктердің жылдамдық түзімі және ІІД осы бағыттағы жұмыстарының нәтижесі);

- сумен, электр жарығымен, жылумен қамтамасыз ету;

- жастардың бос уақытын ұйымдастыру;

- балабақшалар мен тұрғын үй құрылысы жөнінде;

- Өскемен-Риддер жолын жөндеу туралы;

- қала кәсіпорындарының жұмысы.


- балабақшаларда орын алудың кезегі;

- ІІ топтағы мүгедек тыл еңбеккеріне зейнетақы алу тәртібін орнатуға көмек беру туралы;

- жұмысқа орналасуға көмек;

- Полевая, 119А көшесінен Коноваловкаға дейінгі аралықты сумен қамтамасыз ету прблемалары;

- Тәуелсіздік, 12 А көшесіндегі үйдің жел ұшырып шатырын жөндеуге көмек беру туралы;

- демеушілік көмек көрсету және т.т.



Риддер қалалық ТКШ бөліміне баспана алудың жалпы кезегінде тұрған сайлаушылардың өтініштері бойынша депутаттық сауал.

Нәтижесі: кезектің дұрыстығы тексерілді, бұзушылықтар анықталмады.

Риддер қалалық білім бөліміне балабақшаларда орын алудың кезегі туралы деп. сауал.



Нәтижесі: кезектің дұрыстығы, құжаттарды ресімдеудің заңдылығы тексерілді, бұзушылықтар анықталмады.

ҰОС ардагері В.Н. Шабалинды іздеу бойынша «Мемлекеттік мұрағат» КММ-не.



Нәтижесі: мемлекеттік органдар жұмыс жүргізуде.








5

Нұрлан Мәулімғазыұлы Байбеков

№ 15 сайлау округі



Елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, әлеуметтік сала, соның ішінде, медициналық көмек көрсету, білім беру мәселелері.

1. Бобровка кентінің және Семей қаласының № 3 емхана басшылығының құрылысты 2014 жылдың жоспарына енгізу туралы өтініші.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ново-Баженово селосында салынатын ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы Семей қаласының аумағында орналасқан дәрігерлік мекемеге аса зәру Бобровка кентіне ауыстырылды. 2. № 31 мектепке жақын тұратын М. Жұмабаев ат. көше тұрғындарының өтініші бойынша 2 жолаушылар автобусының маршруты Интернациональная көшесінен М. Жұмабаев көшесіне ауыстырылды.

Бобровка кентінде бір ғана мектеп бар (№44 ОМ). Осы мектеп өзекті мәселелерін шешу бойынша үнемі көмекке жүгінеді. Қараша айында мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына көмек берілді.

Семей қаласының Полковничий аралында құны 5 млн. теңге тұратын футбол алаңы салынды.





- ШҚ облыстық мәслихатының хатшысы Г.В. Пинчукке

- ШҚО әкімінің орынбасары Е.Х. Текешовқа

- ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.П. Ясинскаяға

- ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.А. Овсянниковқа

- ШҚО құрылыс басқармасының басшысы С.Т. Төлепбергеновқа

- Семей қ. құрылыс бөлімінің басшысы Н.Е. Жапбаровқа

- ҚР тұтынушылар құқығын қорғау Агенттігінің ШҚО департаментінің Семей қаласы бойынша мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.С. Чегедековқа

- «Семей-Водоканал» МКМ басшысы Е.З. Сағындықовқа

- Семей қ. әкімінің орынбасары А.Т. Хосчановқа

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ново-Баженово селосында салынатын ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы Семей қаласының аумағында орналасқан дәрігерлік мекемеге аса зәру Бобровка кентіне ауыстырылды.

2. № 31 мектепке жақын тұратын М. Жұмабаев ат. көше тұрғындарының өтініші бойынша 2 жолаушылар автобусының маршруты Интернациональная көшесінен М. Жұмабаев көшесіне ауыстырылды.










6

Омарбек Қазанғапұлы

Байуақов

№ 21 сайлау округі


- соғыс уақытының балаларына тыл еңбеккері дәрежесін беру туралы;

- жеңіл өнеркәсіпті дамыту және жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу туралы;

- саяжай, бақша, жеке қоныс иелеріне қолдау көрсету туралы;

- Семей қаласындағы шығыс саяжайларға апаратын жолдардың жағдайы және ШҚ РЭК тарапынан саяжай кенттерінде жарықты негізсіз ажырату жағдайлары туралы;

- азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық қызмет түрлеріне бағаның өсуі туралы;

- ТКШ қызметіне тарифтердің өсуіне мораторий жариялау, зейнеткерлердің, мүгедектердің және әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың коммуналдық төлемдеріне жеңілдіктер енгізу туралы;

- әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолжетімді әлеуметтік баспана салудың көлемін ұлғайту, жеңілдікпен берілетін баспанамен, бірінші кезекте, көпбалалы және жас отбасыларын, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарды қамтамасыз ету мәселелері;

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгеріс енгізілсін: тұрғын үй инспекцияларының міндеттеріне мыналар енгізілсін тұрғындармен бірлесе отырып, ПИК төрағаларын тағайындау, ПИК жұмысына бақылау жасауды міндеттеріне енгізу. ПИК тұрғындарды алдаумен айналысады;

- жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдау;

- ТКШ бойынша терможаңғырту жұмыстарын тоқтату, бұл жұмыстар халықты алдау!


Тұрғын үй жағдайын жақсарту қажет (баспана кезегі жылжымайды, қала «Қолжетімді тұрғын үй -2020», «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы баяу, жалдамалы және ипотека бойынша берілетін баспаналар неге аз салынады) суға, жылуға, электр энергиясына тарифтерді, қоғамдық көлікте жүрудің бағасын ұдайы көтеріп отыратын монополистердің үстінен бақылауды күшейту қажет.

Семей қаласының бас жоспарына және санитарлық нормалардың талаптарына сай келмейтін нысандарды салу қашан тоқтатылады?




ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына, атап айтқанда, вице-спикер Дариға Назарбаеваға, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау Министріне, ҚР Бас Прокурорына, ҰҚК, Алматы қаласы мен Алматы облысының прокурорларына, Семей қаласының ІІБ, облыс және қала әкімдеріне, облыстық және қалалық мәслихат хатшыларына және т.т.

Семей қаласының прокуроры мен ІІБ бастығына қала базарларындағы алыпсатарлардың заңсыз әрекеттері туралы депутаттық сауал - тергеу жүргізілуде.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығын мерекелеу бойынша депутаттық сауалдар ҚР Мемлекеттік хатшысы М. Тәжинге, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды. Қанағаттанарлық жауап алып, оны БАҚ жарияладық, бірақ ҚР Президенті ҚР Ассамблеясының сессиясындағы баяндамасында тапсырма беруіне қарамастан мерейтой атап өтілмеді.

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына құны 160 млн. теңге болатын қосымша ғимарат құрылысын қаржыландыру туралы деп. сауал. Депутаттық сауал қаралуда.

ҚР Әділет министрлігіне депутаттық сауал: сот актілерін орындау бойынша мемлекеттік сот орындаушыларының ШҚО бойынша аумақтық бөлімінде қызметкерлерге де, келушілерге де қарапайым санитарлық нормалар жасалмаған және сақталмайды. Ғимарат ішінде су, дәретхана, қалалық байланыс телефоны жоқ, ғимарат іші тар, жұмыс істеуге жағдай жоқ.

Мәселе оңды шешімін тапты, Морозов көшесі, 139/1 мекенжайындағы жаңа ғимаратты сатып алу үшін қаражат бөлінді.










7

Анатолий Михайлович Балушкин

№ 6 Студенческий сайлау округі



Денсаулық сақтау саласының проблемалары- дәрігердің қабылдауындағы кезектер, қалада маман-дәрігерлердің санын ұлғайту қажеттігі.

ТКШ проблемалары – тұрғын үй аулалары мен балалар мекемелері жанындағы, сондай-ақ көшелердегі, әсіресе, орталықтан жырақта орналасқан көшелердегі (Ворошилов көшесі, құрылыс алаңы және т.т.) ескі, кеуіп қалған ағаштарды кесу (мемлекет тарапынан көмек қажет, өйткені көптеген ПИК –інің осы жұмыстарды жүргізуге қаражаттары жоқ).

Абаттандыру: қатты тұрмыс қалдықтарын тастайтын контейнерлердің қоршауын жөндеу мәселесі. Үлбі өзенінің үстіндегі көпірден шыға берістегі жол айырығын ретке келтіру (Астана, Протозанов көшелері).

Әлеуметтік: тұрғын үйлер секторында пәтерлерді тәулікке жалға беру проблемасы көтерілді: тұрғындар ондағы пәтер жалдаушылардың тәртіпсіздіктеріне шағынды.

Экология және қоршаған ортаны қорғау проблемалары: зауыттардың қоршаған ортаны ұйғарынды нормалардан артық ластауы;

Комендантка өзенін абаттандыру жұмыстарын аяқтау қажеттігі.




- ақпараттық қолдау - 85

- материалдық көмек және материалдық емес қолдау көрсету туралы өтініштер (көлік немесе техника беру, жұмыс күшімен көмектесу) – 18

- қаламен шектесетін кенттерді біріктіру – 1

- азық-түлік бағалары, коммуналдық қызметтердің тарифі, тауарлар мен қызметтердің сапасы – 7

- қылмыс пен құқық бұзушылықтың, маскүнемдік пен наркоманияның алдын алу, учаскелік инспекторлардың жұмысы – 3

- ПИК-нің жұмысы - 4

- қоғамдық көлік жұмысы - 9

- электрмен қамтамасыз ету -2

- сумен қамтамасыз ету – 2

- жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша - 2

- әлеуметтік мәселелер - 8

- қаңғыған иттерді аулау- 4

-БАҚ қатыстыруға көмек-1

- домофон мәселелері – 4

- денсаулық сақтау -2

- ТКШ мәселелері – 77

- коммуникация және байланыс – 1

- экология -1



- «Өскемен қаласы жолаушылар тасуды басқару орталығы» КМК директоры В.Г. Панковқа ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Еңбек медицинасы, адам экологиясы және оңалту орталығы» КМҚК әкімшілігінің және «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулардың ұлттық орталығы» РМКК ШҚО филиалының өтініші бойынша осы мекемелерге жақын орналасқан аялдамалардың орнын ауыстыру туралы деп. сауал.

Нәтижесі: мәселе зерделенуде.

- Өскемен қаласы әкімінің атына № 7 орта мектеп әкімшілігінің Гагарин бульвары, 12, Гагарин бульвары, 18, Добролюбов, 43 үйлері аралығына («Рахат» дүкені маңында) «Жолаушылар өткелі» белгісін қою туралы өтініші бойынша деп. сауал.

Нәтижесі: Гагарин бульварына жол белгілері салынған кезде осы жол белгісі қойылады.

«КАР-ТЭЛ» ЖШС директорына Зырян ауданы Прибрежный кенті тұрғындарының ұялы байланыстың жұмысын тоқтатуына байланысты өтініші бойынша деп. сауал.



Нәтижесі: жұмыстар жүргізілуде.

- «Өскемен қаласы жолаушылар тасуды басқару орталығы» КМК директоры В.Г. Панковқа автобустарда жеңілдікпен жүретіндерден жеке бас куәлігінің түпнұсқасын талап ету бойынша арызы негізінде деп. сауал.



Нәтижесі: жолаушылар тасымалдаушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде жеке бас куәлігінің түпнұсқасы көрсетілгенде ғана жеңілдікпен жүруге рұқсат етіледі.

- ҚР денсаулық сақтау министрлігіне И.Н. Потаповтың 1999 ж.т. баласы Тимофейді емдету үшін квота алуға көмек беру туралы өтініші бойынша деп. сауал.



Нәтижесі: бала Индияға емделуге жіберілді.

