Кентауда орналасқан Қазақстандағы жалғыз мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған арнайы колледжде студенттерге мерзімі өтіп кеткен тамақтар берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сергей Зубков

Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, Кентау қаласында орналаcқан "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталған.

“Прокурорлық тексерумен колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды. Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен ескіру мерзімі өткен медициналық препараттарды қолданған”, – делінген прокуратураның таратқан ақпаратында.

Бұл колледж еліміздегі жалғыз мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін  құрылған мекеме екені айтылады.

  • "Жазда ғана жылынамыз": Кентау тұрғындары күннің суығында жылусыз отыр
  • Астаналық Кентау қаласы әкімінің лауазымын төрт миллион теңгеге сатқан

Сонымен қатар сапасыз білім берудегі бұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болған.

“Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған. Тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді”, – деп қосты облыстық прокуратура.

Бұған дейін Кентауда заңсыз жұмыс істеген тәрбиешінің көмекшісі оқушыларды қорлап, қысым көрсеткені туралы жазылған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.