Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан хакер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

“Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Қылмыскер 3 жылға сотталды.

Тергеу барысында сотталуышының елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталды. Сондай-ақ оның Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз ақшаға сатқаны дәлелденді.

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.