- "Амурская -5" ПИК, Өскемен қаласы ІІБ бастығы А.А. Уәлиевке А.А. Ақанованың ауланы абаттандыру, Комендантка өзеніндегі көпір маңындағы қаңғыбастарға (қайыр сұрайды, балаларды қорқытады) шара қолдану, жертөлені үнемі су басатыны, МАФ орнату бойынша бюджетке тапсырыс беру, контейнер алаңын қоршау туралы өтініші бойынша деп. сауал.



Нәтижесі: Өскемен қаласы ІІБ қаңғыбастар бойынша күнделікті алдын-алу шаралары жүргізілуде, мәселе бақылауға алынған.

-контейнер алаңы ПИК құзырына жатпайды, қаражаты сметаға енгізілмеген. Жертөлені су басуға кінәлі тұрғындардың өзі.

- Өскемен қаласы ІІБ Өскемен әкімдігі «Істер басқармасы» филиалының директоры В.И. Родчевтің май зауыты жанындағы жылу трассасының маңайындағы қаңғыбастардың жиналатын орынын жоюға көмек беру туралы өтініші бойынша деп. сауал.

Результат: получен ответ от заместителя начальника Управления Халитова. Организован контроль. На указанном участке в п.Красина в круглосуточном режиме несут службу наряды комплексных сил полиции УВД в 3 смены. На территории города патрулирует экипаж по подбору лиц без определенного места жительства.

1)по ул. 30-ой гв. дивизии д№30 ненадлежащее состояние детской площадки, необходимость благоустройства дворовой территории.




















Нәтижесі: Бақылау ұйымдастырылды. Красин кентінің аталған учаскесінде ІІБ кешенді күштерінің наряды тәулік бойы 3 ауысымда кезекшілік атқарады. Қала ішінде қаңғыбастарды жинайтын экипаж патрульдік жұмыс атқарады.

-Қалалық білім бөліміне Қазанова Зубиташтың жұмысқа шығу үшін баласын балабақшаға орналастыру өтініші бойынша деп. сауал.



Нәтижесі: баласы «Ақбота» балабақшасына орналастырылды.

-ШҚО денсаулық сақтау басқармасына мүгедек баласы бар жалғызбасты ана М.В. Порядинаның өтініші бойынша деп. сауал.

Проблема - баланы оңалту үшін емдеуге үнемі көп қаржы қажет болады.

Нәтижесі: көмек берілді.

Депутаттық сауалдар жолданды:

- Өскемен қаласының әкіміне -10 (50 сұрақ бюджетке қатысты),

- «Өскемен Тазалык» -2,

- ТКШ -1,

- Өскемен қаласы жолаушылар тасуды басқару орталығы» КМК - 3,

- "Оскемен Водоканал" МКК– 2,

- «КАР ТЭЛ» ЖШС-1,

- «Аумақтық жер инспекциясы» ММ -1,

- Сәулет және құрылысты бақылау, лицензиялау департаменті -1,

- Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасарына-1,

- «Надежда» ПИК-1,

- Өскемен қ. ІІБ-2,

- ШҚО экология департаменті -1,

- Казгидромет-1,

- «Өскемен жылу желілері» АҚ -1 және басқалар









8

Тасболат Қажмұханбетұлы Битенов

№ 29 Шар сайлау округі



1. Ауылдық округтер мен аудан орталығын сумен қамтамасыз ету.

2. Ауылдық округтер мен аудан орталығын телефон байланысымен қамтамасыз ету.

3. Автожолдардың құрылысы және жөнделуі.

4. Мектептерді, балабақшаларды, денсаулық сақтау нысандарын, клубтарды жөндеу.

5. Жұмысқа орналастыру.

6. Тұрғындарды орталықтандырылған түрде көмірмен қамтамасыз ету.

7. Жеке сектордың малдары үшін қатты мал азығын дайындау.

8. Зейнеткерлерді жеңілдікпен көмірмен және қатты мал азығымен қамтамасыз ету.

9. Фермерлік шаруашылықтар үшін жер учаскелерін бөлу.

10. Мүгедек балаларды емдеу мен оңалту.

11. Азаматтардың жеке, отбасылық мәселелері.


32 өтініштің 18-і оңды шешімін тапты.

