Белгілі әнші Тамара Асарға Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы медаль табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қуанышты жаңалығын әнші жеке парақшасында жария етті. 

“Мені “Батыр қыз” деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері,офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп,басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-Анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің – батырлығы. Алдыңғы буын ағалар, құрметтеріңізге үлкен мың алғыс!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары мен тыңдарман қауымның пікірі екіге жарылды. Бірі сүйікті әншісін қолдап, лайық марапат деп жатса, енді бірі даттап жатыр. “Ауылда көп бала асырап, елі мен жеріне ерен еңбегі сіңген қаншама батыр аналарымыз бар. Солардан біреуі табылмады ма екен?!”, “Тамара тек ән айтып қана батыр болып жүр ме?”, “Атақты тек әншілер алатын болды”, “Майданда қан кешкен ұшқыш-батырды сахнада ән айтатын әншімен теңестіргені несі”, – деп ашуланды желі қолданушылары. 

Еске салайық, әнші самаурын жинау сүйікті ісі екенін жазған болатынбыз. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.