Программа развития Жамбылской области



жүктеу 4.28 Mb.
бет13/23
Дата09.09.2017
өлшемі4.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

2.2.4. Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі заманауи желісін ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.



2010 жылы негізгі технико - экономикалық көрсеткіштер бойынша біраз нәтижеге қол жеткізілген. Облыс бойынша 9483 телефон, оның ішінде қалаларда – 3667 телефон және ауылдық жерлерде – 5816 телефон орнатылған.

2011 жылы облыс бойынша 9258 телефон, оның ішінде қалаларда – 3899 телефон және ауылдық жерлерде – 5359 телефон орнатылған. Нәтижесінде телефондық аппараттардың саны 180526 бірлікті құрады, оның ішінде қалаларда – 102531 бірлік және ауылдарда – 77995 бірлік.

2012 жыл ішінде облыс бойынша 11177 телефон, оның ішінде қалаларда – 5754 телефон және ауылдық жерлерде – 5423 телефон орнатылды. Коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы облыс бойынша 197178 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82 060 номер. Жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 185 535 номер немесе облыс бойынша 94,1%. Коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 185 576 номерді немесе 94,1%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80 815 номер (98,4%). Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 61 станциясы жұмыс істеген (НССС «ДАМА» - 12, Sky Edge – 49). Кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 15,3%-ды, Тараз қаласы - 24,8%-ды құрайды. Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 69,7%-ды, Тараз қаласы - 102,3%-ды құрайды. Интернет пайдаланатын халықтың саны - 42 804 бірлік, ШПД пайдаланушылар - 42 203 бірлікті құрайды.

2013 жылы 14252 телефон, оның ішінде қалаларда 5329 телефон және ауылдық жерлерде 8923 телефон орнатылды.

Коммутациондық пунктер саны 259 (АТС, УБ және БС) құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде - 167; телефондық станциялардың саны – 202, оның ішінде ауылдық мекендерде - 124; электрондық стансалар саны – 192, оның ішінде ауылдық мекенде – 116. Коммутациондық пунктердің жалпы монтаждалған сыйымдылығы – 195 325 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82212 номер.

Облыс бойынша жаңа технология бойынша (санды) монтаждалған сыйымдылығы санынан 188183 номері немесе 96,3% жұмыс істейді. Коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы - 178881 номерді немесе 91,6%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80696 номер (99,3%).

Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 73 станциясы жұмыс істейді. НССС «ДАМА» - 9, Sky Edge – 64. Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 20,9%-ды, Тараз қаласы - 34%-ды құрайды.

Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 65,6%-ды, Тараз қаласы - 89,2%-ды құрайды. Облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 14,63 бірлікті, оның ішінде Тараз қаласы – 19,8 бірлікті құрайды. Облыс бойынша 100 жанұяға КЖҚ сыйымдылығы 4,6 бірлік, Тараз қаласы - 7,5 бірлікті құрайды. Интернет пайдаланатын халықтың саны – 55842 бірлік, КЖҚ пайдаланушылар – 50255 бірлікті құрайды.

2014 жыл 15526 телефон, оның ішінде қалаларда 4301 телефон және ауылдық жерлерде 11225 телефон орнатылды.

2014 жылдың соңында телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:



  • коммутациондық пунктер саны 277 (АТС, УБ және БС) құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 179;

  • телефондық станциялардың саны – 217, оның ішінде ауылдық мекенде - 134;

- электрондық стансалар саны – 215, оның ішінде ауылдық мекенде – 133;

- коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы (АТС, УБ және БС) облыс бойынша 207 286 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82 408 номерді;

- жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 206 750 номер немесе 99,74% жұмыс істейді;

- коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 173 584 номерді немесе 83,7%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80 575 номер (97,8%);

- КЖҚ монтаждалған порттық сыйымдылығы 78473 құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 28268;

- КЖҚ іске қосылған порттық сыйымдылығы 72925 немесе 92,93% құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 25805 немесе 91,29%;

- облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 71 станциясы жұмыс істейді. НССС «ДАМА» - 9, Sky Edge – 62;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 21,5%-ды, Тараз қаласы - 32,3%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 62,4%-ды, Тараз қаласы - 83,1%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 13,9 бірлікті, оның ішінде Тараз қаласы – 18,5 бірлікті құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға КЖҚ сыйымдылығы 4,8 бірлік, Тараз қаласы - 7,2 бірлікті құрайды.

- интернет пайдаланатын халықтың саны – 58515 бірлік, КЖҚ ФЛ пайдаланушылар – 58430 бірлікті құрайды.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы – электрондық құжат айналымы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желісі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен жоғары сапалы желісі арқылы байланыс құрылған, Жамбыл облысы әкімінің www.zhambyl.kz сайты әзірленген, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде.

Құрылған www.zhambyl.kz сайтымен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, Тараз қаласының қонақ үйінің, мейрамханаларының, тұрмыстық, көлік және басқа қызмет көрсетуді ұсынатын кәсіпорындарының көрсетілуімен интербелсенді картасы құрылған, аудандық әкімдердің өңірлік сайттары құрылған.

Облыстық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 146 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында облыс әкімінің блогы, электрондық қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау бөлімі, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа, сонымен қатар порталда ЖАО көрсететін 22 мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. Барлық қалалардың және облыс аудандарының әкімдіктерінің сайттары ашылған және жұмыс істейді.

Жамбыл облысының «е-әкімдігін» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалған: техникамен қамту; ведомстволық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу; мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру; «е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған: 12 серверден серверлік түйін құрылған; портал құрылған, онда өтініш беру саласында ішінара ЖАО көрсететін 22 қызмет көрсету автоматтандырылған; «Корпоративтік электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесі енгізілген; «Кадрлық іс жүргізу» ақпараттық жүйесі енгізілген; «мемлекеттік органдарға білім беру және тестілеу» ақпараттық жүйесі енгізілген; басқарудың ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген; «Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі енгізілген; «Ауыл шаруашылығын», «Денсаулық сақтауды» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген; электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желісін, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 8 mb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.

ЖАО ЛЕЖ-не облыстық және аудандық деңгейде 31 ұйым қосылған (аудандық және қалалық әкімдіктер, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары). Электрондық құжат айналымына Жамбыл облысы әкімінің аппараты қосылған.



Мәселелер:

    • облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі. Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).

Жамбыл облысының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 6,7%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 5,7%-ды құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш болып табылады.

2010 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдар саны 2009 жылмен салыстарғанда 32 данаға өскен (313 ұйымдар), оның ішінде: ірілері 3 данаға (8), орташасы 1 данаға (24) және кішісі 28 данаға (281) өсті. Бірақ, 2010 жылы мердігерлік ұйымдар орындаған құрылыс жұмыстар көлемі 52314,1 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың денгейінен 2,3%-ға төмендеген.

