Танымал блогер, қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырып жүрген желі жұлдызы Ырысбала Икрамбай алғаш рет денсаулығында кінәраты бар тұңғышы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Блогердің айтуынша, жүктілікке дұрыс дайындалмай, дәрігердің айтқанын істемегенінің кесірінен баласын босана алмаған. 

“5 жастағы тұңғышым сөйлемей жүр. Сол балаға ем алу үшін Алматыдан Шымкентке қоныс аудардық. Оқырмандарым байқап қалыпты. Көшіп келгенімізге 6 ай толды. Жалпы, жүкті кезімде көп жыладым. Тек жаман ойлар туралы ойладым. Туғанда басында қан ұйып қалды. Оны 40 күн өткеннен кейін мини ота жасап, екі рет сорып алды. Ол неден пайдал болды?! Дұрыс жүктілікке дайындалмағаннан және дәрігердің айтқанын істемей босанғанның кесірінен болды. 6 айлық болғанда екіншімді көтеріп қойдым. Омыраудан шығарып, тамақ бердік. Іші жиі қатты. Екіншімді босанып, үйге келгенде баламды танымай қалдым. Өз әлеміне кіріп кеткен. Одан кейін телефонды көп бердік. Міне, ата-ана ретіндегі үлкен қателігіміз осы. 1 жасқа толса да еңбектемегесін дәрігерлерге көрсеттік. Алдымен жыныс органына аппарат қойып, кіші дәретін жүргізді. Сол кезде бала шок алып қалды. Одан кейін медбике ұйықтап жатқанда қан аламын деп тамырын таба алмай, екінші рет шок алып, қатып қалды. Мен айқайға бастым. Жұрт мені көкбет деп ойлайды. Басымдағы жағдайлардан кейін тілім шықты”, – дейді блогер. 

  • Ұлттық қордан түскен қаржыны емге жұмсауға бола ма – "БЖЗҚ" директоры түсіндірді

  • ШҚО-дағы аутизм орталығында жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды

Сонымен қатар баласының диагнозы да көпке дейін белгілі болмаған. Бірі аутизм десе, енді бірі ми дамуы тежелген деп болжаған. 

“Екінші баламен әуре болып кетіп, ұлыма қарай алмадым. Күйеуім жұмыстан босамайды. Жалдамалы пәтердің ақшасы бар. Маған көмектесуге келіңдерші деп жақындарыма да, енеме де айттым. Бірақ ешкім қасымнан табылмады. Балам 2 жастан асса да сөйлемеді. Атын айтсаң келмейді, артына қарамайды. Қатты шыңғырып айқайлай береді. Мен оған ұрсамын. “Ауру бала тапқан өзіңнен көр деп өзімді жедім. Бір күні Түркия мен Израильге апаруды жоспарладым. Бірақ бір таныс әпкем шымкенттік дәрігерлерге көрсетіп ал деді. Содан осы  жаққа тексеруге келдік. 6 айдан бері ем қабылдап жатырмыз. Ем шипа болып жатқан шығар, қазір ұлым бәрін түсінеді. Түстер мен сандарды ажыратады. Ақырындап қатарға қосылып кетсе, Алматыға қайтамыз”, – деп жан сырын ақтарды желі жұлдызы.  

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Еске салайық, Ырысбала Икрамбай салық комитетін сынаған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.