Эндокринолог Зухра Павлова ұйықтарда сүт өнімдерін ішу семіздікке әкеліп соғатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Көптеген мамандар кешкі уақытта айран ішуге кеңес береді. Айтуынша, айран ішекке пайдалы әрі құрамында көп калория жоқ. Алайда дәрігер-эндокринолог Зухра Павловна қазіргі медицинада мұндай ұсыныстарға қатысты өзгерістер барын айтады.

  • Мамандар дұрыс тамақтану туралы қалыптасқан қате түсініктерді анықтады

  • Диетолог кәмпиттерді қандай пайдалы тәттілермен алмастыруға болатынын айтты

“Ашыған сүт өнімдерінде инсулин индексінің жоғары екені анықталды. Оның үстіне біздің ағзамызда кешкі уақытта инсулин гормоны белсенді түрде бөлінеді. Айран ішіп ұйқыға жатқан адамның қанында глюкоза деңгейі төмендейді, ал бауыр оны бар жылдамдықпен синтездейді”, – дейді дәрігер.

Сондай-ақ жатар алдында тұрақты түрде айран ішу қант диабетіне және семіздікке әкелуі мүмкін.

Бұған дейін артық салмақтан арыла алмай жүргендер жиі айтатын 4 сылтауы туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.