2011 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдардың өсуі жалғасып, жалпы саны 325 данаға жетті (12 ұйымға өскен), оның ішінде шағын бизнесте 296 ұйымдар әрекет еткен немесе 2010 жылдан 15 данаға көп. Орташа ұйымдар саны 1 данаға азайып, 23 дана және ірілері 2 данаға азайып, 6 дана құрады. Мердігерлік ұйымдар орындаған 2011 жылғы құрылыс жұмыстар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өсіп, 65573,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылы құрылыс ұйымдарының жалпы саны 2011 жылға тиісінше 24 бірлікке өсіп, 349 бірлікті құрады. Соның ішінде 8-і - ірі құрылыс ұйымдары, 24 – орта, 317 – шағын. Сонымен бірге, ірі мердігерлер ұйымының саны 2011 жылға тиісінше 2 бірлікке өсті, орта – 1 бірлікке, шағын – 21 бірлікке. Осы ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылы 117511,3 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдан 68,4% артық. Шамамен құрылыс жұмыстары көлемінің 88%-ы өнеркәсіп-азаматтық құрылыстың жаңа нысандарын қайта қалпына келтіруге (102999,7 млн. теңге), және 12%-ы күрделі мен ағымдағы жөндеуге (5741,3 млн. теңге және 8770,3 млн. теңге) келеді.

2013 жылы құрылыс ұйымдарының жалпы саны 2012 жылға тиісінше 27 бірлікке өсіп, 376 бірлікті құрады, оның ішінде 5-і – ірі, 24-і – орта, 347-сі – шағын. Ірі мердігерлер ұйымының саны 2012 жылға тиісінше 3 бірлікке кеміді, ал шағын – 30 бірлікке өсті. Осы ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 132 523,1 млн. теңгені құрады, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 7,4% -ға артық.

Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде 86,8%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарына, 8,0%-ы күрделі жөндеуге, 5,2%-ы ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиді.

Ірі және орта кәсіпорындармен 87 124,2 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл жалпы көлемнің 65,7%-ын, шағын кәсіпорындармен - 45 398,9 млн. теңгеге немесе 34,3% құрады.

2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

2010 жылғы пайдалануға берілген 2056 пәтердің, оның ішінде ауылдық жерде 1260 пәтердің, тұрғын үй көлемі 218,3 мың шаршы метрді құрады. 2009 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 9,1%-ға, оның ішінде жеке секторда 7,8%-ға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер көлемі 23,9%-ға төмендеген.

Статистикалық деректер бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 15,96 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,43 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2011 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілуі бір адамға 15,7 шаршы метрді құрады, немесе 2009 жылғы көрсеткіш денгейінде қалды.

2011 жылы 6,2% өсу қарқынымен жалпы алаңы 231,9 мың шаршы метрлік 1974 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер құрылысының денгейі 2010 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға, жеке құрылысшылармен тұрғызылған тұрғын үйлер 5,5%-ға өскен.

Тұрғын үй қоры регистрі негізінде статистикалық деректер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын жайдың жалпы алаңы 16,38 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,85 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2012 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу денгейі бір адамға 16 шаршы метрді құрады, бұл 2010 жылғы осы көрсеткіштің денгейінен 0,3 шаршы метр артық. Қалалық жерде бір тұрғынға келетіні орташа есеппен 18,3 шаршы метр тұрғын үй қоры, ауылдық жерде – 14,3 шаршы метр.

Аталмыш тенденция қалада тұрақтанған халықты қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттар есебінен салынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген барлық жерде жеке тұрғын үйдің кең масштабты құрылысын жүргізуге бағытталған 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысы салалық бағдарламаларды іске асырудың арқасында орын алды.

2012 жылы 226,0 шаршы метрді құрайтын 1672 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 1665 жекеменшік сектордағы қосымша ғимараттар және 295 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй. Ауылдық жерлерде соғылған тұрғын үй көлемі 118,6 мың шаршы метрді құрайды (52,5%). Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2011 жылға қарағанда 2,5%-ға төмендеген, оның ішінде жеке секторда - 2,4%.

2013 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 1815 орындық 6 жалпы білім беретін мектептер, 1100 орындық 8 мектепке дейінгі мекемелер, ауысымында 736 келушіге арналған 21 амбулаториялық-емханалық мекемелер және 200 төсектік 1 аурухана пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2013 жылы 256,7 шаршы метрді құрайтын 2233 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 221,8 мың шаршы метрі жекеменшік, оның 204,1 мың шаршы метрі – дара сектор құрылысы. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2012 жылға қарағанда 13,6%-ға өсіп, оның ішінде жеке секторда – 1,3%.

2013 жылы ипотекалық тұрғын үйге деген сұраныстың төмендеуінен «Құрылысты дамыту» мақсаты және «Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру» индикаторына қол жетпеді.

2014 жылы мердігер ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 110825,9 млн. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейіне 80,3% құрады (132523,1 млн. теңге). 2014 жылы НКИ көрсеткіші 2013 жылға біршама төмендеді. Бұл Жамбыл облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзитті автобаны және Қытайға транзитті магистралды газ құбырының құрылыстарында құрылыс-монтаж жұмыстарының қысқаруы есебінен туындап отыр.

2014 жылы 1430 орындық жалпы орта білім беретін 6 мектеп, 1820 орындық мектепке дейінгі білімі беретін 7 мекеме, ауысымына 375 адам қабылдайтын 23 амбулаторлық-емханалық мекеме падалануға берілді.

Сондай-ақ, 258,1 мың ш. метрге 2168 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 221,8 мың ш. метр жеке меншікте (жеке сектор), 36,3 мың ш. метр мемлекеттік меншікте.



Мәселелер:

- облыста, атап айытқанда облыстық орталықта тұрғын үймен камтамасыз етуге мұқтаж болған азаматтар саны азаймайды. Осыған байланысты ірі панельдік үйді соғуді енгізу арқылы жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үй құрылысын ұлғайту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру қажет.



Жолдар мен көлік

Жамбыл облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5261,71 шқ, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1056 шқ, областық – 2240,76 шқ, аудандық – 1964,95 шқ құрайды.



Облысымыздың экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Автомобиль жолдары мен көліктік транспорттар – Жамбыл облысының көлік-коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы жағдайларда өсуіне өту, халықтың өмір жағдайын жақсарту және деңгейін арттыру факторлары болып табылады.

Облыс ішіндегі кала аралық және олардан тыс жерлерге жүкті тасымалдау автомобиль көліктері болып табылады. 2010 жылы барлық көлік түрлерімен 55,9 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2009 жылға қарағанда 19,7%-ға артық, жүк айналымы 1707,7 млн. тонна/шқ құрады және тиісінше 3,2%-ға өсті. 2011 жылы - 70,4 млн. тонна жүк тасымалданды, (өсім 2010 жылдың деңгейіне 25,9%), жүк айналымы - 2246,9 млн. тонна/шқ құрады (31,6%-ға) өскен. 2012 жылы - 80,4 млн. тонна жүк тасымалданды, (өсім 2011 жылдың деңгейіне 14,1%), жүкайналымы - 2477,8 млн. тонна/шқ (10,3%-ға). 2013 жылы - 88,4 млн. тонна жүк тасымалданды, (өсім 2012 жылмен салыстырғанда 9,9%), жүкайналымы - 2726,5 млн. тонна шақырым құрады (1,1 есе).

2014 жылдың қорытындысы бойынша барлық көліктердің түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға өсіп 88,9 млн. тоннаны құрады, Жүкайналымы барлық көлік түрлерімен 2731,5 млн. тонна.шқ құрап 0,2%-ға өсті.

2010 жылы барлық көліктерідің түрлерімен 570,6 млн. жолаушы тасымалданды, 2009 жылдың деңгейіне 110,1%-ды құрады, жолаушы айналымы - 4027,5 млн. жолаушы/шқ (104,9%).

2011 жылы 745,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артық, жолаушылар айналымы – 4728,7 млн. жолаушы шқ (17,4%-ға). 2012 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 802,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артық, жолаушылар айналымы - 5031,4 млн. жолаушы/шқ құрады (6,4%-ға). 2013 жылы - 864,6 млн. жолаушы тасымалданды, өсім 2012 жылға 7,7%, жолаушылар айналымы – 5676,5 млн. жолаушы/шқ құрады (12,8%-ға).

2014 жылда жолаушылар тасымалдау 2013 жылымен салыстырғанда 2,1%-ға өсіп, 882,5 млн. адамды құрады, жолаушылар айналымы – 8,8%-ға өсіп, 6177,6 млн. жолаушы/шқ құрады.



Жамбыл облысында барлығы 207 маршрутта 1117 автобус қызмет көрсетеді. 373 елді мекендердің қоғамдық көлік қатынасымен 335 елді мекені қамтылды, бұл 89,8% құрайды, 1 автовокзал және 8 автостанция жұмыс жасайды.

Облыс аумағындағы жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласын дамытуды қамтамасыз ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған іс-шара аясында 465 жаңа орташа және үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу жоспарланған. 2011-2014 жылдары 476 жаңа автобустар сатып алынды.

«Көлік және коммуникация» Ғылыми-зерттеу институтының ұсынысымен қалалық маршруттарды оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Сатып алынған жаңа автобустардың есебінен, 16 шағын автобус маршруттары 8 автобусты маршруттарға ауыстырылды. Автобустарды жаңалауға байланысты облыс автопарктерінің жылжымалы құрамдарының орташа пайдалану мерзімі 10-нан 7 жылға азайды.

2014 жылы бақылауды күшейту мақсатында 278 автобусқа навигациялық GPS жүйесі орнатылды, бұл жолаушылар санын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қоғамдық көліктерге орнатылатын болады.

2014 жылы әлеуметтік маңызы бар 3 бағыттары бойынша темір жол қатынасына облыстық бюджеттен 255,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Осы поездар көлік қатынасымен қамтылмаған Бел, Хантау, Қияқты, Шығанақ және Бұрылбайтал ауылдары арқылы қатынайды. Ал, әлеуметтік маңызы бар 3 автобусты бағыттарының қатынауына 23,1 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Нәтижесінде, жолаушылар көлігімен қамтылмаған елді мекендер 10,2%-ға азайды.

Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 2009-2013 жылдар аралығында қаржы көлемі 28,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – 8,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен қаржы көлемі – 19,4 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы 2009-2013 жылдары аралығында Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға бюджет көздерінен 25,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,8 млрд. теңге және жергілікті бюджеттерден 17,6 млрд. теңге бөлініп, жол жөндеу жұмыстарымен 2363,75 шақырым жол қамтылды.

Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 14,3 шақырым; күрделі жөндеу – 104,8 шақырым; Орта жөндеу – 2267,2 шақырым.



2009 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 4,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 2,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 1,9 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 480,65 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 10,05 шақырым; күрделі жөндеу – 31,3 шақырым; орта жөндеу – 439,3 шақырым.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 3,5 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 1,6 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 355,6 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: күрделі жөндеу – 16,8 шақырым; орта жөндеу – 338,8 шақырым.

2011 жылы жол жөндеу жұмыстарына 7,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 5,6 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 691,2 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 4,3 шақырым; күрделі жөндеу – 18 шақырым; орта жөндеу – 668,9 шақырым.

2012 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 4,7 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 442 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: күрделі жөндеу – 18,7 шақырым; орта жөндеу – 423,3 шақырым.

2013 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6, 191 млрд. теңге қаржы қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,041 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 4, 205 млрд. теңге және аудандық бюджеттерден – 0, 945 млрд. теңге.

Осы бөлінген қаражат есебінен 20 шқ. автожолдарда күрделі жөндеу және 396,9 шқ. автожолдар мен көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, 8 құбыр мен 2 көпір орташа жөндеуден өтті.



2014 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6533,7 млрд. теңге қарастырылып, 6529,4 млрд. теңгесі игерілді.

Бөлінген қаражат есебінен 18,8 шқ жергілікті маңызы бар автожолдарда күрделі жөндеу, 357,4 шқ орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұдан басқа 2 құбыр мен 4 көпір орташа жөндеумен қамтылды.

2014 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздік сақтау мақсатында, жалпы аумағы 91800 м2 шұңқырларды жөндеу өткізілді, 391 жаңа жол белгілелері орнатылды, 618 бірлік белгі беру бағаналары, 860 қ.м. жол және көпірлі қоршау орнатылды, 120 шқ автожолга жол белгілеу жүргізілді.

Мәселелер:

- ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

- жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер және т.б.);

- жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

- облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

- қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.


2.2.5. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2938,778 шқ. Оның ішінде ауылдық жерлер – 2098,8 шқ құрайды, оның 14%-ы жеке меншікте.

2010 – 2011 жылдары жалпы ұзындығы 275,7 шм құрайтын жаңа сумен қамтамасыз ету жүйелерін салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

2011 жылы облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау 50,1% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 190 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 175 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 8 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 шм. құрайды.

2010 – 2011 жылдары 15,3 шм кәріздік желі, 2012 жылы- 9 шм кәріздік желі іске қосылған.

2014 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жалпы 55,8% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 208 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 159 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 6 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

2013 жылы республикалық бюджет (90%) және қоса қаржыландырылған жергілікті бюджет (10%) қаражаты есебінен барлығы 14 жобаға 3235,077 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 7 жобаны іске асыруға 916,7 млн. теңге, олардың 6 жобасы 2013 жылға қарастырылған және 1 жоба өтпелі. Бүгінгі күнде 6 жобаның жұмыстары аяқталып, 25,8 шақырым су жүргізу желілері қайта жаңғыртылды, 1 жоба өтпелі, өткен жылы 11,7 шақырым қайта жаңартылды (массив «Арай»).

2013 жылы Қаратау қаласының тозығы жеткен кәріз жүйелерін қайта жаңғыртуға бюджеттен 444,45 млн. теңге (жобаның құны 1491,8 млн. теңге) және Жаңатас қаласына 444,44 млн. теңге (жобаның құны 1584,1 млн. теңге) бөлінді, қарастырылған жұмыстар орындалды. Жобалар 2014 жылы аяқталады, бюджетте қаражаттар қарастырылған.

2014 жылы облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жалпы 82,4% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 226 мекені қамтамасыз етілген,145 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 6 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды пайдаланады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 413,31 шм. құрайды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы бюджеттен сумен жабдықтау және су бұрумен жабдықтаудың 25 жобаны жүзеге асыруға 8391,1 млн.теңге, оның ішінде республикаық бюджеттен 7542,4 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде ауылдық елді мекенді сумен жабдықтаудың 18 нысанының құралысына 4309,9 млн. теңге игерілді, 11 нысан пайдалануға берілді. Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларында су құбыры мен кәріз жүйелірін қайта жаңғыртудың 7 нысанын жүзеге асыруға 4081,2 млн. теңге бөлініп игерілді, барлық нысандар 2015 жылға өтпелі. Облыстың елді мекендерінде барлығы 249,67 шқ желілер жаңырғытылды және ауыстырылды.

2014 жылы бюджеттен сумен жабдықтау және су бұрумен жабдықтаудың 10 жобасына 4833,37 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Тараз қаласының 4 жобасына 768,57 млн. теңге, Қаратау қаласының - 2 жобасына (2 212,172 млн. теңге), Жаңатас қаласының - 2 жобасына (1 224,26 млн. теңге), Аса ауылының - 1 жобасына (132,94 млн. теңге) және Құлан ауылынның - 1 жобасына (395,434 млн. теңге). Осы қаржатқа елді мекендерде 134,4 шақырым желілер қайта жаңғыртылды және жаңартылды.

Алайда, 2014 жылы «Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы» мақсаты бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту» міндетіндегі «Сумен жабдықтау желілеріндегі жоғалту санын қысқарту» жоспарлы тікелей нәтиже көрсеткіші желілердің тозынан шығынның артуына байланысты орындалмады.



Мәселелер:

- ауылды елді мекендерде орталық сумен және су ағызумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- ағынды суларды тазалау имараттарының жоқтығы;

- сумен жабдықтау және суды бұру, кәріз жүйелерінің тозуы.


Жылумен қамтамасыз ету

Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2010-2011 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 38%-да пайдаланылған.

Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған. 2005-2011 жылдары 26,2 шақырым жылу желілері, 2012 жылы 21 шақырым жылу желілері, 2013 жылы - 3,6 шақырым, 2014 жылы - 13,8 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Облыс бойынша 9 қазандық, оның ішінде: 100 Гкал-дан жоғары 2 қазандық Жаңатас қаласындағы «ЖаңатасСу-Жылу» КМК және Тараз қаласындағы «ТЭО» АҚ, 100 Гкал-ға дейін 7 қазандық – «Жамбыл-Жылу» МКК, «ТемірЖол-Жылу» МКК және «Шу-Жылу» МКК, сонымен қатар жекеменшік «Қант» АҚ-ы, Батуров атындағы «ЖГРЭС» АҚ-ы және «София» ЖШС-і. Облыс бойынша қазандықтардың орташа тозуы - 49,3%.

2015 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен тұрғын үй қорын қамту 26,4%-ды құрайды, төмен көрсеткішке жатады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы» мақсаты бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту» міндетіндегі «Жылумен жабдықтау желілердегі жоғалту санын қысқарту» жоспарлы тікелей нәтиже көрсектіші жазғы кезеңде шығынның артуына байланысты орындалмады.

Қазіргі уақытта жылу энергия орталығын, ірі қазандықтарды және жылу құбырларын (Тараз қаласында желілердің тозуы 70,2%) энерго үнемдеу жабдықтарын және технологияларын (алдын ала оқшауланған құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру қажет.

Мәселелер:

- жылу желісінің және генераторлық қуаттардың тозуы;

- облыстық маңызды қалаларында жылу қуаттылығының тозуы (Жаңатас, Шу, Қаратау).



Газбен қамтамасыз ету

Жамбыл облысының тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.

Кәсіпорынның балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 шқ, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 шқ, орта – 544,773 шқ, төмен – 1935,795 шқ құрайды.

2010-2011 жылдары 119,44 шқ газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 75 елді мекен газдандырылған.

2011 жылы Жамбыл облысында газтранспорттық жүйені дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы республикалық бюджеттен 1 582,4 млн. теңге, қосымша жергілікті бюджет есебінен –235,4 млн.теңге бөлінді, аталған қаражатқа Жамбыл, Байзақ және Талас аудандарының 24 елді мекендеріне газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылған.

2012 жылы 157,8 шқ. газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 88 елді мекен немесе 23% газдандырылған.

2012 жылы Жамбыл облысында газтранспорттық жүйені дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы республикалық бюджеттен 1 992,8 млн. теңге, қосымша жергілікті бюджет есебінен – 220753 мың. теңге бөлінді, аталған қаражатқа Меркі (10 е.м), Т. Рысқұлов (13 е.м) және Жуалы (10 е.м) аудандарының 33 елді мекендеріне газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылған.

2012 жылы «КазТрансГаз Аймак» АҚ 3,6 млрд. теңге қаражаттың есебінен «Жамбыл облысының «Қордай» АГРС-нан Шу қаласына дейін газ құбырын тарту құрылысы» жобасы іске асырылған.

2013 жылы 373 елді мекендерден 110 елді мекен немесе 29,5% газдандырылған.

