Желіде екі ер адам арасындағы жанжал түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видеодан екі ер адамның алдымен эмоционалды түрде сөйлесіп тұрғанын, содан кейін бірін-бірі итермелей бастағанын көруге болады. Желі қолданушылары видеодағы адамдардың Ақмола облысы Егіндікөл ауданы полициясының бастығы Бағисов Біржан мен оның орынбасарына ұқсайтындарын жазған. Видеоны желіге жүктеген автордың айтуынша, қақтығыстың соңы төбелеске ұласқан.

Ақмола облысының полиция департаменті бұл видео бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.