Приозерск ќаласы



жүктеу 105.31 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі105.31 Kb.
түріРегламент



Приозерск қаласы

әкімдігінің

2013ж. «___»________

қаулысымен бекітілген
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы» мемлекеттік қызмет

көрсету регламенті.


  1. Жалпы ережелер

1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті сәулет-жоспарлау тапсырмасының құрылыс жобасын әзірлеуді анықтайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 49 тармақшасының және «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) рәсімдеу және беру ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:


 1)интернет-ресурсындағы рұқсат құжаттама туралы ақпарат веб-сайтта: www.Prio-stroyarch.kz және ММ «Приозерск қаласының, құрылыс, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендінде орналастырылған.

2) осы регламентке  1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның және орталыќтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көрсетіледі,

5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде:

1) осы регламенттін  11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;

2) осы регламенттін  11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:

электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;

тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;

қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);

елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;

қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);

жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілер қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;

көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;

4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің көп рұқсат берілген уақыты –30 минуттан аспайды;

Электрондық сұрау салу көзделмеген.

Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш берген кезде:

1) осы регламенттін  11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) осы регламенттін  11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері өшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):

электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;

тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;

қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;

елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);

елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:

қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);

жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;

қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;

көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

5) қажетті құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;

6.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7. Өтініштер дүйсенбі-жұма күндері сағ.08.30-дан 18.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейн.

Өтініш қарау мерзімі:

- құжат сағат 16.30-ға дейін түссе, өтініш түскен күннен бастап;

- өтініш сағат 16.30-дан кейін түссе, келесі күннен бастап есептеледі.

8. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның және орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін қоғамдық пікірді зерделеу үшін уәкілетті органда және орталықта жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
9. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметтік алушы:

1) уәкілетті органға:

Еркін нысандағы өтініші;

  жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;

тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.

Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.

2) орталыққа:

еркін нысандағы өтініш;

жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;

тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.

Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.

Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда жобаға осы өзгертулерге оларды нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.

Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті өтініш еркін нысанда толтырылады.


11. Құжаттарды қабылдау:

1) уәкілетті органда кеңсе арқылы, олардың мекенжайлары осы регламентте 1-қосымшада көрсетілген;

2) орталықтарда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

12. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1)уәкілетті органға құжат тапсырған кезде:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі;

2) орталыққа құжат тапсырған кезде:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

құжаттарды рәсімдеуге өтініш ќабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

тұтынушының тегі, аты,әкесінің аты, уәкілетті әкісінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын болған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді уәкілетті органның лауазымды адамы немесе орталық қызметкері «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды 3 (үш) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға өткізеді.

14. Мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің  11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.


      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) орталықтан түскен құжаттарды рәсімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады;

2) жобалауға арналған тапсырманың техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыны сәйкессіздікті жою үшін шақырады.

Бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
3. Жұмыс қағидалары
15. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі мемлекеттік қызметі алушыға қатысты мынадай:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылыңты саңтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашыңтығы;
      5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
      16. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
17. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызметті алушы осы регламентке 2-қосымшада мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген орталық басшылығына жүгiнедi.

18. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  19. Пошта және қолма-қол және поштамен түскен қабылданған шағымдарды растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).

  Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.


  Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын

беру туралы» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша

уәкілетті органның мекенжайы және жұмыс кестесі




Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

«Приозерск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесi

Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5

Күн сайын сағат 8.30-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ке дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі

8-71039-54013

8-71039-52844

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын

беру туралы» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының

мекенжайы және жұмыс кестесі




п/п


Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

1

2

3

4

5




«ХҚКО» ШЖҚ РМК-ның Қарағанды облысы бойынша филиалының Приозерск қаласындағы бөлімі

Приозерск қаласы, Балқаш көшесі 7

Күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, үзіліссіз, демалыс күндері жексенбі

8-71039-53657

8-71039-52737

Каталог: files -> userfiles -> 04 06 2013
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды
04 06 2013 -> Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет