Программа развития Жамбылской области



жүктеу 4.28 Mb.
бет22/23
Дата09.09.2017
өлшемі4.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


Қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Меншік иелерінде азаматтық-құқықтық санасының деңгейін арттыру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу, меншік иелерінің кондоминимум нысандарындағы жалпы үлестік мүлікке қатынасын сезіну және қайта бағалау үшін шаралар жүргізу.

Инженерлік желілердің техникалық жағдайын бағалау және энергия көздеріне аудит жүргізу.

2011-2015 жылдары 168 АЕМ су құбырлар желісін жаңғыртуға және салуға қаржы бөліну қарастырылған.

2015 жылы бюджеттен 8 жобаға 3988,77 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Тараз қаласы 2 жоба - 1692,77 млн. теңге, Қаратау қаласы 2 жоба - 1085,84 млн. теңге, Жаңатас қаласы 3 жоба - 1210,16 млн. теңгеге. Сомасы 3433,5 млн. теңгеге 7 жобаны ағымдағы жылы, 1 жоба - 2016 жылы (555,5 млн. теңге) аяқталуы жоспарланған. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша 2 жоба - 1692,77 млн. теңге, Қаратау қаласы 2 жоба - 1085,84 млн. теңге, Жаңатас қаласы 3 жоба - 1210,16 млн. теңге. Осы қаржыларға жыл соңына 69,5 шақырым желілер жаңартылады және салынады.

Жылу беру саласында жетілдірілген және тиімділігі жоғары жабдықтарды ендіру арқылы жоғары технико-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жыл сайын жаңа жобалар әзірленіп, енгізілуде. «Таразэнергоцентр» АҚ-ның негізгі қорларын жаңарту үшін «Таразэнергоцентр» АҚ-ның МЖӘ бағдарламасы аясында Тараз қаласында энерго жүйеге электр қуатты беру схемасының «Жылу электро орталығын жаңғырту және кеңейту» бойынша ТЭН әзірленді. Болашақта электр қуаты 125 мВТ және ТЭЦ – 4 алаңында жылу қуаты 107 Гкал/сағ когенерациондық газдық поршенді электрстансасын салу жоспарлануда.

Бұдан басқа, тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметпен және сенімді өмір сүруді қамтамасыз ету жүйелері қызметінің тиімділігін қамту мақсатында жылу көздерін және жылу беру жүйелерін жаңғырту бойынша 5 жоба іске асырылуда, 2015 жылы іске асыруға 2 жоба әзірленуде.

Коммуналдық қызмет көрсетуде пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалануды қарастыратын электроэнергетика, жылу, газ беру нысандарын салу және жаңғыртуға бағытталған шаралар жүргізіледі.

Нормативтен тыс шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдейтін технологиялар пайдалану арқылы энергия көздерін және жылу желілерін жоспарлы түрде жаңғырту жүргізілуде. Электр энергиясын үнемдеу бойынша жыл сайын шаралар өткізу.

Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын сумен қамтамасыз ету және су бұғу нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жүйелі түрде мониторинг жүргізу.

Тиісті сапада коммуналдық қызметпен халықты қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін қажетті ақпаратты жинау және талдау жүргізілуде.

Көп петерлі үйлер кондоминимум нысандарын тіркеу және олардың техникалық жағдайын бағалау бойынша мониторинг жүргізілуде. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылы 746,788 млн.теңге көлемінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 31 көпқабатты тұрғын үйді, оның ішінде 715,350 млн.теңгеге Тараз қаласы бойынша – 28 үйді, 31,438 млн.теңгеге Шу қаласында - 3 үйді жөндеу жоспарланған.

Кондоминимумды басқару органдарының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар ұйымдастыру.

Халық және ұйымдар арасында энергияны үнемдеуді насихаттау.

Инвестициялық тарифтер және мемлекеттік жеке меншік әріптестік құруды ынталандыру.



БАҒЫТ 4.6. Экология және жер ресурстары

Мақсат 4.6.1.: Қоршаған ортаны, жер ресурстарын тұрақтандыру және сапасын жақсарту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014

(жоспар)


2015 (жоспар)






















Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды азайту

%

-

-

-

-

4,0

Мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы

мың.

га


-

-

-

-

2229,581

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту

%

0,6

1,7

1,2

1,4

6,3

Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерде ауыспалы егіс жүйесін қолдану

мың.

га


-

-

-

-

250

Міндет 4.6.1.1. Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту

Стационарлық көздерден шығатын зиянды заттардың атмосфераға шығуы

тонна

80575

97922

97197

98097

40000

Сарқынды сулардың су объектілеріне түсуі

тонна

-

-

-

-

19000

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін алынған жергілікті бюджетке түсетін кірістерге қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бағытталған шығындардың арақатынасы

%

78,7

71,3

27,3

47,6

48,8

Тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы көлемінің ішіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі

%

-

-

0

0,3

0,45

Тұрғындарды қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту

%

-

-

-

-

33,3

Санитарлық ереженің талаптарына сәкес ҚТҚ полигонының үлесі (көму орындарының жарпы санынан)

%

-

-

-

-

4,1

Міндет 4.6.1.2. Ормандарды қорғау, өсімін молайту, орман өсіру және жер ресурстары

Ормандарды молықтыру және орман өсіру ауданы

га

6500

6500

6500

6500

5000

Сауда-саттықта жер учаскелерін беру (конкурстар, аукциондар)

мың

га


-

-

-

-

281,0

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы)

%

-

-

-

-

35,6

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс)

%

-

-

-

-

8,5

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалуны реттеу басқармасы, жер қатынастар басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы



4.6.1.1. Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен: Жамбыл ауданының Қызыл таң ауылында ағынды суларын биологиялық тазарту кешенінің құрылысы, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы жоспарланған.

Тараз қаласында келешекте қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жоспарлануда.

ҚТҚ-ды кәдеге асыру және қайта өңдеу мақсатында, Тараз қаласында 2015 жылы ҚТҚ-ды қайта өңдеу негізінде жұмыс істейтін, ҚТҚ-ды жинау және қайта өңдеу Орталығы, сондай-ақ биогаз электростанциясын салу инвестициялық жобасы жоспарлануда. Жобаны жүргізуге құрылтайшысы Нидерландиялық «Energy Emissions BV» компаниясы болып табылатын, «Recowaste» ЖШС-гі ынта білдіруде. Жоба бойынша Тараз қаласында қуаттылығы жылына 50 000 - 100 000 тоннаға дейін, құны 32 млн. АҚШ доллар болатын ҚТҚ-ды жинау және қайта өңдеу Орталығын салу және қуаттылығы 5 МВт дейін жететін, құны 23 млн. АҚШ доллар болатын биогаз электростанциясын салу қарастырылған.

4.6.1.2. Ормандарды қорғау, өсімін молайту, орман өсіру және жер ресурстары міндеті бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Екпе ағаштарды орманмен көмкерілген жерлерге аудару және табиғи өсу есебінен жыл сайын 1800-2000 гектарды орманды жерлерге қосу жоспарлануда. 2015 жылы көшет егу және тұқым себу арқылы 5000 га орман отырғызу жоспарлануда.

2015 жылы облыста табиғи өрттермен күресу, ғарыштық мониторинг мәліметтерін дер кезінде пайдалану бойынша іс-шаралары жүргізілетін болады, сонымен қатар өрт алаңын қысқарту үшін орман қорын әуеден бақылау жүргізіледі.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2015 жылы 45,0 млн. теңгеге 16 бірлік техника сатып алу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жерлерге ауыспалы егістік жүйесін қолдану арқылы түсімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғары сапаға жеткізу жоспарлануда.

Сонымен бірге, фитосанитариялық қауіпсіздікті қолдау. 2015 жылы айдалған жердің құрамындағы (егіс алқаптарындағы ауыспалы егістік) ауыспалы егістік үлесін 297,5 мың гектарға жеткізу жоспарлануда, айдалған жерлерді ұлғайту есебінен егіс алқаптарында ауыспалы егістік 2 бірлікке артады.

Азықтық дақылдардың алқабын (көп жылдық, бір жылдық шөптер, жемдік дақылдар) ұлғайту есебінен азықтық ауыспалы егістік үлесін 1 бірлікке арттыру жоспарлануда. Аймақтың мал шаруашылығымен айналысатындығын есепке ала отырып ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру есебінен, азықтық дақылдарының алқабы 181,3 мың га құрайды.

Облыста қолда бар жер қорын түгендеу жұмыстары жалғасуда. 2015 жылы Тараз қаласы бюжетінен қаланың өнеркәсіптік аймағы жерлерін түгендеуге 29,2 млн. теңге бөлінген.

2015 - 2016 жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін 36,6 млн. теңге көлеміндегі қаржы есебінен қосалқы жерлерге түгендеу жүргізу қарастырылған.

Облыстың бес аудандарында (Жуалы, Т. Рысқұлов ат., Талас, Меркі және Шу) көп жылдық екпелердің (баулар мен жүзімдіктердің) алқаптарын нақтылау жоспарланған.


БАҒЫТ 4.7. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру»

Мақсат 4.7.1.: Мемлекеттік қызметті дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014 (жоспар)

2015 (жос

пар)


Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру

%

-

65

74

76

78

Міндет 4.7.1.1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы санын азайту

%

-

-

-

-

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша түскен шағымдар санын азайту

%

-

-

-

-

5


4.7.1.1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру міндеті бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.):

Қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында қызметтерді кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде (жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік – маңызы бар 12 қызметтің ішінде 1 қызмет 2011 жылы электрондық түрге көшірілген, 6 қызметті 2012 жылы және 5 қызмет түрі 2013 жылы көшірілген). Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын жергілікті атқарушы органдар тарапынан жергілікті бюджет есебінен, атап айтқанда байланыс арналарымен қамтамасыз ету үшін, автоматандырылған жұмыс орындары (АЖО) (типтік АЖО АЖ ЭҮАШ, «Е-әкімдік» деректер қоры) бағдарламаларын ықпалдастыру және мәліметтерді шұғыл беру мақсатында компьютерлендіруге қаржылар бөлінуде.

Мемлекеттік қызметті автаматтандыру және оңтайландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі «Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қаулысына сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі күні аталған іс-шараларды іске асыру үшін барлық бағдарламалар әкімшілері «Жаңа ақпараттық технологиялар» АҚ –мен келісім -шарттар жасап, қаржылар бөлуде.

2013-2016 жылдардағы халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін бағалау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық көрқарас» зерттеу институты арасында ү.ж. III тоқсанында кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізуге арналған келісім-шарт жасалды, бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасына анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ, қала әкімі, аудандар мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызмет көрсететін құрылымдық бөлімдерінің қатысуымен келесі іс-шаралар көзделуде:

- сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану бойынша жұмыстар жүргізу;

- сауалнама жүргізу арқылы (карточка) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану бойынша жұмыстар жүргізуді жалғастыру;

- бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, семинар, дөңгелек үстел өткізу;

- әкімдіктіктің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру;

- электронды форматтағы қызметтердің санын ұлғайту.
Мұрағат

Қол жеткізу жолдары: (2015 ж.): Өңірдің Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына қол жетімділікті жақсарту мақсатында мұрағат мекемелерін жұмысқа қажетті жабдықпен жарақтандыру жақсартылады, Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарымен толықтыру қамтамасыз етіледі.

БАҒЫТ 4.8. Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендерді дамыту бойынша жағдай жасау (агрокешендері)

Мақсат 4.8.1.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014

(жоспар)


2015 (жоспар)

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

%

76,6

57,6

60,7

61,7

62,7

Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылар-дың талап ету деңгейін арттыру

%

79,6

73,6

58,5

59,5

60,5

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Конституцияның негіздерін түсіндіру мен насихаттауға бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі


%

-

-

-

-

25


Мемлекеттің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі

%

-

-

-

-

28


Жауапты орындаушы: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Міндет 4.8.1.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту,

Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

92,9

90,1

75,8

76,8

77,8

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасы

Этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

94,7

91,2

80,9

81,9

82,9

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы


4.8.1.1 тапсырмасына қол жеткізу жолдары. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту (2015 ж.):

Мемлекеттің даму стратегиясын, жаңа экономикалық «Нұрлы жол» бағдарламасы, этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын жоғары тұрғындардың үлесі, аймақтың ішкі саяси ахуалының тұрақтылығы, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарының тиімділігі келесі шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

- Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциясына 20 жылдығына арналған, қазақстандық патриотизмді, қоғамдық позитивтік көңіл-күйді, облыс тұрғындарының, оның ішінде әсіресе жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі форматтағы қоғамдық маңызды шаралар арқылы жүзеге асырылады;


  • еліміздің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған іс-шараларға әр түрлі санаттар мен бағыттардағы қазақстан азаматтарын тарту;

  • Елбасы қолдауын нығайтуға электоралдық компаниясын ұйымдастыру

- этносаралық және конфессияаралық келісімді жүргізу, әлеуметтік еңбек қақтығыстарын алдын-алу, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін түсіндіру мен насихаттау, Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтарын насихаттау бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарында инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- саяси партиялар мен қоғамның азаматтық институттарымен конструктивтік диалогты ұйымдастыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының эксперттық-ғылыми топтарын тарту арқылы алыстаған аумақтарда халықтың этно-мәдени бойынша деңгейін күшейту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет