Түркиялық сарапшы Энгин Озер ел президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинге Украинамен келісімге келу туралы ұсыныс айтуы мүмкін дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Риа Новости

Озер Ресей мен Украина арасында келіссөз жандануы мүмкін екенін айтып, мұны Путиннің Түркияға сапары кезінде Ердоған ұсынады деп болжады. Оның пікірінше, диалогқа Ыстамбұлдағы процесс негіз болады. 

"Оқ жаудыруды тоқтату үшін Түркия екі ел арасында делдал бола алады. Тараптар бір-бірімен тікелей байланысқа шықпай-ақ келіссөз жүргізеді. Қазір түркиялық және америкалық дипломаттар Анкарада бейбіт келіссөзге қатысты ой бөлісіп жатқан шығар", – деп түйіндеді сарапшы. 

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесіп, Израильдің соққыларының нәтижесінде Газа секторы толығымен жойылғанын айтқан еді. 

Ол халықаралық қауымдастықтың барлық мүшесі Таяу Шығыста әділ және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керегін баса айтты. 

"Болып жатқан жағдайға қатысты үнсіз қаламыз ба? Қолымыз бен тіліміз байланып қалса, тарих алдындағы жауапкершілікті көтере алмаймыз", – деді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.