Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазақстандықтарға қолайсыздық туыдрған аяздың беті қайтпай тұр.

Болжамға сәйкес суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райын сақталады. Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік антициклонның ықпалынан жаңбыр, қар жауып, жел мен бұрқасын күшейеді.

Дегенмен, циклон оңтүстіктен болса да, аяз сынып, күн айтарлықтай жылиды деу қиын.

Бұған дейін елімізде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендеп, сегіз облыстағы республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.