2013 жылы Республикалық бюджеттен Талас ауданындағы 8 елді мекенге (Шакирова, Бостандық, Талапты, Аққұм, Тамабек, Тұрымқұл, Сейілбек, Ойық) (428,7 млн. теңге), Жамбыл ауданындағы 1 елді мекенге (Қоңыртөбе) (16,3 млн. теңге), Жуалы ауданындағы 10 елді мекенге (Ақтөбе, Ақтоған, Алатау, Қазбастау, Көктас, Қарасу, Күркүреусу, Қызыларық, Теріс-Ащыбұлақ, Сұрым) (155, 0 млн. теңге) ішкі көше-аралық газ тарату құбырының құрылысын жүргізуге РБ 600,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 66,0 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 666,6 млн. теңге, немесе 100% игерілді. Сонымен қатар, 12 елді мекендегі аяқталған құрылыс жұмыстары мемлекеттік комиссиямен қабылданды, қалған өтпелі 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда.

2014 жылы 373 елді мекендердің 142 елді мекені немесе 38% газдандырылған.

2014 жылы республикалық бюджеттен Меркі ауданы бойынша 9 елді мекенге жоғарғы қысымды газ желісін келтіру құрылысына 450,0 млн. теңге бөлінді. Жобаны қоса қаржыландыруға жерлікті бюджеттен 55,5 млн. теңге бөлінген. Жалпы қаражат көлемі 505,5 млн. теңге. Жалпы сомасы 505,5 млн. теңгені құрайды. 2014 жылы 4 елді мекенді аяқтау жоспарланған, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып нысандар мемлекеттік комиссиямен пайдалануға қабылданды. Қалған 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.



Мәселелер:

- газбен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- ішкі магистральді газ құбырлары жүйесінің дамымағандығы;

Тұрғын үй қорын басқару

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша тұрғын үй қоры жалпы 16748 мың шаршы метрді құрайды, оның 98,6%-ын жеке меншікте (16506,9 мың шаршы метр), онын ішінде қалалық мекеннің жеке меншігінде 98,3%, ал ауылды жерлердегі – 98,8%.

Көп пәтерлі үйлердің (кондоминиум нысандарын) алаңы 3828,41 мың шаршы метрді құрайды (1568 домов). Оның ішінде 2013,6 мың шаршы метр (800 үй) күрделі жөндеудің кейбір түрінен өткізуді қажет етеді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға бағдарламасының аясында кондоминиум нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесін 10%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

Облыста 1568 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінде 800 үй немесе 51,2%-ы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

2011 жылы Тараз қаласының 33 көп пәтерлі тұрғын үйлерін күрделі және ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 326,25 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферт бөлінді, оның ішінде: 11 үйді күрделі жөндеуге 120,0 млн.теңге және 22 үйді ағымдағы жөндеуге - 206,250 млн.теңге бөлінді. 33 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары аяқталған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 21523,19 м2 шатыр, 11063 м2 үйдің келбеті, 25674,6 ш.м. инженерлік желісі және 3020,7 м2 кіреберістер жөнделді.

2012 жылы 74 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 812,5 млн. теңге игерілді, оның ішінде: 22 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 312,5 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 13 үй, Жанатас,Қаратау, Шу қалаларында 3 үйден; 52 үйді ағымдағы жөндеуге 500,0 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 33 үй, Жаңатас қаласында 3 үй, Қаратау мен Шу қалаларында 8 үйден жөнделді.

2013 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегендіктен «Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы» мақсатқа және «Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің төмендету үлесі» көрсеткішке қол жетпеді.

2014 жылы 32 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 603,945 млн. теңге бөлінген, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 23 үйді жөндеуге - 544,091 млн. теңге, Қаратау қаласында 4 үйді жөндеуге - 30,0 млн. теңге, Шу қаласында 5 үйді жөндеуге - 29,854 млн. теңге.

Одан басқа пәтер иелерінің қайтарылған қаражат есебінен 140,9 млн. теңгеге 10 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде (Тараз қаласында -7 үй, Қаратау қаласында-2 үй, Жанатас қаласында–1 үй).

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, 124350 ш.м. шатыр, 37712 ш.м. - үйдің келбеті, 121132,45 ш.м. - инженерлік жүйе және 58197,9 м2 кіреберістер жөнделді.



Мәселелер:

- үй ішіндегі инженерлік коммуникациялардың тозу деңгейінің жоғарылауы.



2.2.6. Экология және жер ресурстары

Жалпы 2012 жылы облыс бойынша атмосфераға эмиссия көлемдері 18,7 пайызға немесе 4,468 мың тоннаға өсуі жұмыс көлемінің ұлғаюына және жаңа кәсіпорындар ашылуына байланысты. Қоршаған ортаға тигізілетін қолайсыз әсерді төмендету мақсатында кәсіпорындар атмосфералық шығарындыларды кәдеге жаратуға бағытталған жобаларды ендіруде. Тұтастай алғанда, Жамбыл облысы бойынша 2012 жылы ең ірі кәсіпорындар ауа бассейнін қорғауда жалпы сомасы 676,3 миллион теңгеге табиғат қорғау шараларын атқарды, шығарындылар көлемі 183,4 тоннаға кеміді.

Автомобиль көліктерінен шығындылар көлемі жалпы шығындылар көлемінде әлі де 70% жоғары үлесті құрайды. Облыс бойынша автомобиль көліктерінің шығарындылар көлемін азайту бойынша жол полиция басқармасы тарапынан 2012 жылы 7713 заң бұзушылық анықталды, 4617 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамамен 14,9 млн.теңге сомасында айып салынып, оның ішінде 2927 хаттамамен 9,5 млн.теңгесі, немесе 63,4% өңдіріліп алынды.

Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасының мәліметтері бойынша 2012 жылы жер үсті сулары нысандарының барлығында ластану деңгейі төмендеген.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау «Тараз Су» КМК шығындыларының азаюына байланысты 3,086 мың тоннаға немесе 18,6 пайызға төмендеген.

Жалпы жиналған қалдықтардың көлемі 11271,301 мың тонна құрады, жиналған қалдықтардың көлемі 1136,5 мың тоннаға немесе 10,1% көбеуі «Восточное рудоуправление» ЖШС, «Ақтас» ЖШС, «Қаратау» ТКӨ-да, «Алтыналмас» АҚ өндірілген көлемдерінің өсуіне байланысты.

2011-2012 жылдары Меркі, Қордай ауылдарында сиымдылығы 150 мың текше метр, Шу қаласында сиымдылығы 200 мың текше метр, Жаңатас қаласында сиымдылығы 550 мың текше метрді қрайтын қатты тұрмыстық қалдықтардың полигон құрылысы аяқталды, Б.Момышұлы ауылында полигонның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Тараз қаласындағы жалпы алаңы 30 га құрайтын жұмыс істеп жатқан полигонын 53,928 млн.теңге сомасында жаңғырту жұмыстары жүргізілген, оның ішінде қалдықтарды жою бойынша «Раскад» арнай техника сатып алынды, полигон аумағы темір бетондық плиталармен қоршалды.

2013 жылы атмосфераға ластаушы шығарындыларды үлкен мекемелер бойынша шығарудың талдауына сәйкес, жалпы Жамбыл облысы бойынша атмосфераға эмиссияның түсімі 18 % -ға немесе 2012 жылмен салыстырғанда 4,9 мың тоннаға артқан.

Сонымен «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ жалпы шығарылған өнімнің қөлемін артуына сәйкес мазут жағу көлемінің ұлғаюынан эмиссия көлемі атмосфераға 7,2 %-ға немесе 236 тоннаға артқан.

«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің күш-қуатының көбеюінен шығарындылар 570 тоннаға немесе 2012 жылмен салыстырғанда 56 % -ға өскен. «Қазфосфат» ЖШС-е шығарындылар 8 % (837 т) артқан. Тау-кен саласында өндіріс көлемі артқан: «Мыңарал тас» ЖШС, «Алтыналмас» ЖШС, «Ертай» ЖШС, шығарындылар 200 тоннаға, қалған ірі жер қойнауын пайдаланушылардың шығарындылары 2012 жылдың деңгейінде.

Газ саласында, қосымша газ құбырларын қолдануға енгізу және соғу есебінен, КС-4 компресорлық станцасы, атмосфераға эмиссия көлемі 17,5 % -ға немесе 750 тоннаға артқан. УМГ «Тараз» АҚ «ИЦА» және ЖПФ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ эмиссияларына нақты шығарындылар және рұқсат беру шектеулері 3,7 тоннаға немесе 37 % -ға көтерілген.

Коммуналдық секторларда «Жамбыл-Жылу» МКМ қосымша 18 қазандық меншігіне қабылғандануына сәйкес шығарындылар 27 тоннаға немесе 26% жалпы лимиттен көтерілген. Сонымен қатар «Тараз металлургия заводы» ЖШС-нің тоқтауына байланысты металлургия саласында шығарындылар өткен жылмен салыстырғанда 271 тоннаға немесе 60% -ға азайған.

Жамбыл облысы статистика басқармасының деректеріне сәйкес жылжымалы көліктерден шығарындылар былтырғы жылдың деңгейінде қалған азғана 3%-ға көтерілген. Автотранспорт шығарындыларының қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында облыс бойынша токсичность тексеру 10 посты құрылған, 20 газоанализаторлар және 20 түтінөлшеулер автотранспорттардан шығарындыларды нормаға сәйкес сақтау тұрақты қадағалау үшін алынған. Автотранспорт мекемелеріне автобустар алынуда, Евро-2, 3, 4 тиісті стандарттарына сәйкес 2012 жылы -62, 2013 жылы – 30 автобустар, «Таразкоммуналкөлік» ЖШС-і 2012-2013 жылдары 10 троллейбус алған.

2005 жылдан бастап Қордай ауылы, ШУ, Қаратау және Жаңатас кіші қалаларында атмосфералық ауаны, трансшекаралық өзен суларының беттерін ластаудың экологиялық мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Тараз қаласының атмосфералық ауасының ластануына мониторинг үшін 5 қондырғы жұмыс істеуде, оның ішінде: 1 «Скат» автоматтандырылған ауаны қадағалау стансасы, 4 атмосфералық ауаның ластануын тексеруді қадағалау постары.

«Қазгидромет» филиалының деректеріне сәйкес Жамбыл облысы бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы атмосфераның ластану индексі болмашы артқан және 7,39 бірлікке қарсы 7,87 бірлікті құрайды. Формальдегидтің шоғырлануы төмендеген, азот диоксидінің шоғырлануы өскен, шаңның шоғырлануы бұрынғы деңгейде қалған. 2013 жылы орташа тәуліктік формальдегидтің шоғырлануы 0,007 ПДК құрады 2,3 есеге, азот диоксидінің шоғырлануы 0,07 ПДК құрады, 1,8 есе өскен. Автоматтандырылған «Скат» стансасының аспаптары жұмыс тәртібінде жұмыс істеуде.

Қырғыстан Республикасы жағынан жер үсті суларының трансшекаралық ластануына жергілікті бюджет есебінен ай сайын экологиялық трансшекаралық мәселелерді шешу бөлімі бойынша мониторинг жүргізіледі, сонымен қоса тоқсан сайын Қырғыстан Республикасы жағындағы халықаралық әуежайдың шығындылары Қордай ауылының атмосфералық ауасының жағдайы тексеріледі.

Су ағызу көлемі 2013 жылы 23232,831 мың текше метрді құрады, былтырғы жылдың осы кезеңінде су ағызу көлемі 27087,80 мың текше метр, ағынды сулардың көлемі азайып 3854,97 мың текше метрді құрайды.

Су пайдалану көлемінің азайуына байланысты ластанушы заттардың шаруашылық-тұрмыстық ағындылары 22475,0 мың текше метрден 18378,25 мың текше метрге азайған, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында су есептеу аспаптары мекемелер мен ұйымдарда -97%, елді-мекендерде – 99 % орнатылған.

2011-2013 жылдары қаржыландырылған жобалардың тізіміне Жамбыл облысында «Жол картасы»инвенстициалық жобаларға «Шу қаласының канализациялық жүйесін және тазарту ғимараттарын жаңғырту» енгізілген жалпы құны 839,1 млн. тенге, құрылысты «Догду-Билд» ЖШС-іжүргізуде. Тапсырыс беруші Шу ауданының әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық комуналдық мекемесі.

Ағынды суларды 0,34 мың тоннаға азайту үшін Шу стансасында «Теміржолсу-Шу» ЖШС-і канализациялық жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Экологиялық бақылау барысында су қорғау іс-шаралары мен су тұтыну айналымдық кезеңдікті енгізу туралы нұсқамаларға негізгі назар аударылады.

«Казгидромет» филиалымен Жамбыл облысы бойынша жер үсті суларының сапалық жағдайына мониторинг 9 гидрохимиялық бекеттер және Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері, Билікөл көлі, Тасөткел суқоймаларының 11 створкасы бойынша жүргізіледі. Шу, Талас, Аса өзендерінде трансшекаралық бақылау Қырғызстанмен бірлесе жүргізілуде.

Лабораториялық бақылаудың мәліметіне сәйкес Сорго, Қарабалта, Ақсу трансшекаралық өзендері мен Шу және Талас өзендері бойынша судың ластану индексі (СЛИ) деңгейінің 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда төмендеуі белгіленген.

