Проект приказа



жүктеу 84.47 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі84.47 Kb.
түріБағдарламасы



Халықаралық медициналық-санитариялық

қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың

жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық

үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі

туралы ережені бекіту туралы

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 66-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов




Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

«____» _______2019 жылғы №_____ бұйрығына қосымша




Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) разработано «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 66-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:



1) Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар (бұдан әріХМСҚ) -  медициналық-санитарлық қауіпсіздікті ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде күшейту мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау саласында жаһандық қағидаларды белгілейтін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 2005 жылғы 23 мамырдағы Елу сегізінші сессиясында қабылданған және 2007 жылғы 15 маусымда күшіне енген халықаралық шарт;

2) Қоғамдық денсаулық сақтаудың Жаһандық Бағдарламасы (бұдан әрі ҚДЖБ) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі - ДДҰ) қатысушы мемлекеттердің басқа халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен бірлесіп әлемдік деңгейдегі инфекциялық аурулардың қауіпінен қорғау, сондай-ақ ХМСҚ орындауды қамтамасыз ету мақсатында және қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету бойынша басқа да шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын халықаралық бағдарламасы.

3) ДДҰ-ның ХМСК бойынша ДДҰ Байланыс орны Ұлттық үйлестірушімен байланысу үшін кез келген уақытта қолжетімді бөлімшесі;

4) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халық-аралық маңызы бар төтенше жағдай - басқа мемлекеттерде аурулардың халықаралық таралуы нәтижесінде және үйлестірілген халықаралық жауапты шараларды талап ете алатын халық денсаулығына тәуекелі ретінде ХМСҚ анықтайтын ерекше оқиға;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын қорғау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласында басшылық етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6) халықаралық маңыз – халықтар, мемлекеттер арасында қалыптасқан қатынастар.

3. ХМСҚ және ҚДЖБ бойынша ұлттық үйлестіруші ХМСҚ бойынша ДДҰ Байланысу орнымен байланысу үшін кез келген уақытта қолжетімді, медициналық-санитарлық қағаидаларды жүзеге асыруға жауапты ұлттық орталық ретінде «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

4. Ұлттық үйлестіруші:

1) ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының (бұдан әрі – ДДҰ ЕӨБ) ХМСҚ байланыс орнына бекітілген. ДДҰ ЕӨБ жауапты тұлғаларымен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен жедел коммуникация үшін байланыс ақпараты анықталады (телефондар, пошталық және электрондық мекенжайлар);

2) ХМСҚ бойынша ДДҰ ЕӨБ байланыс орындарымен байланысу үшін тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн бойы қолжетімді және ДДҰ-ға жыл сайын жаңартылған ақпарат ұсынады.

5. Ұлттық үйлестірушінің міндеттері ДДҰ ЕӨБ-ге Қазақстан Республикасының атынан қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы биологиялық, химиялық, радиациялық сипаттағы халықаралық маңызы бар тәуекелдер немесе төтенше жағдайар туындаған кездегі материалдарды жинау, бағалау және талдау негізінде ХМСҚ және ҚДЖБ талаптарын орындауға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы оқиғаларға жауап ретінде қабылданған тағам қауіпсіздігі саласындағы микробқа қарсы төзімділік және медициналық-санитарлық шаралар туралы жедел хабарламаларды ұсыну болып табылады.



2-тарау. Ұлттық үйлестірушінің өкілеттері
6. Ұлттық үйлестірушінің өкілеттері:

1) ХМСҚ бойынша ДДҰ ЕӨБ байланыс орнымен байланыс жүйесіне тестілеу жүргізу;

2) уәкілетті органның келісімі бойынша жыл сайынғы есептерді, жаңартуларды, Ұлттық үйлестірушінің байланыс деректері туралы хабарламаларды дайындау және жіберу;

3) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайлардан тұратын оқиғалар жағайында ХМСҚ ДДҰ ЕӨБ байланыс орнымен тұрақты ақпарат алмасу;

4) ХМСҚ шеңберінде елге халықаралық көмек көрсету мақсатында жағдайды қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп анықтауда, халықаралық тәуекелдің маңызын және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың бағалауда ДДҰ-мен ынтықмақтастық;

5) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ХМСҚ бойынша ДДҰ ЕӨБ байланыс орнына Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық саласындағы биологиялық, химиялық, радиациялық сипаттағы, сондай-ақ тағамдық қауіпсіздік саласындағы халықаралық маңызы бар оқиғалар мен осы оқиғаларға жауап беру ретінде Қазақстан Республикасында қабылданған медициналық-санитариялық шаралар туралы жедел хабарламалар жіберу;

6) уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасында ХМСҚ жүзеге асыру мәселелері бойынша ДДҰ үшін есептер дайындау және жіберу;

7) ДДҰ-ны хабардар еткеннен кейін зертханалық зерттеулердің нәтижелері, дереккөздер мен тәуекел түрлері, сырқаттану жағдайларының саны және өлім, аурудың таралуына әсер ететін шарттар және қабылданған медициналық-санитариялық шаралар туралы уақтылы қажет болған кезде орын алған қиындықтар мен төтенше жағдайларға ден қоюдағы ДДҰ қажетті қолдауы туралы хабарлама және жеткілікті толық медициналық-санитариялық ақпаратты ұсыну;

8) ДДҰ ЕӨБ ХМСҚ Байл аныс орнын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс анықталған, аурудың халықаралық таралуын тудыруы мүмкін және адамдардың ауруларының импортталған/экспортталған жағдайлары нәтижесінде пайда болған халық денсаулығы үшін тәуекел, инфекцияны немесе контаминациялар, немесе контаминацияланған тауарлар туралы ақпаратты 24 сағат ішінде алу ықтимал;

9) ДДҰ өтініші бойынша Қазақстан аумағында ықтимал болып жатқан және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайды тұратын, халықаралық маңызы бар оқиғалар туралы хабарламалар мен консультациялар басқа, өзге дереккөздерден алған хабарламалардың дұрыстығын анықтау;

10) уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында туындайтын және хабарламаны талап етпейтін оқиғаларға қатысты ДДҰ-мен консультациялар жүргізу;

11) ДДҰ-ның консультациялар және Қазақстан Республикасының аумағында болып жатқан оқиғалар бойынша хабарламалар мен консультациялар басқа, өзге дереккөздерден түсетін хабарламаларды растауға қатысты өтінішіне ден қою. ДДҰ-ға бастапқы жауапты ұсыну немесе оны 24 сағат ішінде растау;

12) уәкілетті органдарды, олардың ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын ДДСҰ құпия сайтынан немесе өзге де дереккөздерден алған, әлемнің басқа мемлекеттерінің аумағында болып жатқан денсаулық сақтау саласындағы күтпеген немесе ерекше оқиғалар туралы жүйелі және жедел ақпараттандыру;

13) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарына жіберу және эпидемиологиялық қадағалау мен есептілікке жауап беретін мемлекеттік органдарды, кіру орындарына, қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін, медициналық ұйымдарды қоса алғанда олардан келіп түсетін ақпаратты біріктру;

14) қоғамдық денсаулық сақтау саласында Төтенше жағдайлар бойынша жедел орталықпен және Ұлттық үйлестіруші органмен денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы секторына тартылған құрылымдардың микробқа қарсы препараттарға микробқа қарсы төзімділігін эпидемиолгиялық қадағалау шеңберінде іске асыру және мониторинг бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

15) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалаудың ұлттық жүйесінің мүмкіндіктерін және төтенше жағдайларға жауап беретін шараларды бағалауға қатысу;

16) уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының құзіретті мемлекеттік органдарына ДДҰ-ның аурудың халықаралық таралуының алдын алу бойынша ұсыныстарын жіберу;

17) Қазақстан Республикасында ХМСҚ және ҚДЖБ іске асыру бойынша республикалық, өңірлік және халықаралық семинарларды, тренингтерді, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу;

18) қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және деп қою мәселелері бойынша халықты тұрақты ақпараттандыруды жүзеге асыруға ықпал ету;

19) ХМСҚ/ҚДЖБ мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын есептер мен статистикалық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

20) органдар мен ұйымдардың ХМСҚ/ҚДЖБ бойынша жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

21) ХМСҚ реттейтін және олардың орындалуына әсер ететін заңнамалық және өзгеде нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынстар енгізу;



21) ХМСҚ бойынша ДДСҰ ЕӨБ Байланыс орны туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту;

22) ДДҰ ЕӨБ-мен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар тәуекелдер мен төтенше жағдайларды, оқиғаларды бағалауға қатысу;



23) уәкілетті органның келісімі бойынша ДДҰ-ға Кеменің санитариялық бақылаудан өткені туралы куәлік және Кемені санитариялық бақылаудан босату туралы куәлік беруге рұқсат етілген кемежайлардың тізімін, сонымен қатар осыған қатысты кез келген өзгерістер туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет