Процедура выбора поставщиков аудиторских услуг для акционерных обществ, акции которых прямо или косвенно



жүктеу 74.78 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі74.78 Kb.


«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің

шешімімен бекітілген

2012.20.04 №5 хаттама

2013.29.03 №3 хаттама

толықтыруларымен
Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы «Қазақтелеком» АҚ саясаты

1. Жалпы ережелер
1. Осы Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы «Қазақтелеком» АҚ саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту бойынша тиімді қызметті ұйымдастыру (аудиторлық ұйымдар көрсететін аудиторлық емес қызметтерді қоса алғанда), оларды таңдау бойынша біріздендірілген іс-жосықтарды енгізу, аудиторлық және аудиторлық емес қызметтерді ұсыну кезінде «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) аудиторларының тәуелсіздік мәртебесін сақтауын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысына жол бермеу болып табылады.

2. Саясатта көзделген негізгі ережелер Қоғамға аудитордың объективтілігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтірусіз белгілі бір аудиторлық және аудиторлық емес қызметтерді көрсету үшін аудиторларды тарту мүмкіндігін ұсынады.

3. Саясатта тұрақты түрде қабылдануы және сақталуы тиіс бірқатар басшылыққа алынатын қағидаттар мен іс-жосықтар бар.

4. Осы Саясатта пайдаланылатын анықтамалар мен қысқартулар:


  1. Директорлар кеңесі – «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі;

  2. Аудит комитеті – «Қазателеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит комитеті;

  3. Басқарма – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасы;

  4. Ішкі аудит қызметі – «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі;

  5. Аудитор – жасалған шарттың негізінде Қоғамның қаржылық есептілігіне аудит жүргізу қызметтерін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым;

  6. Аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым және/немесе оның үлестес тұлғалары (ҚР-да аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие);

  7. Кәсіби бухгалтерлер этикасының кодексі – Халықаралық бухгалтерлер федерациясының бухгалтерлері үшін Этика стандарттары жөніндегі комитет шығарған кәсіби бухгалтерлерге арналған этикалық талаптар (этика стандарттарының) жиынтығы.

5. Қоғам қаржылық есептіліктің аудиті бойынша қызметтерді орталықтандырып сатып алуды жүргізу кезінде Қоғам мен оның еншілес компаниялары үшін сатып алудың жалғыз ұйымдастырушысы болуға құқылы.
2. Аудиторды таңдау
6. Аудиторды таңдауды анықтайтын негізгі критерийлер мыналар болып табылады:

1) қызметтер сапасы;

2) қызметтер құны.

Аудиторлық ұйым қызметтерінің сапасы мынадай факторлармен анықталады:

1) аудиторлық ұйым мамандарының біліктілік деңгейімен;

2) қазақстандық және халықаралық нарықтағы жұмыс тәжірибесімен;

3) қызметтерді ұсынудағы оперативтілікпен;

4) сала бизнесін білумен (аудиторлық ұйымның белгілі бір салада клиенттері көп болғанына қарай оған осы саланың проблемалары анағұрлым таныс болады және осы проблемаларды шешудің оңтайлы нұсқаларын тезірек табатын болады).



3. Аудиторлық емес қызметтердің жіктелімі
7. Қоғам қаржылық есептіліктің аудитімен байланысты емес белгілі бір қызметтерді ұсыну және аудиторлық ұйым төлеген аудиторлық емес қызметтер үшін сыйақы деңгейі мүдделер қақтығысына немесе объективтілікті расында не көзделгендей жоғалтуға әкелуі мүмкін деп есептейді. Аудиторлық ұйымның әлеуетті қызметтерінің әрқайсысы мына санаттардың біріне жіктелген:

1) А санаты: қаржылық есептіліктің аудиті бойынша аудиторлық ұйымның ағымдағы міндеттемелерін қамтамасыз ету бойынша тәуелсіздікке ықпал ете алатын және «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексінде көзделген талаптарды сақтай отырып, аудиторлық ұйым ұсына алатын аудиторлық емес қызметтер.

2) Б санаты: аудиторлық ұйымның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша тәуелсіздікті жоғалтуға әкелетін және «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексінде көзделген басқа да шектеулерге сәйкес тыйым салынған қызметтер болып саналатын аудиторлық емес қызметтер.

8. А санаты бойынша қызметтерді «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ұсына алады.

Қоғам Б санаты бойынша қызметтерді көрсету үшін Қоғамның міндетті аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды тартпайтын болады.



9. Аудит комитеті қажеттілігіне қарай аудиторлық емес қызметтер жіктелімінің дұрыстығы туралы мәселені қарайды.

4. Аудиторлық емес қызметтерді бекіту
10. Аудиторлық ұйым ең алдымен А санаты бойынша қызметтерді көрсету үшін тартылатын болады, Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу керек. Аудиторды анықтау туралы сұраныс шеңберінде аудиторлық ұйым мақұлдауды алуда аудиторлық ұйымның тәуелсіздігіне қауіп-қатер төндірмейтін себептерді атап көрсетуі тиіс. Осы мәселе бойынша Аудит комитетіне ұсынылатын материалдар қызметтердің түрлі санаттарына бөлінген бір жылдағы аудитордың аудиторлық емес қызметтерді көрсетуі үшін ақыны, сондай-ақ көзделген қызметтерді көрсетумен байланысты төлеуге жататын болжамды сыйақыны көрсететін кестеден тұруы тиіс.

