Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни



жүктеу 34.37 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі34.37 Kb.

Алдын алу – табыс кепілі
Алдын алу шарасы – біз кең ауқымда қолдана алатын және халыққа осы ауруға қарсы тұруға көмектесетін қолжетімді әрі тиімділігі жоғары бірден-бір құрал.

АИТВ-инфекциясы халықтың мейлінше еңбекке қабілетті бөлігін зақымдап, демографиялық көрсеткіштерге (туу көрсеткіштерін төмендетуге, өлім-жітімді көбейтуге) әсер етеді.

АИТВ-инфекциясының алдын алу мен емдеудің ерекшелікті құралдары жоқ, ҚР аумағында АИТВ-инфекциясының таралуын абайлатудың аса маңызды шарасы –

халықты ағарту болып табылады.

Алдын алу іс-шараларының негізі – АИТВ/ЖИТС проблемаларының әртүрлі аспектілері бойынша халықты кеңінен, уақытылы және қолжетімді хабардар ету және оқытып- үйрету.

АИТВ-инфекциясының таралуы мінез-құлыққа байланысты болғандықтан, алдын алу шарасында тәрбие мен оқытып- үйретуге маңызды орын берілген.

ЖИТС МОО мамандарымен осы бағытта халықтың барлық жіктерімен, әсіресе жастардың – мектептің жоғары және төменгі сынып оқушылары, ОАОО мен ЖОО студенттері арасында біршама жұмыс жүргізілуде. Күн сайын семинар сабақтары, лекциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, әңгімелеу, сұхбаттасу, әр түрлі ойындар өткізіледі, бейнероликтер көрсетіледі, ақпараттық-білім беру материалдарын (плакаттар, буклеттер, парақшалар, күнтізбелер) үлестіру және т.б. жүргізіледі.

АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша белгілі бір білімі бар жасөспірімдер үшін тиімді әдіс сұхбаттасу болып табылады.

АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі лекция барысында: індеттің таралу тарихы, аурудың пайда болуының болжамдары, вирустың берілу жолдары, АИТВ-ның ЖИТС-тен айырмашылығы, алдын алу шаралары, саламатты өмір салтын қалыптастыру және т. б. секілді мәселелер айтылып көрсетілуі мүмкін.

Хабардар ету және оқытып-үйрету бағдарламалары кезінде АИТВ-инфекциясын алдын алудың барлық аспектілері қарастырылады:

Жеке басының алдын алу шаралары:

- бей-берекет жыныстық қатынас жасауды, есірткі тұтыну мен енгізуді болдырмау; татуировка жасатуды, ортақ ұстараны,жеке басы гигиенасының маникюрлік және басқа да заттарын пайдалануды болдырмау;

- жеке қорғаныш құралдары пайдалану.

Берілу жолдары бойынша алдын алу шаралары.

Берілуінің 3 жолы бар: жыныстық; парентералды (вирустың қанға түсуі кезінде); тік (анадан балаға).

Жұқтырудың жыныстық жолы. Жыныстық қатынас жасамаған және есірткіні ішке енгізіп көрмеген адамда іс жүзінде АИТВ-ны жұқтыру болмайды. Ерте бастан және бей-берекет жыныстық қатынас жасау венериялық ауруларды, АИТВ-инфекциясын жұқтыруға, қаламайтын жүктілікке, отбасын құруға байланысты проблемаға әкелмек. Некеге отырғанға дейін жыныстық қатынас жасаудан тартыну, жыныстық жолмен берілетін аурулармен сырқаттану үрейінен және оның салдарынан арылтады. Жыныстық қатынас жасау кезінде мүшеқапты пайдалану, венериялық ауруларды, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мен қаламайтын жүктілік ықтималдығы қаупін азайтады. Бұл ретте оны пайдалану қағидасын сақтау маңызды.

Жұқтырудың парентералды жолы (вирустың қанға түсуі). АИТВ-ның қан арқылы берілу жолы қазіргі кезде есірткіні тұтынушылар ортасында іске асуда, осылар есірткіні вена ішіне енгізу кезінде ортақ бір шприцті, инені, есірткіні алуға арналған ыдыс пен сүзгіні топтасып пайдаланады. Сондықтан, егер адам есірткі тұтынудан тартынса, онда ол АИТВ-ның берілу жолынан қорғалады. АИТВ-ны жұқтыру мынадай амалдар: құлағын тестіру, татуировка жасату кезінде, бөтен адамның ұстарасын пайдалану кезінде болуы ықтимал екендігін еске ұстаған жөн. Бұл жағдайда жұқтырылуын абайлатудың маңызды кезі біржолғы құрал-саймандарды пайдалану не оны сапалы өңдеу болып табылады, бұл – вирусты жұқтыру мүмкіндігін болдырмайды. Егер осылар лицензияланған салондарда жүргізілетін болса, осынау амалдар қауіпсіз деп есептеледі.

Жұқтырудың тік жолы. АИТВ-жұқтырылған анадан балаға жұқтыру – ананың жүктілігі, босануы кезінде вирустың ұрыққа өтуі кезінде, баланы емшекпен емізу кезінде орын алады. АИТВ-инфекциясының тік берілуі кезінде нәрестенің жұқтырылу қаупін төмендету үшін, республиканың акушерлік-гинекологиялық қызметінің тәжірибесіне анаға да, сонымен бірге балаға да антиретровирусты препараттармен дәрі-дәрмектік алдын алу, нәрестені жасанды тамақтандыру енгізілген.



АИТВ/ЖИТС-тың алдын алудың негізі ретінде – саламатты өмір салтын ұстану да өзінде: жеке басы гигиенасының қағидаларын сақтауды, дене шынықтырумен және шынығумен айналысуды, дұрыс тамақтануды, алкоголді, темекіні, есірткіні тұтынудан тартынуды, әр түрлі уәйім-қайғыны жеңе білуді қамтиды. Пайдалы әдеттер – зиянды әдеттердің өзіне қарсы бағытталғаны сезілетін дәрежеде денсаулығын қалыпты сақтау мен нығайтуға ықпал етпек. Ойланбай істелінетін мінез-құлық – болжап болмайтын салдарға әкелмек. Әрбір адам – өз денсаулығының жағдайына қамқор болуға тиіс. Денсаулық ақшадан да қымбат, өз денсаулығыңды сақтай біл. «Өз денсаулығың өз қолыңда». Өз денсаулығыңа жауапты қарауға тәрбиелеу – саламатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты да осы.

Алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. Кемазанова

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет