Алматының жекеменшік мектебінде өрескел жағдай болды. Зардап шеккен баланың анасы хабарлағандай, баласының сыныбындағы ата-аналардың бірі алты жасар оқушыны ұрып-соғып, тұншықтырған. Оған балалардың төбелесі себеп болған. Істі Әуезов ауданының полициясы тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Press.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне 2024 жылдың 2 ақпанында өтініш түскенін хабарлады.

“Бұл факт тіркелді. Жергілікті полиция қызметі мен кәмелетке толмағандар  ісі жөніндегі полиция қызметкерлері арызды қабылдады. Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайын анықтау бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде шешім қабылданады”, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зардап шеккен оқушының анасы әлеуметтік желілерде қазақстандықтардан көмек сұрап, дәлел ретінде көгерген жерлер мен қылқындыру іздері айқын көрінетін фотосуреттерді жариялады.

Алматы қаласы білім басқармасы жеке мектеп  болғандықтан, түсініктеме бере алмайтынын атап өтті. Ал білім министрлігі кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.