ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Алматыдағы автобус жүргізушісімен болған қайғылы жағдайдан кейін қоғамдық көліктерге қатысты қандай шара қабылданып жатқанын мәлімдеді.
Комитет төрағасының сөзінше, қоғамдық көліктерді бақылау жұмыстары біраз уақыттан бері назардан тыс қалған. Қайсар Сұлтанбаев Алматыда болған жантүршігерлік оқиғаға тоқталды.
“Соңғы рет Алматыдағы автобус жүргізушісімен болған жағдайдан кейін жол апаты болып, 3 адам қаза тапты. Біз жедел түрде азаматтарды тасымалдайтын транспорттық компаниялардың басшыларымен кездестік. Кездесу барысында қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік мәселесін талқыладық, оның ішінде жүргізушінің де қауіпсіздігін қарастырдық. Бұл мәселені талқылау барысында қоғамдық көліктердегі бейне бақылау камералардың және көмекке шақыру батырмаларының жоқтығы мәселесі пайда болды. Оларды автобустарда орнату жұмысы жергілікті атқарушы органдар мен транспорт компанияларының иелерінің құзыретінде. Негізі бұл жабдықтар осы аталған органдардың тарапынан қойылуы керек”, — деді комитет төрағасы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикер транспорттық компания иелерімен кездесу барысында автобустарға камералар мен SOS батырмаларын орнату бойынша келісімдер жүргізілгенін атап өтті.
“Өткен жылы көмек сұраған 250 мың хабарлама келді. Бүгінде қоғамдық орындарда 38 SOS батырмаларын орнаттық. Ол бойынша да тұрғындар көмекке жүгініп жатыр. Оған қоса 102 мобильді қосымшасы да жұмыс істейді”, — деді ІІМ өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, үш адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Ал, қайтыс болғандардың жақындары автобус паркінен өтемақы талап етуде. Соққыға жығылған жүргізуші әйелдің сұхбаты әлеуметтік желіде тарады. Сұхбатта жүргізуші өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтады.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.