Программа развития Жамбылской области


Қол жеткізу жолдары (2015 ж.)



жүктеу 4.28 Mb.
бет17/23
Дата09.09.2017
өлшемі4.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23



Қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Жалпы өңірлік өнімнің өсімі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс, сауда және басқа салалардағы өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сыртқы сауда айналымы сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізілетін болады. Облыста өндірілетін өнімдердің экспортқа бағытталуын арттыру бойынша шаралар іске асырылатын болады.

Инфляция деңгейін 6-8% делізі деңгейінде ұстау үшін келесі жұмыстар жалғасытырылатын болады:

1) бөлшек саудада сатылатын азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасына және де өндіруші кәсіпорындардың жіберетін бағасына мониторинг жасау;

2) облыстағы негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілермен және сатушылармен бағаны тұрақтандыру мәселесі жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау;

3) әлеуметтік сауда нүктелерін, жылжымалы сауда павильондарын ашу;

4) болашақта жетіспеушілігі немесе бағасының көтерілуі болжамданған азық-түлік тауарларын қажетті көлемде резервте сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

5) қыс кезеңінде жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауды және оны ары қарай төмен сауда үстемесімен көтерме-бөлшек желісі, сондай-ақ коммуналдық базарлар арқылы сатуды қамтамасыз ету;

6) жылыжай шаруашылығын дамыту;

7) тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін және басқа шараларды өткізу.

Номиналды ақшалай табыстың өсуін экономика саласындағы жалақының, 2016 жылдан бастап бюджет саласындағы қызметкерлерге жалақының 15%-ға, жыл сайын зейнатақының және әлеуметтік төлемақының өсу есебінен қамтамасыз етіледі.

Халық санының өсуі бала туудың өсуі, өлімнің азаюы және көші-қонның теріс сальдосы есебінен қамтамасыз етіледі.



Мақсат 4.1.2.: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014 (жоспар)

2015 (жоспар)

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі

%

127,7

101,6

107,4

102,1

100,0

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің жалпы қосылған құнын арттыру

млрд. теңге

90,5

94,9

115,7

116,0

116,0

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі

%

127,4

98,2

108,4

102,0

87,0

Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші

2000 жылғы бағамен мың АҚШ доллары

-

-

-

-

0,02

Міндет 4.1.2.1. Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту

Металл кендерін өндірудің нақты көлем индексі

%

234,5

112,7

287,3

110,0

75,0

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі


мың АҚШ долл. /адам

35,8

45,2

46,8

47,0

42,0

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі

%

125,6

123,9

99,6

109,0

95,0

Ел экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі

%

-

-

-

-

70,0

Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

149,3

90,9

97,8

100,0

100,0

Химия саласындағы еңбек өнімділігі

мың АҚШ долл. /адам

65,7

90,6

74,8

70,0

71,0

Химия саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі

%

-

-

-

-

98,5

Өзге де металл емес минералдық өнімдердің нақты көлем индексі

%

271,6

145,7

112,5

102,0

90,0

Өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігі

мың АҚШ долл. /адам

32,6

58,6

65,7

61,0

75,0

Өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

%

-

-

-

-

92,8

Металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

233,4

148,7

58,8

100,0

101,0

Металлургия саласындағы еңбек өнімділігі

мың АҚШ долл. /адам

5,5

24,9

20,4

22,0

30,0

Металлургия саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі

%

-

-

-

-

100,3

Жеңіл өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

134,9

88,3

78,8

70,0

100,0

Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

мың АҚШ долл. /адам

12,9

10,9

7,1

3,2

25,0

Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

%

-

-

-

-

76,0

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасаудың нақты көлем индексі

%

180,9

102,0

80,5

85,0

80,0

Машина жасау өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

122,6

92,5

133,3

103,0

85,0

Міндет 4.1.2.2. Электр қуатының жаңартылған көздерін дамыту және «жасыл» экономикаға көшу

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі

%

-

-

-

-

3,5

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, энергетика және тұрғын үй-шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту, ҮИИДМБ шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіп кәсіпорындарында менеджмент және стандартизация жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру есебінен қол жеткізілетін болады.

2015-2021 жылдары Индустриаландырудың 2 бесжылдығында соммасы 581,7 млрд. тенгені құрайтын 27 инвестициялық жобалардың портфелі қалыптастырылған, онда құрылыс кезеңінде 6,6 мыңға жуық және іске қосылу кезеңінде 5,7 мыңға жуық жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

2015 жылы 30,5 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 425 жұмыс орны құрылмақ (Burnoye Solar-1" ЖШС – Бурное алаңшасындағы КЭС құрылысы; «Golden Compass Capital» ЖШС - құрамында алтыны бар кендерді өндеу бойынша фабрикасының құрылысы; «Әулие-Ата феникс» ЖШС - құс фабрикасын қайта құру және өндірісті жаңғырту; «Жамбыл Недр» ЖШС«М400, М500 маркалы цемент өндірісі бойынша зауытының құрылысы; «Полиэтилен - Агро» ЖШС - полиэтилен пленкаларын өндіру бойынша зауыты және жылыжай кешені; «Тараз-көлік жолы» ЖШС – құрылысқа арналған құм, ұсақталған тас, құм-шағал қоспалары, оңтайлы шағал қоспалары және асфальтық-бетон қоспасын өндіру бойынша зауыты).

2016-2021 жылдары соммасы 551,2 млрд. тенгені құрайтын, 5273 жаңа жұмыс орындарының ашылуымен 21 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Облыста әзірленген Жамбыл обысы экономикасының өсу резервтерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспары ... Бағдарламаға және оны іске асыру жөніндегі іс-шара Жоспарына біріктірілді 2015-2016 жылдары «Минералды тыңайтқыштар» ТФ-да P2O5 жылына қуаттылығын 220 мың тоннаға дейін жеткізетін экстракциялық фосфор қышқылы (ЭФҚ-1) өндірісінің технологиялық жүйесін қайта құру бойынша инвестициялық жоба жоспарлануда, нәтижесінде қайта жаңғырту жобаларын жүзеге асыру есебінен «Қазфосфат» ЖШС-де өндіріс көлемдерін ұлғайту, сондай-ақ жаңа пештерді іске қосу есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі металлургия саласында ферробалқыту өндірісінің көлемін арттыру жоспарлануда.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының қатысуымен, операторы «Бірлескен химиялық компания» ЖШС-і болып табылатын, негізгі мақсаты барынша тиімді технология негізінде химия өнімдерінің жаңа экспортқа бағытталған өндірісін құру бойынша «Тараз» Химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылдың соңына дейін барлық сыртқы инфрақұрылым құрылысын, 2016 жылдың соңына дейін – 1 кезектегі инфрақұрылым құрылысын аяқтау жоспарлануда.

2013-2014 жылдары АЭА 3 қатысушы тіркелді, («Хим-плюс» ЖШС, «Qadam Industries» ЖШС, «Кызылорда Мунай Газ» ЖШС) олар 5 жобаны іске асыруды жоспарлауда: «Каустикалық сода және хлор өндірісі», «Глифосат өндірісі», «Үшхлорлы фосфор өндірісі», «Пестицид өндірісі», «Метанол өндірісі». Аталған жобалардың алатын аумағы шамамен 85 га, жалпы инвестиция сомасы 128,3 млрд. тенгені құрайды.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда Компаниямен «ТаразХимПарак» АЭА аумағында қызмет етуін жоспарлаған әлеуетті қатысушылармен жұмыстар жүргізілуде, атап айтсақ: «Тенир-Логистик» ЖШС компаниясымен (титан диоксиді, кремния диоксиді, пентоксид ванадия өндірісі), өндірістік-медициналық орталық «Splendor» (дезинфециялық бұйымдарды отандық өндіруші), «Вэй Чжун» ЖШС (циклдық көміртегі «ароматталған» өндірісі).

Өңірде қаржылай инвестициядан бөлек, қосымша 2000 астам тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Аймақта электроэнергияның генерациясын экологиялық таза және жаңартылған көздер арқылы дамытуға мүмкіндік тудыратын климаттық және географиялық жағдайлары бар, жел, күн және гидро-электро станцияларының құрылысы тиімді. «Жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам өсе бастайды және дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда альтернативтік энергетика технологияларын пайдалану электр қуатын өндіруді үнемдеуге мүмкіндік береді.

2014 жылдың желтоқсанында "Vista International" ЖШС-і компаниясымен «Қордай ЖелЭС-21» 11 жел қондырғысы (әрқайсысы 1 МВт-тан) іске қосылды. Жалпы қуаттылығы 11 МВт-ты құрайды. 2015 жылға жоспарланған өндіріс көлемі шамамен 48,9 млн.кВтс құрап отыр.

Сонымен қатар, компаниямен ағымдағы жылдың соңына дейін станцияның қуаттылығын 21 МВт-қа дейін артыру жоспарлануда.

2015 жылы жылдық қуаты – 18 МВт құрайтын Меркі ГЭС-ның, бірінші кезекте жылдық қуаты – 100 МВт болатын Жаңатас ЖЭС-ның, Жамбыл ауданындағы бірінші кезектегі жылдық қуаты – 24 МВт болатын күн электростанциясының құрылысы жоспарлануда, 2015-2016 жылдары пайдалануға беру көзделуде.

Тараз қаласында РК-4 аумағында, электроэнергия өндіру бойынша жылдық қуаты 50 МВт және жылу энергиясы бойынша 40 Гкал болатын, жалпы сомасы - 7,4 млрд. теңгені құрайтын когенерациялық жылу электростанциясының (КГЖЭС) құрылысы басталды.

Электроэнергетиканың дамуындағы келесі оңтайлы бағыттардың бірі - энерготапшылықты азайту мақсатында тұрғын-үй шаруашылығына, өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына энерго үнемдеуіш технологияларды енгізу болып табылады.

2015 жылы «Fonroche Energie» француз компаниясымен Т.Рысқұлов ауданында қуаттылығы 24 МВт жететін күн электр станциясының құрылысын салу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Aquila Solar» ЖШС-і құрылды. КЭС жылдық өнімділігі 35 000 тұрғын тұтына алатындай, 40 млн.кВт/сағ дейін жетеді. Жобаның бастапқы инвестициясы 9 250 млн.теңгеден астам соманы құрады.

Сондай-ақ, «Windhan» ЖШС-і Шу ауданында қуаттылығы 110 МВт «Шоқпар» ЖЭС құрылысы бойынша инвестициялық жобасын іске асыруды жоспарлауда. Аталған жобаның инвесторы Нидерланды елінің «EnergyEmissions BV» компаниясы болып табылады. Жобаның құны 700 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылыстың бірінші кезеңінде 2017 жылға дейін инвестордың өз қаражаты есебінен және қарыз қаражаты есебінен (әрқайсысы 3 МВт болатын 36 жел генераторларының) құрылысы, екінші кезеңде 2020 жылға дейін ЖЭС қуаттылығын 250 МВт-қа дейін кеңейту (83 жел генераторлары) жоспарлануда.



Мақсат 4.1.3.: Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014

(жоспар)


2015

(жоспар)


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтердің) нақты көлем индексі

%

106,8

96,9

110,5

102,0

104,0

Міндет 4.1.3.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі

%

111,6

90,9

121,4

98,0

104,0

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі

%

102,6

103,2

100,6

104,0

103,5

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі

мың теңге/ адам

-

-

-

-

380,5

Субсидиямен қамтылған егіс алқабы

млн. га










0,11

0,11

Субсидиямен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің егістік алқабы, оның ішінде:

га
















1 вегетация



















жеміс-жидек дақылдары













1055,1

250,1

жүзім













358,7

70,0

2 вегетация



















жеміс-жидек дақылдары













278,0

95,2

жүзім













70,8

5,0

3 вегетация



















жеміс-жидек дақылдары













201,0

5,0

жүзім













132,8

0

4 вегетация



















жеміс-жидек дақылдары













190,8

0

жүзім













76,8

0

Субсидиямен қамтылған, сатып алынған минералды тыңайытқыштардың көлемі

мың тонна










7,3

22,5

Субсидиямен қамтылған, сатып алынған гербицидтердің көлемі

мың литр










117,65

117,65

Субсидиямен қамтылған, сатып алынған элиталы тұқымдардың көлемі

мың тонна










1,5

0

Субсидиямен қамтылған, сатып алынған элиталы көшеттердің көлемі

мың дана










700,0

700,2

Бірінші сұрыпты 1 репродукцияның және гибридтің сатып алынған тұқым көлемі

мың тонна










-

1,8

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу алқабы

га










11,7

8,2

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарына қызмет көрсету алқабы

га










10,9

10,0

Тұқымдардың сапасын анықтау үшін жасалған зерттеулердің саны

мың дана










24,1

24,1

Субсидияға жататын су көлемі

млн. м3










162,0

0

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген сиыр етінің көлемі

мың тонна










1,622

1,525

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген сүт, қымыз, шұбат көлемі

мың тонна










3,86

3,5

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген қой етінің көлемі

мың тонна










0,94

0,695

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген жылқы етінің көлемі

мың тонна










0,294

0,200

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген шошқа етінің көлемі

мың тонна










2,5

2,5

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген тауарлы жұмыртқаның көлемі

млн. дана










35,78

27,65

Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген жүннің көлемі

мың тонна










0,375

0,340

Шаруашылықтың барлық санаттарындағы асыл тұқымды малдардың жалпы мал басындағы үлес салмағы, оның ішінде

%
















МІҚ













13,3

14,5

жылқы













24,8

23,5

қой













23,8

24,0

Бөлінген субсидия шеңберінде отандық селекциясының асыл тұқымды МІҚ малын сатып алу саны

мың бас










1,96

1,3

Бөлінген субсидия шеңберінде шетелдік селекциясының ет бағытындағы асыл тұқымды МІҚ малын сатып алу саны

мың бас










0,24

0

Етті және сүтті мал шаруашылығында асыл тұқымды-селекциялық жұмыстарды енгізуге арналған субсидиямен қамтылған мал саны

мың бас










24,0

43,1

Субсидиямен қамтылған (жұмыртқа бағытындағы) тәуліктік балапандар сатып алу саны

мың бас










26,0

125,2

Субсидиямен қамтылған асыл тұқымды қой төлін сатып алу саны

мың бас










40,94

8,4

Субсидиямен қамтылған асыл тұқымды шошқа төлінің сатып алу саны

мың бас










0,565

0

Субсидиямен қамтылған асыл тұқымды жылқы төлінің сатып алу саны

мың бас










0,53

0

Қой шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстарды енгізуге арналған субсидиямен қамтылған ҰММ саны

мың бас










170,0

278,5

Сақтандыру жүйесі және кепілдендірілген қарыз арқылы АӨК субъектілеріне қаржы институттарымен берілген несиелер сомасы

млрд. теңге










-

0,19

Инвестициялық субсидия есебінен тартылған инвестиция көлемі

млрд. теңге










2,22

4,11

Субсидиямен қамтылған өндірілген өнім көлемі, оның ішінде:

мың тонна
















- сары май













1,0

0,290

- ірімшік













0,27

0,562

- қант қызылшасы













2,4

2,4

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандар және Тараз қаласының әкімдері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет