Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайының салынып жатқан жолаушылар терминалында барып, тіркеу, ұшу, күту залы, ұшып келу, жүк беру және қалаға шығу аймақтарындағы жұмыстардың барысымен танысты. 

Алматы әкімі Ерболат Досаевқа Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой хабарлағандай, қазір жаңа халықаралық терминал ғимараты 87%, орталық инженерлік қондырғы 99%, әуеайлақ 93%, вокзал маңы аумағы 78%, эстакада 80% дайын. 

Альп Эр Тунга Эрсой терминал үшін барлық қажетті техника мен әуежай жабдығы сатып алынғанын атап өтті, оның бір бөлігі жүктерді басқару жүйесі, жолаушылар басқышы, лифттер, эскалаторлар, жолаушылар конвейерлері, рэк шкафтары, жүкті сақтау және тасымалдау жүйелері және т.б. Жаңа терминалда жолаушылардың жайлылығы үшін ана мен бала бөлмелері қарастырылған, әр қабатта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жайлылық, балаларға арналған ойын алаңы, сонымен бірге демалыс бөлмелері, Co-working аймақтары, үй жануарларына арналған дәретхана сияқты қосымша ыңғайлы нәрселер бар.

Сонымен қатар, жаңа терминалда Қазақстандық авиация музейі болады. 

Тұжырымдамаға сәйкес, ескі терминал жөндеуден кейін ішкі рейстер үшін пайдаланылады. Aл жаңа терминал ескі терминалмен жер үсті өткелі арқылы жалғанады. Жаңа терминал жолаушыларға ғимараттың сыртына шықпай-ақ ішкі және халықаралық рейстерге оңай баруға мүмкіндік береді.

Жолаушыларды шекара қызметі желісі бойынша паспорттық бақылаудан өту кезінде заманауи және қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету үшін жаңа терминалда ұшу аймағында 20 кабина (8 бірлікке көбейту), ұшып келу аймағында 32 кабина (13 бірлікке көбейту), Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұшып кету-ұшып келу аймағында автоматтандырылған өткізу жүйесі бойынша 4 бірлік жабдық, 4 жүк лентасы, ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жолаушыларға арнап ақпараттық дүңгіршектер орнатылады.

Бұған қоса, ұшып келу аймағындағы 5-тен 11-ге дейін және ұшып кету аймағындағы 4-тен 7-ге дейінге дейін кедендік пункттер ұлғайтылады. 

Қала басшысының жұмыс сапары барысында әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы туризмді дамытудың негізгі факторының бірі болып табылатыны атап өтілді. Қазіргі терминалды жаңартуды ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайының жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн.жолаушыға дейін ұлғаяды (2023 жылдың қорытындысы бойынша әуежайға өткізу қабілеті 2,7 млн. адам болған кезде 9,5 млн. адам қызмет көрсетті). Жаңа терминалдың телескопиялық басқыштары борттың көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшақты қабылдай алады. Осылайша, биыл шетелдік туристер саны 520 мың адамға, ал 2030 жылға қарай 1 млн.адамға дейін өседі деп болжанып отыр. 

Ерболат Досаев жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы құрылыс материалдарын пайдалану мәселесіне ерекше назар аударуға шақырды. Альп Эр Тунга Эрсойдың айтуынша, нысандағы құрылыс материалдарының сапасын бақылау Анталия, Тунис, Анкара, Скопье, Загреб және т.б. сияқты әуежайларда TAV Airports Holding компаниясы іске асырған жобалардың стандарттары негізінде жүргізіледі.

Алматы әкімі жаңа терминалдың құрылысын осы жылдың маусым айында аяқтауды тапсырды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.