Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. 51 келіде жұдырықтасатын отандасымыз  Гонконг спортшысы каннет Чунды 3 рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Отандасымыз келесі айналымда кениялық Дэвид Мачариаға қарсы жұдырықтасады. 

Айта кетейік, әйелдер арасында сынға түскен Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жегінде Тианна Гуиді жеңген болатын. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.