Түркістан облысында оқушы қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адам 15 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Өткен жылдың 26 ​​сәуірінде Кентау қалалық ауруханасына 11 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен түскен. Белгілі болғандай, қызды көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу зорламақ болып соққыға жыққан. Қыздың айғайынан кейін оны аяусыз ұрып-соғып, буындыра бастаған.

Қызды көршісі құрқарып қалған. Полиция бейнебақылау камераларының арқасында күдіктінің жеке басын анықтаған. Күдіктінің бұрын зорлау үшін сотталғаны және өзіне тағайындалған 11 жылдың 8 жылын өтеп, түрмеден жақында ғана шыққаны белгілі болды.

Алғашында тергеушілер оның әрекетін “бұзақылық” деп бағалап, босатып жіберген. Екі күннен кейін бап "кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу" деп өзгертіліп, күдікті қамауға алынды.

Сот барысында айыпталушы оқушы қызды зорлау ниеті болмағанын, тек сөйлескісі келгенін алға тартқанымен, сот оның кінәсін дәлелденді деп тапты. Үкім шығару кезінде оның бұрынғы соттылығы да ескерілді.

"Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріліп, жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеу тағайындалды", – делінген Түркістан облыстық сотының хабарламасында. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.