Мемлекеттік Дума Crocus City Hall ғимаратынан адамдарды эвакуациялауға көмектескен алты жасөспірімді марапаттады. Батырларды ата-аналарымен бірге Думаның Отбасын қорғау комитетінің отырысына шақырып, ризашылықтарын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "МИР 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mir24.tv

Терактіде жүздеген адамды құтқарғандарға марапаттарды кеше Қоғамдық палатада Балалар омбудсмені, бүгін Мемлекеттік Дума депутаттары табыс етті.

Мектеп оқушылары Мемлекеттік Думаға алғаш рет қатысты. Депутаттар жеткіншектерді батырлығы үшін мақтан тұтып, алғысын білдірді. 

17 жастағы Лиза адамдардың көзіне бірден түспейді, себебі бойы бәрінен кішкентай. Бұл оған теракт кезінде адамдарды құтқаруға көмектескен болуы мүмкін. 

"Менде күш өте аз болды. Өйткені ол кезде өзімде де қорқыныш басым болды. Бірақ олардың да мен сияқты адамдар екенін, өмір сүргісі келетінін және оларға көмек қажет екенін түсіндім", — деді "Мәскеу мемлекеттік оқу кешені" колледжінің 1 курс студенті Елизавета Терехова.

  • "Крокус сити холл" шабуылын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы бір теракт жасамақ болған – БАҚ 
  • Крокус Сити Холлдағы шабуыл кезінде қыз көз жұмғандай кейіп танытып, өмірін құтқарып қалған

Лизамен бірге оның жігіті Александр Журик те болған. Ол да шығармашылық адамы. Қалаулы музыкант. Болашақта Крокус сахнасында өзі де өнер көрсеткісі келеді. 22 наурызда ол гардеробта толық емес жұмыс істеген. Теракт кезінде оқушы қызметтік шығу есігі арқылы адамдарды сыртқа алып шыққан.

"Жанымда досым болды. Ол қазір ауруханада. Адамдарға шығар есікті  екеуміз бірге көрсеттік", — деді мектеп оқушысы Александр Журик.

Ал оқушы Ислам Халиловтың сөзінше, ол бұрыс бағытта жүгіріп келе жатқан адамдарды көріп, оларды дұрыс жолға бағыттаған.

"Сол сәтте оларға көмегім керек екенін түсіндім. Бізге қай жолмен жүру керектігін көрсетті. Әрі қарай адамдарды құтқаруға дайын болдым", — деді студент Ислам Халилов.

Crocus City Hall ғимаратында болған теракт кезінде адамдарды құтқарған оқушылардың ең кішісі 14 жаста, үлкені 17-де. Бүгін депутаттар мектеп оқушыларының ата-аналарына жеке-жеке алғыс айтты. 

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

Айта кетейік, 24 наурызда Басманный аудандық соты қанды қырғынға қатысы бар 4 адамды 22 мамырға дейін қамауда ұстау туралы үкім шығарды. Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализоду, Мухаммадсобир Файзов пен Шамсиддин Фаридуни кінәларын толық мойындады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.