Облыс бойынша ең жоғарғы ластанған су айдынына Билікөл көлі жатады. Билікөл көлінде СЛИ – 8,67 бірлікті құрайды, 2012 жылы 6,41 бірлік. Ең жоғарғы ластану Билікөл көлінде БПК -5 бойынша белгіленген, 2012 жылғы 34,4 ПДК-ге қарағанда жоғарғы шоғырлану 37,5 ПДК -ке дейін жеткен, фтор – 2,05 ПДК (2012 ж.- 1,8 ПДК). Сульфат құрамы – 5,79 ПДК. Индекс бойынша өте жоғарғы ластанған су айдынына жатады.

2013 жиналған өнеркәсіптік қалдықтар 23023,85 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 7016,13 мың тоннасы кәдеге жаратылған.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын қоқыс төгу алаңдары санитарлық-экологиялық және құрылыс нормаларына сай емес және қоршауы жоқ, тегістелмеген және қалдықтар түріне қарай сортталмалтын жай ғана елді мекендердің жанына орналасқан жер учаскелері.

Негізгі талаптардың бірі - бұл тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының нормативтік құжаттарының болуы: қалдықтарды орналастыру жобасы және оң эколиягиялық қорытындысымен қоршаған ортаға әсерінің бағасы. Бүгінгі күні осы бағыт бойынша рұқсатнама құжаттарын алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша 198 полигондар және тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын алаңдар бар, оның ішінде 116 полигонның қоршаған ортаға эмиссияға рұхсаты бар. Айта кету керек 2011 жылға дейін облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондар болмаған, тек 2011-2012 жылдары 4 полигон соғылған (Қордай, Мерке ауылдарында, Шу және Жаңатас қалаларында).

2014 жылы Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында ТҚҚ полигоны пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару системасын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында Тараз қаласында қайта өңдеу зауытының құрылысы қарастырылған.

ТҚҚ қайта өңдеу және сорттау бойынша Тараз қаласындағы зауыт құрылысына аумағы 20 га жер учаскесі бөлініп, (участок Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің аумағындағы жұмыс істеп тұрған полигон маңайында) қажетті құжаттар берілген.

Бүгінгі күні ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігімен ТҚҚ секторындағы жобалар бойынша реестр әзірленіп, қаржы дерек көздері іздестірілуде.

2011-2013 жылдары комплекстік радиациялық зерттеу мен радиациялық әсері бар және ықтимал қауіпті көздердге түгендеу жүргізілді, халықтың денсаулығына қауіп төндіру әсерін төмендету бойынша шаралар әзірленді және Жамбыл облысының радиоэкологиялық атласы жасалды.

Облыстағы берден-бір күрделі экологиялық мәселе Тараз қаласының ағынды суларын тазарту және ағызу. 2011 жылы «Жамбыл облысы Тараз қаласының ағынды суларын толық биологиялық тазарту кешені» ТЭН-не түзету жұмыстары аяқталған. Бүгінгі күні жоба «Мемсараптама» РМК-да келісімде, жоба аяқталысымен республикалық бюджеттен қаржыландырылу үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстар министрлігіне жолданады.

Облыс аумағында типтік полигондар мен қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жоқтығы салдарынан ауылдар мен қалаларда коммуналдық қалдықтардың жиналуының көбеюі және жарамсыз улы химикаттарды көметін полигонның жоқтығы маңызды мәселе болып табылады.

Бірқатар ірі кәсіпорындар шығарындыларының атмосфераны ластау мәліметтерін талдау бойынша 2014 жылы атмосфераға түскен эмиссиялардың 24,5%-ға немесе 9,01 мың тоннаға ұлғайғандығын көрсетеді, бұл кәсіпорындарда өнімінің артуына байланысты: газ саласында газ тасымалдау магистралының көбеюі, қосымша газ құбырларының, компрессорлық стансасының құрылысы және іске қосу, химия саласының кәсіпорындарында («Қазфосфат» ЖШС ЖЖФЗ, «Минералды тынайтқыштар», «Қаратау» ТКӨК) 2013 жылмен салыстырғанда ластаушы заттар 1000 тоннаға немесе 10%-ға өскен.

Жалпы, болыс бойынша 2014 жылы ірі кәсіпорындармен 928,8 млн.теңгеге табиғат қорғау іс-шаралары орындалды, атмосфераны ластаушы заттар 176,9 тоннаға, шайынды судың көлемі 10,6 мың текше метрге төмендеді, 646,9 тонна өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылды.

2014 жылы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, Тараз қаласы әкімдігі мен автотасымалдаушылар арасында қоғамдық көліктерді газ отынына көшіру, Тараз қаласының аумағында АГНКС құрылысы және оны іске қосу жөнінде меморандум жасалды.

Шығарылған ластауыш заттарды талдаудың мәліметтері бойынша 2014 жылғы кейбір өнеркәсіп кәсіпорындарының тоқтап тұруына, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының айналма суды пайдалану циклына өтуіне байланысты облыс бойынша шығарылған ластауыш заттардың көлемі 1,061 мың тоннаға немесе 5,58 пайызға азайды.

2014 жылы суды бұру көлемі 17,6 млн. текше метрді құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 5,9 млн. текше метрге азайған.


Су ресурстарын ластандыру және

ағынды суларға ластанған заттарды тастау.

1-кесте

Нақты төгінділердің көлемі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл


Өндірістік төгінділер

Су бөлу көлемі мың м3

4612,8

4854,5814

3541,1

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

5,803

0,87929

1,248

Шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар

Су бөлу көлемі мың м3

22475,0

18378,25

7774,409

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

11,584

18,05671

4,115

Апаттық және рұқсат етілмеген төгінділер

Су бөлу көлемі мың м3

290,7

187,944

9,148

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

0,0795

0,1880

0,00691

Жерүсті су аидындарының төгінділері

Су бөлу көлемі мың м3

255,2

258,7

186,9

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

0,077

0,070

0,051

Жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында Тараз қаласы бойынша су өлшеу қондырғылары кәсіпорындар мен ұйымдарда (97%), тұрғындарда (100%) орнатылды, осыған байланысты су пайдалану көлемі азайған.

Шамамен тазартылған жер асты суының көлемі 6,1 млн. текше метрді құрады.

Облыстың жер үсті суының сапалық жағдайына мониторингті «Қазгидромет» РМК-нің филиалы 9 гидрохимиялық бекеттерде және Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері, Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы бойынша 11 жарма қақпасы жүргізеді. Шу, Талас, Аса өзендері бойынша трансшекаралық бақылауды Қырғызстан тарапынан жүргізіледі.

2014 жылы Шу өзені суының ластану индексі 1,97 бірлікті құрады, Талас өзені – 1,52, Аса өзені – 1,14 бірлік. Жалпы алғанда, судың ластану индексінің көлемі сапалық белгісі бойынша (критерииімен) Шу, Талас өзендері шекті шамада ластанған су айдындарына, ал Билікөл - ластанған су айдынына жатады.

Жалпы, 2014 жылы облыс бойынша пайда болған қалдықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға азайды. Өндірістік қалдықтардың көлемі 21,1 млн. тоннаны, оның ішінде жойылғаны 4,4 млн.тоннаны құрады, бұл 20,7% құрады, орналастырылған көлемі 17,1 млн.тонна.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 6,4 млн тонна тұрмыстық қалдықтар орналастырылған, оның 59,373 мың тоннасы - 2014 жылы. Тараз қаласы бойынша 32,67 мың тонна қалдық пайда болған, жалпы жиналуы 2,4 млн.тонна. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және жинақтау цехтарының болмауына байланысты қалдықтарды жою жүргізілмеген.

2014 жылы қалдықтарды пайдаға асыру екі кәсіпорындарда жүргізіліп, жалпы қалдықтар көлемінің 0,3%-ын құрады. ЖК «Хастал-оглы Паша Мустафаевич» (пластикалық терзе қиындылары және қалдықтары түрінде) 52 тоннаны пайдаға асырды, ЖК «Шахристан» әжетхана қағазын шығаруға шикізат ретінде көлемі 127,6 тонна қағаз түріндегі қалдықтарды пайдаға асырды.

Облыстың 378 елді мекенінің 167-де қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигоны бар, олардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты бар. ҚТҚ шығарумен айналысатын мекемелер жағдайы Тараз қаласы бойынша қанағаттанарлық, алайда аудандандарда арнайы автокөліктер бірлігі жеткіліксіз. Тұрғындардың қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтылуы 71,5%-ды құрайды.

2012-2014 жылдары Меркі, Қордай, Қаракемер ауылдары және Шу мен Жаңатас қалаларында тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін санитарлық, техникалық және экологиялық талаптарға сай полигон салынды.

Жұмыс істеп тұрған полигондар жақын маңайдағы елді мекендердің қалдықтарын орналастыру және көму мүкіндігімен ірі елді мекендерде орналастырылған.

Жамбыл облысы аумағында есепті кезеңде иесіз қауіпті қалдықтар, жердің ластануы және ластанған тарихи анықталмаған.


Жер қоры

Облыста 14426,4 мың га жер қоры бар, оның ауыл шараушылығы мақсатындағы жерлері 4298,1 мың га, оның ішінде егістік жерлері – 837,4 мың га құрайды.

Ауыл шараушылығы мақсатындағы жерлері тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында олар түгенделеді. 2011 жылы тексеру нәтижесінде 484,5 мың га ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланусыз жатқаны анықталды, оның ішінде егістік жерлерің көлемі 115,3 мың га, ал 2012 жылы - 44,8 мың га, оның ішінде егістік жерлері 43,7 мың га құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша түгендеу іс-шараларын жүргізу барысында 18,1 га анықталды, оның ішінде егістік жерлері – 17,5 мың га.

Жергілікті атқарушы органдармен қабылданған шаралар нятижесінде анықталған пайдаланусыз жатқан жерлердің 470,9 мың гектар немесе 80,0% мемлекеттік қорға қайтарылған, оның ішінде 98,9 мың гектар егістік жерлер. Жер телімдерінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамалары шеңберінде шара қолдану үшін облыс бойынша аумақтық жер инспекциясына берілді.

Ауыл шараушылығы айналымына 238,0 мың га, оның ішінде 72,8 мың га егістік жерлері енгізілген.Қайтарылған ауыл шаруашылығына арналған жерді қайта айналымға енгізу мәселесі ерекше бақылауда. Пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекетке қайтару және айналымға енгізу жұмыстары жалғасуда.

2014 жылы ауылшаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл қорытындысы бойынша пайдаланусыз жатқан 43,7 мың га жерлер анықталды, оның ішінде егістік жерлер 25,3 тыс. га. Анықталған 470,9 мың га немесе 80,0% жер мемлекеттік қорға қайтарылды, оның ішінде 98,9 мың га егістік.

2014 жылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша іс-шаралар жүргізілді: автобекет ауданындағы жер учаскелерін сатып алуға облыстық бюджеттен 46,65 млн. теңге, Көлтоған (тиісінше 173,92 млн.теңге), Элеватор маңындағы Асқаров көшесі соңында (7,73 млн. теңге), содай-ақ бағалау жұмыстарына 1,22 млн.теңге жұмсалды. Ескі орталық базарының аумағындағы жер учаскелері және жылжымайтын мүліктерді сатып алуға 158,98 млн.теңге, Шахристан базарына -140,0 млн. теңге жұмсалды.

Қолданылмайтын жерлерді мемлекетке қайтару және оларды айналымға тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Мәселелер:

- дамыту жоспарларында облыстың ірі кәсіпорындарымен қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша табиғатты қорғау, автокөлік кәсіпорындарымен – Евро-3 стандартқа сәйкес келетін автобустар сатып алу іс-шаралары толық көлемде жоспарланбаған;

- ағын суларды механикалық тазарту құрылысын салу, аудандарда тазалау иммараттарын салу және қайта жаңғырту;

- жер қыртысының тұздылығы және эрозиясы.

2.2.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі (әрі қарай – Тізілім) 132 қызметтің 31-і жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде 4 қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (әрі қарай – ХҚКО) көрсетілген.

2009 жылы барлығы 486 893 қызмет, оның ішінде 98 ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы «Бір терезе қағидатын» жүзеге асыру және жалпы тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер саны ұлғайтылды. 2010 жылы ХҚКО арқылы 12500 қызмет көрсетілді. 2009 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер түрі 8 есеге артқан.

2011 жылы Тізілімге сәйкес 544542 қызмет, оның 25461-і ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы пилоттық режимде облыс әкімдігінің 2 басқармасы мен аудан әкімдігінің 1 бөлімінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бағалау жүргізілді. Нәтижесінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 56,84 балл, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы – 34,93 балл және Талас ауданы – 38,94 балл алды.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жергілікті атқарушы органдармен мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер саны 80-нен 37-ге дейін, шағымдар саны 32-ден 8-ге қысқарды. Сонымен қатар, 2011 жылы жергілікті атқарушы органдар ұсынатын 49 мемлекеттік қызметтің 37 түрі бойынша регламент бекітілді. Нәтижесінде 2011 жыл қорытындысы бойынша «мемлекеттік қызмет көрсету» бағытында тиімділікті бағалаудың жалпы бағасы 56,78 балды құрап, өңірлер арасында облыстың 4-ші орыннан 3-ші орынға көтерілуне себеп тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет