Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

“Мисс Германия – 2024” атағы ирандық екі баласы бар әйелге бұйырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.dw.com/ru

Байқауға 15 мың қыз-келіншек қатысуға ниет білдірген. Соңғы кезеңге 8-ақ ару бақ сынаған. Жүлде қоры – 25 мың еуро. Жеңімпаз “Әйел көшбасшы” атты статуэткаға ие болады. Байқау ережесінің өзгеруіне байланысты, үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Жеңіске жеткен ару тәж кимейді. Бірақ иығына таққан лентасы өзінде сақталатын көрінеді. 

“Ақпан айының соңында кезекті “Мисс Германия – 2024” атағын иеленген арудың есімі белгілі болды. Ол – Берлинде тұратын ирандық 39 жастағы сәулетші-архитектор Апамех Шенауэр. Екі баланың анасы Баден-Вюртемберг федералды штатының Руст қаласында қорытындыланған "Германия аруы" байқауында жеңімпаз атанды”, – деп жазды DW порталы. 

  • Әйелінің жұмысына қатысты әңгімесін тыңдаған ер адам миллионер атанды

  • "Өзін Дубай ханзадасымын деп таныстырды": Қазақстандық қыздар желіде танысқан шетелдік сүйіктілерінің құрығына қалай түскенін айтып берді

Жеңімпаз әйелдің айтуынша, 6 жасынан бастап Германияда тұрып жатқан көрінеді. 

“Мақсатым – мигрант әйелдердің құқығын қорғау. Ирандағы жағдайды бәріңіз білесіздер. Қоғамда әйел адамдардың беделі жоғары болуы керек. Әйелдердің құқығы үшін, соңына дейін күресемін”, – деп мәлімдеді жеңімпаз ару. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бес жылдан бері жас шектеу қойылмағандықтан, қарт әйелдер де бақ сынаған. Байқаудың ең қарт қатысушысы – 42 жастағы Миньон Коволлик есімді келіншек. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.