Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", –  делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Сейтімов лауазымынан босатылды. 

Алтай Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 
  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. 
  • 2008-2010 жылдары — "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары. 
  • 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 
  • 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 
  • 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
  • 2019 жылдың 13 маусымынан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін Астана қаласының әкімі болып қызмет еткен. 
  • Ал 2022 жылдан 2023 жылдың маусым айына дейін  Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.