11. Саясаттың 9-тармағы бойынша Аудит комитеті қабылдаған шешімдер мәлімет үшін Директорлар кеңесіне ұсынылады.



5. Аудиторлық ұйымның аудиторлық емес қызметтерді

көрсетуі кезіндегі мүдделер қақтығысы
12. Қаржылық есептіліктің аудиті бойынша қызметтерді алу кезінде Қоғам:

  1. аталған аудиторлық ұйымнан бұдан бұрын алынған қызметтердің сипаттамасы;

  2. қаржылық есептілік қамтитын кезең ішіндегі немесе кезеңнен кейінгі аталған аудиторлық ұйыммен қаржылық және іскери қарым-қатынастар салдарынан аудиторлық ұйым үшін тәуелсіздік қаупінің орын алу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қоғам аудиторлық ұйым үшін өзін-өзі бақылау қаупін болдырмаудың немесе оны қонымды деңгейге келтірудің шараларын қабылдамаған немесе қабылдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қоғам мұндай аудиторлық ұйымнан қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді ала алмайды.

13. Аудиторлық ұйымға «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда аудит жүргізуге тыйым салынады.

14. Қоғамның аудиторлық ұйымнан алатын қызметтері объективтілік және құпиялық қағидаттарын бұзбауы тиіс, олар мынадай жағдайларда туындауы мүмкін:

1) аудиторлық ұйымның көптеген қатысушылары Қоғамның бәсекелестері болып табылатын бірлескен кәсіпорындары немесе ұқсас бірлестіктері болғанда;

2) аудиторлық ұйым мүдделері қақтығыс жағдайындағы немесе мәселелер, операциялар мен проблемалар бойынша бір-бірімен диспуттар мен пікірталас жағдайындағы Қоғамға және басқа ұйымдарға қызметтер көрсеткен жағдайда.

6. Кезеңді есептілік
15. Қоғамның бас қаржы директоры кемінде жылына бір рет Аудит комитетіне 12 айға тең өткен кезең үшін ақпаратты қамтитын есепті ұсынады, оның ішінде:

1) Аудитор көрсеткен аудиторлық қызметтердің көлемі;

2) Аудитор көрсеткен аудиторлық емес қызметтердің көлемі (түрлі қызметтер санаттары бойынша бөлінген);

3) Қоғамның осындай қызметтерді көрсеткені үшін Аудиторға төлеген сыйақысы (әр қызметке жеке және жиынтықта).



7. Жоба бойынша серіктесті ротациялау
16. Қоғам Аудитордан әр бес жыл сайын жоба бойынша серіктесті (аудит үшін негізгі жауаптыны) ротациялау қағидатын ұстануды талап етуі тиіс. Аудитор аталған нәтижеге қол жеткізу бойынша сабақтастық жоспарын дайындап, оны ротация жүргізуден кемінде бір жыл бұрын қарау үшін Аудит комитетіне ұсынуы тиіс.

8. Аудитордың қызметкерлерін

«Қазақтелеком» АҚ-ға жұмысқа қабылдау
17. Қоғамның міндетті аудитіне Аудитор қызметкері ретінде қатысатын немесе Аудитордың қызметкері ретінде «Қазақтелеком» АҚ-да тағайындалу (сайлану) датасының алдындағы екі жыл ішінде Қоғамның міндетті аудитіне қатысқан тұлғаны «Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесінің, басқарушы директоры мен бас бухгалтерінің лауазымына тағайындау (сайлау) көзделген жағдайда, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында оның тағайындалуы (сайлануы) туралы мәселені одан әрі қарау үшін ұсынылатын кандидат бойынша Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.


9. Аудитор беретін жыл сайынғы растау
18. Аудитор Аудит комитетіне (кемінде жылына бір рет):

1) Аудитордың тәуелсіздігі сақталғанын;

2) Аудитор мен оның серіктестерінің «Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобына кіретін компанияларда қаржылық мүдделерінің жоқтығын;

3) аудиторлық топ мүшелерінің «Қазақтелеком» АҚ-да ешбір қаржылық мүдделерінің жоқтығын;

4) осы Саясатта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғам мен Аудитор арасында ешқандай басқа қызмет көрсету жағдайлары жоқтығын;

5) Қоғамның Аудиторға төлейтін сыйақысының ешбір бөлігі төтенше жағдайлардың туындауы негізінде төленбейтінін;

6) Қоғамға көрсетілген әрбір қызмет бойынша Аудитор алған сыйақының жалпы сомасы Аудитордың Қоғамнан немесе «Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобынан қаржылық тәуелсіздігіне айтарлықтай ықпал етпегінін, оның шегі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің (the ACCA Rules of Professional Conduct) тұрақты сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының Кәсіби этика ережесіне сәйкес Аудитордың жалпы кірісінің 15 пайызынан аспауы керектігін;

7) Қоғам мен Аудитор арасында ешқандай даулардың жоқ екенін растайды.



19. Аудит комитеті Директорлар кеңесіне осы Саясаттың 17-тармағында айтылған растауды Аудитордың бергенін жыл сайын растап отырады.

10. Қорытынды ережелер
20. Осы Саясат онда жазылған талаптардың өзектілігіне қатысты кезеңді түрде бағаланып отыруы тиіс. Аудит комитеті қажетіне қарай Саясат талаптарының сақталу мәселелерін Ішкі аудит қызметін тарта отырып қарайды.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет