Программа развития Жамбылской области



жүктеу 4.28 Mb.
бет18/23
Дата09.09.2017
өлшемі4.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жоспарланған өсіміне жету рентабелді ауылшаруашылық дақылдарын енгізу басымдылығы есебінен (оның ішінде майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөністер егу алаңын ұлғайту); көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу; егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар); ылғалды ресурсты үнемдеу технологиясын барлық аудандарда пайдалану (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.); көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; қант өңдеу үшін жергілікті шикізатты жеткізу үлесін кеңейту; көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысы; ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлемелерді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі асыл тұқымды үйірдің үлесін арттыру (жылсайын 0,1-1,5%); асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру (жылсайын 1-2 бірлікке); қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; жеке сектордағы МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамтуды 0,5%-ға дейін арттыру; биязы жүнді қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; жылсайын аудандарда сүттік-тауарлы фермалардың санын өсіру; бордақылау алаңдарын кеңейту және ұйымдастыру, аудандарда және ірі елді мекендерде типтік сою пунктерінің құрылысын жүргізу; аудандарда ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; ет өнімдерінің экспорт көлемін арттыру; аудандарда жем зауыттарын және цехтарын салу; жемдік базаны жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу; өңдеу өнеркәсібі цехтарының қуатын тиімді пайдалану, «Фабрика ПОШ» ЖШС-нің өнімін экспорттау мүмкіндігін пайдалану (ТОПС, жыл сайын 800 және тоннадан астам); «Тараз» ӘКК мүмкіндіктерін пайдалану («Тараз» ӘКК қатысу үлесі өнім өңдеудің жалпы көлемінде 10%-дан жоғары құрау керек); ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қызмет көрсетуде АТК және СДО механизмін тиімді пайдалану; ауыл тұрғындарына шағын несие беруді арттыру (жылсайын 3-5%-ға дейін); аудандарда және елді мекендерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені субъектілірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша АӨК-нін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнесс-2020» Бағдарламасы әзірленді, ол екі кезеңде іске асырылады: 1-кезең (2013-2015 жылдар) АӨК-і субъектілерін қайта құрылымдау жолымен қаржылық сауықтыру, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК-і субъектілерін қаржыландыру, инвестициялық және пилоттық жобалардың пулын қалыптастыру, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру; 2-кезең (2016-2020 жылдар) - ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін кеңейту, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайту, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру, еңбек өнімділігін ұлғайту, ҚР АӨК-нің өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.

2014 жылдың 14 ақпанында жыл қорытындысы бойынша өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2014 жылдың 23 мамырында табиғи-климаттық жағдайды, өткеру нарығының барлығымен өңірлердің даму әлеуетін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығының нақты өнімдерінің түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығының жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы бекітілді.

Аталмыш схема агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты, Схемада ұсынылмаған ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезеңімен тоқтату қажет.

Схемаға сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға кезеңімен көшу өңірлердің аудандар бөлінісінде 2017 жылдан 2019 жылға дейін ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мамандандыру Схемасына 50%-ға сәйкестендіруді, ал 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мамандандыру Схемасына толық сәйкестендірілуді қарастырады.

Мал басы сапасын жақсарту жұмыстарын үйлестіру, аймақта мал шаруашылығының тиімділігін арттыру және экспортқа шығарылатын ет өнімдерінің сапасына бақылау жасау үшін облыста МІҚ ақпараттық-талдау жүйесі (АТЖ) енгізілетін болады.

2015 жылы индустриаландыру Картасының аясында «Әулие-Ата феникс» ЖШС – құс фабрикасын қайта құру және өндірісті жаңғырту инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда.

Жамбыл облысы экономикасының өсу резервтерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Ауыл шаруашылығын дамыту» бөлігінде 2015 жылы ауыл шаруашылығына бағытталған жерлер алқабын кеңейтуге, қатысты 10 іс-шара жоспарланып отыр, «Құлан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2000 бас жылқы сатып алу, «Алтын асық» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 16000 бас қой сатып алу, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны бойында шағынмаркет және тамақтану пункттері бар отбасылық сүт-тауарлық фермаларды дамыту, облыстың Шу ауданында жеміс-көкөніс кластерін құру, жем-шөп өндірісі бойынша шаруашылықтарды, астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын кәсіпорындарды, жайылым жерлеріне сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын құру және кеңейту, өнімді бау-бақша отырғызу, ет өңдеу кәсіпорындарының құрылысы бойынша 10 іс-шара жоспарланған.

Облыс тұрғындарын уақытылы және үздіксіз сапалы жергілікті көкөніс және жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы «Байсейiт би» ЖШС-гі сыйымдылығы 200-ден 10000-тоннаға дейін өнім сақтайтын көкөніс қоймасының құрылысы бойынша инвестициялық жоба жоспарлап отыр, құны 167,1 млн.теңге, 16 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылы «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ-на ұсыну үшін жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгеге жуық 6 жоба әзірленді (сүтті тереңдете өңдеу бойынша - 1, жылыжай кешенін құру бойынша - 1, су үнемдеу технологиясы бойынша - 3, құс етін қайта өңдеу бойынша - 1). Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде қосымша 310 тонна сиыр етін, 3,5 мың тонна құс етін, 11 мың тонна сүт және 5 мың тонна көкөніс өнімдерін алуға болады, бұл 2015 жылы ет өңдеу үлесін 34,0%-ға, сүтті – 46,0%-ға, жеміс және көкөністі – 8,0%-ға артыруға мүмкіндік береді.


Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014

(жоспар)


2015 (жоспар)

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі

%

-

-

-

-

101,0

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

141,0

111,0

122,3

114,0

98,3

Міндет 4.1.4.1. Кәсіпкерлік секторды дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі

млн. теңге

-

-

-

-

241500,0

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің үлесі

%

-

-

-

-

49,0

Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту

«Бөлшек сауда» қызметі түрімен сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту

бірлік

-

-

-

-

1

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері



1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Облыста шағын және орта бизнес субъектілері қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағытта дөңгелек үстелдер, кездесулер, оқу семинарлары өткізілетін болады, кәсіпкерлік субъектілері үшін рұқсат қағаздарын (құжаттарын) қайта қарау және түгендеу жұмыстары жалғасатын болады. Жыл сайын «Жамбыл облысының үздік тауары» атты аймақтық конкурс өткізу жоспарлануда. Аймаққа инвестицияны тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар мен облыстың бизнес қауымдастықтың қатысуымен жыл сайын Бизнес Форум өткізу жоспарлануда.

Келесі шараларды өткізу жоспарлануда:

1) 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өндірісті модернизациялауға және кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау;

2) бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жүйелі жұмысын жалғастыру;

3) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық даму институттарының қаржылары есебінен несиелеу;

5) кәсіпкерлер форумдарын, отандық тауар өндірушілер жәрмеңкелерін өткізу;

6) кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер және әдістемелік құралдар шығару;

7) жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарлар мен қызметтерге сұраныстар туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру.

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): 2015 жылы облыста өткеру нарығын кеңейтуге және отандық тауар өндірушілер өнімін жылжытуға ықпал ету, шекара маңы саудасын, сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаның нысаналы индикаторларына және тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 2015 жылы облыста сауда саласында аумағы 2300 шаршы метр «Имити» сауда үйін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, 2017 жылға дейін аумағы шамамен 30000 шаршы метр болатын «Тараз-Мол» және әрқайсысы 3000 шаршы метрлік екі жеке сауда кешендерін пайдалануға беру көзделуде.



Мақсат 4.1.5.: Өңіраралық ынтымақтастық


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014 (жоспар)

2015

(жоспар)


Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша)

млн. теңге

-

-

-

-

82962,6

Міндет 4.1.5.1. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту

Резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміне қатысты өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам кәсіпорындар бойынша)

%

-

-

-

-

99,8

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту үшін 2015 жылы елдің басқа аймақтарынан тауарларды жеткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылатын болады, оның ішінде солтүстік облыстардан: Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Петропавл – бидай ұны, макарон өнімдері, картоп, сүт өнімдері; Оңтүстік Қазақстан облысынан – көкөніс және жемістер, дәрі-дәрмек, цемент; Қызылорда облысынан – күріш, ас тұзы, балық; Алматы облысынан – кондитерлік өнімдер, шай, сүт өнімдері, дәрілік өнімдер; Қарағанды облысынан – кондитерлік өнімдер, тас көмір.
Мақсат 4.1.6.: Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014

(жоспар)


2015

(жоспар)


ЖӨӨ негізгі капиталға салынған инвестиция-лардың үлесі

%

16,8

20,0

28,3

26,2

23,5

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

-

-

-

-

12,5

Міндет 4.1.6.1. Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестициялардың үлесі

%

12,7

11,5

52,9

34,9

35,0

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

%

-

-

-

-

2,6

Жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибиелік конструкторлық жұмыстардың ішкі шығындар үлесін ұлғайту

%

-

-

-

-

1






















Міндет 4.1.6.2. Қазақстандық үлесті ұлғайту

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесті ұлғайту

%

73,2

75,6

79,7

65,0

69,0

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері, «NADLoC» АҚ

* - 2014 жылдың 9 айына мәлімет
1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Инновациялық өндірістің дамуына инвестиция тарту бойынша жүргізілетін жұмыстар 2015 жылы облысты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің әлеуметтік секторды (білім, денсаулық сақтау және спорт) дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және ағынды суларды тазартуды қосқанда экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешуге бағытталған шығыстары ішкі сұраныстың көзі және облыс экономикасындағы инвестициялық белсенділікті қолдаудың жолы болып табылады.

2015 жылы облыстың даму бюджеті 38,7 млрд. теңгені құрайды.

ҮИИДМБ 2 кезеңі аясында жаңа өнеркәсіптік өндірістерді құруға инвестициялар тартылмақ: 2015 жылы – 30,5 млрд. теңге, 2016-2021 жылдары – 551,2 млрд. теңге.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.):

Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алудағы жергілікті үлесті арттыру мақсатында облысымызда келесі жұмыстар жүргізіледі:

- облыстың тауар өндірушілерінің өндіретін тауарларының каталогын жаңартып, «NADLoC» АҚ және облыс әкімдігінің сайттарына орналастыру;

- импорт алмастыратын өнімдерді шығаруға бағытталған жаңа өндірістерді ашу және жұмыс істейтін өндірістерді кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету;

- облыстағы мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындарда тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың ай сайынғы мониторингін жүргізу.

Сондай-ақ, Жамбыл обысы экономикасының өсу резервтерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспарында 2015 году облыс әкімдігі мен облыстағы жүйе құраушы кәсіпорындар арасында жергілікті құрамды дамыту бойынша меморандумдарға қол қою бойынша іс-шаралар жоспарланған.


БАҒЫТ 4.2. «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
Мақсат 4.2.1.: Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014 (жоспар)

2015 (жоспар)

Апатты жағдайдағы және үш аусымда сабақ жүргізетін мектептер санының өткен жылмен салыстырғанда азаюы

%

-

-

-

-

2,8

Мектеп түлектерінің арасында білім беру бағдарламаларын (өте жақсы, жақсы) толық меңгерген оқушылардың үлесі:



















жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша

%

58,0

58,1

58,9

59,0

50,0

қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша

%

-

-

-

-

59,0

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

%

-

-

-

-

21,0

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту ( 3-тен 6 жасқа дейінгі)

%

66,5

67,6

70,5

70,7

74,8

ТжКБ оқу орындарында оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

%

-

-

-

-

51,7

Жетуге жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

15-28 жас аралығындағы жастардың NEET-тегі үлесі, % (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training)

%

8,8

10,4

8,6

8,5

13,4

14-29 жас аралығындағы тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен қанағаттандырылу деңгейі


%

70

71

72

73

70

Жетуге жауаптылар : Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселесі бойынша басқармасы

Мақсат 4.2.1.1.:Педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін және мұғалім кәсібінің беделін арттыру


Тікелей нәтижелердің көрсеткіші



















Жоғары білімді педагогтардың үлесі

%

-

-

-

-

91

оның ішінде ауылдық жерлерде

%

-

-

-

-

90

Міндет 4.2.1.2.: Жалпы орта білім беру қызметтерінің сапасын арттыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіші



















Апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілген жаңа мектептердің саны

бірл.

-

-

-

-

9

Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың (ғылыми жобалардың), ғылыми жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын оқушылардың саны

адам.

-

-

-

-

48

Міндет 4.2.1.3.: Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету


Тікелей нәтижелердің көрсеткіші



















Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған білім ұйымдарының үлесі

%

13,6

15,4

17,7

19,8

30,0

Міндет: 4.2.1.4.: Мектепке дейінгі ұйымдардың желілік жүйесін көбейту және Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет сапасын арттыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіші



















Мектепке дейінгі білім алуды қажет ететін балалардың санын азайту үшін ашылған жаңа орындардың үлесі (3-6 жас)

%

-

-

-

-

9,2

Міндет: 4.2.1.5.: Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау























Кәсіптік және техникалық білімі бар типтік жастағы жастарды (14-24 жас) қамту үлесі

%

13,5

13,6

13,7

13,9

14,0

Міндет: 4.2.1.6 Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету

Жастар ұйымдарының жұмыстарына қатысатын жастардың үлесі

%

25,5

23

24

24,5

30,0

Жетістікке жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім, жастар саясаты істері бойынша басқармалары


Мақсатқа жету жолдары: 4.2.1.1.: Педогогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығы беделін арттыру. Жаңа форматтағы педагогтарды қалыптастыру мақсатында 2015 жылы жаңа форматтағы үш айлық деңгейлік курстардан 1045 педагогтың өтуін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Негізгі міндет педагог қызметкерлердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру, ұстаздардың кәсіптік құзырлығын көтеру, талантты педагогтарды анықтау, облыстағы жалпыға білім беретін мектептердің алдыңғы қатарлы мұғалімдерінің және қосымша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерінің іс-тәжірибесін тарату үшін ынталандыру жұмыстарын жүргізу болып отыр.



Мақсатқа жету жолдары: 4.2.1.2.: Жалпы орта білім беру қызметтерінің сапасын арттыру: Үш ауысымдық және апатты жағдайда тұрған мектептердің санын азайту мақсатында 2015 жылы 9 мектепті, 2016 жылы 4 мектепті іске қосу жоспарлануда. Жаратылыстану-математикалық пәндердің бағдарламасын нәтижелі түрде үлгеріп, қабылдаған оқушылардың үлес пайызын арттыру мақсатында облыстың ауылдық аймақтарында 2015 жылы 2 тірек мектеп ашу көзделіп отыр.

Мақсатқа жету жолдары: 4.2.1.3.: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді білім берумен қамтамасыз ету: 2016 жылдың басында инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының үлесін 25,5%-ға жеткізу қарастырылуда немесе 115 мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасалынады. Осы мақсатқа жету үшін:

  • жергілікті атқарушы органдармен кедергісіз аймақ жасаған орта білім беретін ұйымдардың санын арттыру бойынша бірлескен жұмыс атқару көзделген;

  • 2015 жылы 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу жоспарлануда (Т.Рысқұлов және Шу аудандарында ПМПК-ларды қайта құру жолымен).

Мақсатқа жету жолдары: 4.2.1.4.: Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының көрсететін қызметтерінің сапасын жақсарту: мектепке дейінгі ұйымдардың желілік жүйесін көбейту және мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет сапасын арттыру мақсатында 2015 жылы қадамдық жоспарға сәйкес 1190 орын ашу көзделуде.

2015 жылы пайдалануға берілетін 1120 орындық 5 балабақшаның құрылысы жүргізілуде (Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданында, «Арай» массивінде, Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінде, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында әрқайсысы 280 орындық)



Мақсатқа жету жолдары: 4.2.1.5. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау:

Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау мақсатында мыналар қарастырылады:

-дуалдьды оқитын оқушылар санының өсуі;

-өндірістік өнеркәсіп орындарының базасында кәсіптік және техникалық білім беруде педагог кадрларды іс-тәжірибеден өткізу және біліктілігін көтеру;

- 2014-2015 оқу жылы облыстың 4 колледжінен (Жамбыл политехникалық, Каратау гуманитарлық-техникалық, Қордай жуне Құлан ауылшаруашылық колледждері) 56 оқытушы арнайы мамандықтар бойынша Ресей, Беларусь, Германияда «Кәсіптік және техникалық білім беруді жаңарту» грантына сәйкес білім алады;

- өндірістік кәсіпорындарда өндірістік іс-тәжірибеден өтетін база құру.



Мақсатқа жету жолдары: 4.2.1.6 .Жастарға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету:

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында мәселелерді шешуде төмендегілер қарастырылды:

- жастар акциялары мен ғылыми-практикалық конференцияларын, әскери-спорттық ойындар мен әскерге шақырылатын жастарға арналған акциялар, жастар саясатын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жүргізетін форумдар мен байқаулар үйымдастыру;

- жастар мен жастар орталығының қызметкерлеріне арналған семинарлар, тренингтер ұйымдастыру;

- мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстар шеңберіндегі байқау негізінде әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру;

- үкіметтік емес жастар ұйымдарының бизнес-идеялар жәрмеңкесін ұйымдастыру;

- жастар саясаты мәселесі бойынша облыстық басқарманың веб сайтымен жұмыс жүргізу, жас блогерлер клубын құру;

- мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

-жастар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;

-мемлекеттік жастар саясатын насихаттау мен жүргізуге бағытталған іс-шараларды ұйымдарстыру мен өткізу;

- оқыту семинарларын, акцияларын, форумдарын өткізу және жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың қанағаттандыру деңгейін көтеруге бағытталған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

- жастарды жұмыспен қамту бойынша форумдар мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру мен өткізу.



Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014 (жоспар)

2015 (жоспар)

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл


жыл

69,23

69,53

69,73

69,99

70,41

Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

1.2. Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету, адам

адам

254

201

216

176

115

3. Бірегей төлеуші жүйесіндегі стационарлық көмек тұтынушысы деңгейін төмендету

Төсек-күн

-

-

1250

1172

1170

Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету

Ана өлімінің азайюы


100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда

26,2

18,7

14,8

14,14

17,6

Нәресте өлімінің азайюы

100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда

14,84

13,46

12,8

12,2

10,2

Балалар өлімін

(0 жастан 5 жасқа дейін)



1000 тірі туылған балаға шаққанда

18,58

15,4

15,2

15,0

12,6

Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім


100 мың тұрғынға шаққанда

291,75

220,0

208,0

204,60

227,46

3.5. Қатерлі ісік ауруларынан өлім

100 мың тұрғынға шаққанда

93,32

99,2

94,2

92,8

88,02

3.6. Туберкулезден өлім деңгейін тқмендету, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың тұрғынға шаққанда

6,6

6,7

5,4

5,3

4,1

3.7. ВИЧ-инфекцияның таралуын ұстап тұру (15-49 жас аралығында) 0,2-0,6% шамасында

%

0,1

0,015

0,2

0,25

0,13

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы


Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға қол жеткізу жолдары (2015 ж):

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекке қол жетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар іске асырылады:

- дәрігерлердің, орташа медицина қызметкерлерінің, ауылдық дәрігерлердің біліктілік деңгейін жоғарылату;

- ЖОО-ның түлектерімен келісім шартқа тұру;

- жас мамандарды ауылдық жерге тарту мақсатында қосымша көшерақы төлеу;

- дәрілерді шетелде оқыту;

- түпкілікті нәтижеге негізделген, қызметкерлердің жұмысын ынталандыру жүйесін қолдану;

- стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологияларды енгізу, кеңейу және жетілдіру;

- қашықтан телемедициналық кеңестік-диагностикалық көмек көлемін арттыру;

- стациоарлық, кеңестік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын жетілдіру;

- күндізгі және үйдегі стационар желісін арттыру.
Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз етуге қол жеткізу жолдары (2015 ж):

Халықтың өмір сүру ұзақтығына қол жеткізу мақсатында келесі іс-шаралар қарастырылады:

- босануға көмек беретін ұйымдарында аналар өліміне және акушерлік асқынуда қатерлі жағдайларға жасырын аудит жүргізу;

- отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысын жетілдіру;

- әйелдердің экстрагениталдық патологиясын төмендету, оның ішінде скринингтік тексерулер кезеңінде ауруларды ерте сатыда анықтауды арттыру;

- нысаналы топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету;

- жүкті әйелдерді қауіпсіз аналық принциптеріне үйрету (12 апта мерзіміне дейін, әйелдердің жүктілік бойынша есепке тұруының үлес салмағын арттыру);

- туа біткен даму кемтарлығының үлес салмағын азайту;

- жаңа туғандардың хирургия қызметін дамыту;

- скринингтік-зерттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және 2015 жылы облыс тұрғындар санының 30 пайыздан кем емес скринингтік тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;

- жатыр мойны және сүт безі қауіпті ісігін, қан айналымы, эндокринологиялық ауруларды, үлкендер мен балалардың қауіпті топтарында В және С гепатиті, глаукома, есту мүшесі ауруларын айқындау үшін скрининктік зерттеу жүргізу, сондай-ақ асқазан мен өтке скрининктік зерттеу тізбесін кеңейту;

- АГ, ИБС, қант диабетін қан құрамындағы холестерин және глюкозаны анықтау жолымен ерте бастан ересектердің дәрігерлік кабинеттеріне дейін тексеру жүргізу;

- облыстық медициналық ұйымдарында көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесін кеңейту;

- аритмологияны қоса алғанда кардиоинтервенциялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;

- ВИЧ жұқпасының қауіп-қатерге түскен адамдарды байланыстан кейнгі профилактикасымен қамтамасыз ету;

- ПИН, СР, МСМ бағдарламамен шприцтерді алмастыру, ВИЧ жұқпасын алдын алу мақсатында мүшеқаптармен қамтамасыз ету, стационарлық және мобильдік сенім пунктерінде және серіктестік кабинеттерінде;

- ПИН, СР, МСМ әлсіз жастар үшін серіктестік кабинеттерінде, сенім пунктерінде ВИЧ жұқпасына экспресс диагностика жүргізу;

- тілек білдіргендерді ПИН, СР.МСМ және бас бостандығынан айырылған адамдарды сапалы мүшеқаптармен қамтамасыз ету;

- қамау орындарында ВИЧ жұқпасын алдын алу бағдарламаларын іске асыру және қамау орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүргізу. ҮЕҰ ВИЧ/СПИД қамау орындарында қарсы күрес үшін потенциалын дамыту;

- ВИЧ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;

- СӨС насихаттау, СӨС қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

- Аурулардың алдын алу мәселелері және СӨС қалыптастыру бойынша ақпараттық білім материалдарын әзірлеу және тарату;

- онкологиялық науқастарды таргенттік дәрі дәрмектермен қамтамасыз ету;

- қатерлі ісік алғаш рет анықталған науқастарды арнайы ісікке қарсы дәрмектермен қамтамасыз ету;

- туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету;

- пилоттық жобаны енгізу шеңберінде туберкулезбен және оның көптеген дәріге көнбейтін нысанымен ауратын науқастарды амбулаториялық жағдайда, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсете отырып емдеу;

- көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;

- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту (медициналық жабдық сатып алу, объектілерді күрделі жөндеу, салу);

- жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық – техникалық базасын нығайту (автокөлік және жабдық сатып алу);

- мемлекеттік кәсіпорындарды (МК) шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға (ШЖҚК) кезеңімен ауыстыру;


Мақсат 4.2.3.: Еңбек және халықты жұмыспен қамту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет