Программа развития Жамбылской области


Мақсат 4.8.2.: Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту



жүктеу 4.28 Mb.
бет23/23
Дата09.09.2017
өлшемі4.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Мақсат 4.8.2.: Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014 (жоспар)

2015 (жоспар)

Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру

бірлік

55

55

90

90

100

Міндет 4.8.2.1. Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау

қызметінің сапасын жақсарту

Ауылға білім беру саласындағы мамандарды тарту

бірлік

121

114

162

170

120

Ауылға денсаулық сақтау саласындағы мамандарды тарту

бірлік

61

114

74

88

80

Міндет 4.8.2.2. Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту

Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту

бірлік

2

1

1

1

2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы


4.8.2.1. Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту міндеті бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Білім беру және денсаулық сақтау салаларының мамандарын ауылға тарту ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарын ауылға тарту, қолданыстағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеумен қамтамасыз ету «Аумақтарды дамыту» және «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Ауылдық дәрігерлердің біліктілігін арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінің материалдық-техникалық негізін күшейту, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу, ауылдық мектептерді бітірушілерге медициналық ЖОО оқу үшін гранттар беру, ауылдық жерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға көтерме ақы төлеу қамтамасыз етіледі.



4.8.2.2. Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту міндеті бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Облыста ауылдық, оның ішінде тіректі елді мекендердің, аудан орталықтарының, ауылдық округ орталықтарының және шекаралық аймақтың халықтарының өмір сүру жағдайын және еңбек етуін жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстар қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарда шағын орталықтардың ашылуы, білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамту нысандарының құрылысы және оларды жаңғырту, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік және қаржылық қызмет көрсету жұмыстары жалғасады.

2015 жылы индустриаландыру Картасының аясында құны 2560,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 1757 тонна ет өнімдері, 153 жаңа жұмыс орны құрылатын «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і инвестициялық жобасы Жамбыл ауданының Бектөбе ауылында Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісін құруды жоспарлауда, құны – 23212,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 75 млн. квт/сағ., 19 жаңа жұмыс орындары құрылатын «Burnoye Solar-1» ЖШС-і жобасы Жуалы ауданының Нурлыкент ауылында Бурное алаңшасындағы КЭС құрылысын жоспарлауда. Аталған жұмыс келесі жылдарда да жалғасатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа заманауи кешендерді және фермаларды пайдалануға енгізу, жемдік базаны және асыл тұқымды малды жақсарту, өндірістің тиімді инновациялық технологиясын енгізу және саланы индустриалдық даму жолына ауыстыру қарастырылуда. Сүтті және етті өңдіру бойынша қосымша стационарлық пунктерді ашу, өнім ассортиментін кеңейту жоспарлануда.


5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

млн.теңге



 

Бағыт

I кезең

II кезең

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы

27328,8



8642,6



29451,5



35298



51315,7



2

Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

34271,8



47287,2



48117,2



59666,5



56846,5



3

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

676,074

583,761

664,315

753,9

696,9

4

Инфрақұрылымды дамыту

8779,9

9567,9

9418,9

7774,4

5558,5

5

Сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету

7442,2

64399,6

67733,8

65261,7

41861,9

6

Экология және жер ресурстары

1153,7

1322

1338,5

1571,1

2949,3

7

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

25,2

4,8

69,5

144,2

19,4

8

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау

454,6

503,8

589,7

668,8

702,1

 

Бағдарлама бойынша барлығы:

80132,3

132311,7

157383,4

171138,6

159950,3

Ескерту – қаржыландыру көлемдері Іс-шаралар жоспарына нақтыланған бюджет параметрлеріне сәйкес өзгертулер енгізілгеннен кейін нақтыланады.




6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Жамбыл облысының аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үрдісі келесі сатылардан тұрады:

мониторинг;

бағалау;

бақылау.


Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына жыл қорытындысы бойынша 1 рет жүзеге асырылады.

Аумақтарды дамыту бағдарламасына жыл қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу үшін:

-құжатты іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

-облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы органдар ұсынған ақпарат негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолы қойылған веб-порталға орналастырады.

Мониторинг « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөлімінде берілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаларды іске асыруға қатысатын әртүрлі жақтардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы ортаның әсерін талдауды ескере отырып дайындалған көкейкесті қорытындылар және жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мониторингтің нәтижесі болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет