Танымал актриса, продюсер Құралай Анарбекова мәһрге қандай дүние қалайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kuralay_corich/

Өнер иесінің айтуынша, ол дүние ұрпаққа мұра болып қалуы керек екен. 

“Мәһрге қыздар көлік немесе үй сұрап жатады. Менің арманым – отбасылық кітапхана жасау. Оның қандай болатынын жобалап, ойластырып қойдым. Болашақ күйеуім 2 мың кітап берсе деймін. Қолжетімді бәрінің үйінен табылатын кітап емес, түпнұсқа, ешкімнің қолына түсе бермейтін құнды кітап сұрар едім. Бір күнде беру міндетті емес. Жылдар бойы бірге жинап, кітапты  балаларымызға, немерелерімізге мұра етіп қалдыру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша жақсы кітаптар сыйласа екен”, – дейді актриса. 

  • "Мәһр – адам саудасы": Танымал вайнер Мөлдір Анарбаева күйеуінен сыйлық сұрайтын қыздарды сөгіп тастады

  • Нұрлан имам бастаған дін өкілдері мәһрді мазақ қылған жастарға ескерту жасады

Желі қолданушылары кино жұлдызын бірауыздан қолдап жатыр. 

“Мәһрге 100 мың теңгеден көп ақшаға тұратын нәрсе сұрауға болмайды Құран кітапта солай жазылған, қыздар”, “Керемет сыйлық сұрап тұр”, “Әлі 1897 кітап жинау керек екен”, “Қандай ақылды қыз”, “Дұрыс шешім” деп сүйсініп жатыр оқырман. 

Еске салайық, актриса жол ережесін бұзып, айыппұл төлегенін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ахалек Akylbek Zhumagaliyev (@aqolek)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.