- орталық аудандық аурухананың балалар бөлімін, мектеп-гимназияны, «Қаламқас» мәдениет үйін жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлу туралы;

- мектеп-интернатты, Құндызды, Көкбай, Саржал, Кеңгірбай би ауылдық округтарына кірер жолдарды жөндеу туралы.


Депутаттық сауалдар жолданды:

- ШҚО денсаулық сақтау басқармасына - 2;

- ШҚО көлік, жолаушылар тасымалы және автожолдар басқармасына - 1;

- ШҚО ішкі істер департаментіне- 1;

- ШҚО құрылыс басқармасына- 1;

- ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына- 5.



13 жазбаша сауалдың 9-ы қанағаттандырылды.

Депутаттық сауалдар қаражат бөлуге, мектеп инспекторларының штаттарын беруге, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға, жолдарды жөндеуге, жаңа автобустық маршруттарды ашуға және т.б. қатысты болды.










9

Александр Васильевич

Гречухин

№ 2 Пристань сайлау округі


- ТКШ бойынша халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы туралы;

- елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру туралы;

- білім беру мәселелері;

- қала әкімінің есебі.




- елді мекендерді орталық жылумен қамтамасыз ету туралы мәселелерді шешу;

- қалалық автокөліктердің қозғалысын жақсарту мәселесін шешу;

- жолдарды жөндеу мәселесін шешу;

- ТКШ мәселелері – қызмет көрсету, соның ішінде, үйлердің ішкі аулаларында және негізгі магистралды желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу;



- материалдық көмек көрсету;

- жұмысқа орналастыру мәселелері;

- жеке тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсету мәселелері.


1) Қала әкімі Т.Ж. Қасымжановқа Островский көшесі 34/1 үй тұрғындарының «Зея» ПИК қызмет көрсететін үйді электрмен қамтамасыз етуді жақсартуды қарау туралы өтініштері бойынша деп. сауал.
2) Қалалық ТКШ бөлімінің басшысына үйлердің ішкі аулаларын абаттандыру туралы өтініштері бойынша депутаттық сауал.
3) Облыс әкімінің атына және басқа да лауазымды тұлғаларға депутаттық сауалдар.








10

Рысқан Жағыпарқызы Жанкүшікова

№ 40 Үржар сайлау округі



- жол проблемалары (аудан ішіндегі жолдар Науалы-Көкөзек-Көлденең жолдары) (аудан бюджетінде қаражат қарастырылған);

- Үржар ауданындағы тірек қозғалысының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық- әлеуметтік мекеменің қолданыстағы корпусына қосымша корпус жалғау мәселесі бойынша (нысан берілді);

- Барқытбел, Қызыл ту ауылдарында мектеп құрылысына қолдау көрсету және Ер Қабанбай, Лайбұлақ ауылдарындағы мектеп құрылыстарының аяқталуына ықпал ету (Барқытбел, Қызыл ту ауылдарында құрылыс басталды, Ер Қабанбай, Лайбұлақ ауылдарында құрылыс аяқталды);

- Бестерек, Барқытбел ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылыстарын уақытында аяқтау (құрылыс аяқталды, нысандар тапсырылды);

- Үржар ауылында «Ер Төстік» балабақшасын салуға ықпал ету (нысан тапсырылды).


- аудандық мұрағат ғимаратын салуға қаражат бөлу туралы;

- мүгедек балаға медициналық қызмет алу туралы;

- жұмысқа орналастыру бойынша;

- аңшылық маусымының ашылу мәселесі бойынша.




Үржар ауданының әкімі С.З. Зайнулдинге Бестерек ауылдық округі ардагерлерінің еңбек ардагері Д.С. Тоқбалановаға «Үржар ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге ықпал ету туралы өтініштері бойынша депутаттық сауал.

Мәселе қаралуда.


Шығыс Қазақстан облысының аңшылар қоғамы А.Т. Калмыковқа ауданның әуесқой аңшыларының «Күзгі уақытта жабайы аңдарды аулауға рұқсат беріле ме?» деген сауалдары бойынша депутаттық сауал.

Жауап алынды.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет