Өмірі көлікпен тығыз байланысты әйелдердің бірегейлігі мен көп қырлылығы, олардың өткерген өмір жолы мен қоғамдағы рөлі фотографтардың объективі арқылы бейнеленеді. Біздің замандастарымыздың портреттері Äіel Tizginde көрмесінде қойылған.

Allur автокомпаниясы танымал фотограф Оспан Әли және QYR Space шығармашылық кеңістігімен бірлесіп ұйымдастырған көрме Халықаралық әйелдер күніне арналған. Екі апта бойы елордалық фотографтар көрнекті фотосурет шеберлері, стилистер, галерея иелері және шығармашылық индустрия қайраткерлері ұйымдастырған воркшопқа қатысты. Нәтижесінде қазақстандық әйелдердің – такси және автобус жүргізушілері, автослесарьлар, тәуелсіз автоханымдардың табиғи ортада жасалған портреттері алынды.

"Осы жобамен біз нәзік жандардың автомобиль әлеміне маңызды ықпалын атап өтеміз. Фотографтарға әйелдердің барлық салаларға қосқан үлесін көрсетуде салған күш-жігерлері үшін алғыс айтамын. Біздің әйелдер барлық салада табысты, және олардың барлығы тамаша, сүйкімді, қайталанбас, әрқайсысы өз саласының маманы. Фотографтар кейіпкерлердің ерекшелігін баса көрсете отырып, әйелдердің мінезін, харизмасы мен қайсарлығын жеткізе білді. Көрме елорда тұрғындары мен қонақтарына керемет әсер қалдыратынына сенімдімін. Баршаңызды талантты авторлардың шығармашылығынан ләззат алуға және отандастарымыздың жетістіктерінен шабыт алуға шақырамын", – деді көрменің ашылуында Allur бөлшек сауда желісінің операциялық директоры Жанар Оспанова.

23 кейіпкер және олардың соншалықты ерекше өмір тарихтары тамсандырады, таң қалдырады. Әрбір фотосуретке еріксіз көз тоқтатып, әйелдерге жаңа көзқараспен қарайсың. Бұл жай ғана көрме емес, рөлдегі қыздардың сұлулығы, таланты мен даралығы әлеміне үңілу.

Фотокөрме кейіпкерлерінің бірі – "Қазависпас" тікұшағының 5 жылдан бері тізгінін ұстаған екінші ұшқышы Назель Нұрғалиева: "Өзге саладағы сияқты авиацияда да әйелдің өзіндік мінезі болуы, күйзеліске төзімді, мақсатқа берік болуы керек. Мен сенімдімін: әйел әлсіз болуы керек деген стереотип қазіргі заманға сай емес тұжырым. Ұшақ пен тікұшақтың арасында таңдау жасағанда мен екіншісін таңдадым, оған өкінбеймін. Менің мамандығым сергектікті талап етеді, мен адамдардың өміріне жауапкершілікті сезінгенді ұнатамын. Біздің көптеген рейстеріміз төтенше жағдайларға – өртке, су тасқынына және басқа да экстремалды жағдайларға байланысты. Біздің жұмыста әлсіздерге мүлдем орын жоқ. Кез келген стандартты емес жағдайда жедел, айқын әрі сауатты әрекет ету керек".

Көрме Kia Allur дилерлік орталығында Тұран даңғылы, 53А мекенжайы бойынша 7 наурыздан 18 наурызға дейін жалғасады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.