Алматыда ауа райының нашарлауы мен қатты желдің салдарынан электр жарығы үзілді. Қаланың Медеу, Жетісу, Алатау және Наурызбай аудандарында жарық апаттық жағдайда сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kris_p_almaty

"Горный Гигант" шағын ауданында, "РЭС-5" қосалқы стансасында сағат 17:55-те апатты өшіру орын алды. РЭС-3 қосалқы станциясында – 17:40-та. Ақжар және Тастыбұлақ шағын аудандары да жарықсыз қалды.

"Жаңбыр жауып, ағаштардың құлауы 6-10-0,4 кВ тарату желісінің жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан алматылық тұрғын үйлер электр қуатынан ажыратылды. Өшірулер Ақжар және Тастыбұлақ шағын аудандарында болды. Жарықсыз қалған аумақтарды картадан қарауға болады", — деп хабарлады "Алатау Жарық Компаниясы".

Сағат 18:10-да Наурызбай ауданындағы РЭС-1-де де апаттық өшіру орын алды. Әйгерім-1 шағын ауданы, Сағи Әшімов, Бенберина көшелері мен Набережная көшесі жарықсыз қалды. "Алатау Жарық Компаниясының" мәліметінше, жарық 3 сағаттан соң қосылады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қаланы шаңды дауыл басып қалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.