«психологиядағы психобиографиялық Әдістер» ПӘні бойынша



жүктеу 1.13 Mb.
бет1/5
Дата01.09.2018
өлшемі1.13 Mb.
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18.1.54/03-2014

ПОӘК «Психологиядағы психобиографиялық әдістер» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


№2 басылым 16.06.2014ж.,

05.09. 2013ж. №1 басылым орнына







«ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ

ПСИХОБИОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050300-«Психология»

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей – 2015ж.
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы “Психология” кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі К.С.Адильжанова

« 05 » 09 2015 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында.

« 05 » 09 2015 ж. Хаттама №1


Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.С.Сатиева
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті оқу- әдістемелік бюросының отырысында

« 09 » 09 2015 ж. Хаттама №1


Төрағасы ___________ С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

« 11 » 09 2015 ж. Хаттама №1
ОӘК ___________ Г.К.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНПЗІЛДІ

Мазмұны
1 Глоссарий 4

2 Дәрістер 7

3 Практикалық және зертханалық сабақтар 27

4 Студенттің өздік жұмысы 29

5 Бақылау-өлшемдік тәсіл 35

1 ГЛОССАРИЙ

Альтернативтік гипотеза – нәтижесінің мазмұны басқа гипотезадан өзгеше түсіндірілетін экспериментальды зерттеудің гипотезасы

Альтернативтік шешімдер – басқа шешімдер сияқты неғұрлым шындыққа жанасатын кейбір проблемалардың мүмкін болатын шешімдерінің бірі

Психодиагностикалық әдістемелердің құндылығы (валидность психодиагностической методики)– берілген әдістеме бойынша алынған нәтижелердің бастапқы ойға сәйкестілігі.

Іріктеу – зерттеу жүргізуге болатын адамдар тобы

Іріктеу дисперсиясы – эксперименталды және психодиагностикалық мәліметтерді таратудың математикалық-статистикалық көрсеткіші

Гипотеза – арнаулы дәлелдеулерді талап ететін, ғылыми негізделген қойылған проблеманың мүмкін болатын жауабы.

Потенциалды даму зонасы – Адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері

Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.

Биномалды бөлу – берілген жағдайдың математикалық моделі.

Нормалды бөлу – биномалды бөлудің шекті жағдайларының бірі.

Параметрлерді табу – жиынтықтың жалпы қасиетін көрсететін статистикалық бөлудің сипаттамасы.

ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник) Тәуелді ауыспалылық –

Тәуелсіз ауыспалылық -



Зерттеу объектісі – ғылыми зертеу жұмысы жүргізілетін объект

Зерттеу пәні – белгілі уақытта оқып-зерттелінетін зерттеу объектісінң бір жағы

Латиндік квадрат – тәуелсіз өзгергіштіктердің деңгейлерін позициялы теңестіруге негізделген кросс – индивидуалды эксперименттің / көпдеңгейлі эксперимент/ ең көп тараған схемаларының бірі.

Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.

Мәліметтер – хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.

Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.

Негізгі әрекет нәтижесі - тәуелсіз өзгергіштіктің тәуелді өзгергіштікке әсерін, күшін сандық көрсету.

Нормалды бөлу - үзіліссіз кездейсоқ шамаларды бөлу.

Нуль – гипотеза - тәуелсіз өзгергіштіктің шарттарының арасындағы айырмашылықтың болмауы жайлы гипотеза.

Өзара әрекет - факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.

Өлшеу көрсеткіштері - сыналушының іс - әрекетінің сандық сипаттамасы, тәуелді өзгергіштіктің мәнін анықтайды.

Өзгергіштік - өзгеретін кез келген болмыс, экспериментте көрінеді және тіркеледі.

Өлшеудің сенімділігі - қайталауда өлшеу нәтижелерінің көшірілуі.

Өлшеудің статистикалық қатесі - өлшенетін көрсеткіштіктердің кездейсоқ өзгерісінің үлесінің / дисперсия / осы көрсеткішті өзгеру жиынтығына қатынасы бойынша /жалпы дисперсия / салыстырмалы үлесі.

Проблема (мәселе)– шешімі талап етілетін күрделі ғылыми немесе практикалық сұрақ

Рефлексия – адамның өз-өзіне, өзінің бейнесіне, ойы мен сезіміне санасының шоғырлануы

Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект

Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі

Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері

Психологиялық тренинг - адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен жаттығулар

Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы

Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдер аймағы

Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

Статистикалық қорытынды–тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.

Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.

Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.

Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.

Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.

Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.

Эксперимент– жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.

2 ДӘРІСТЕР
Тақырыбы:. Биографиялық әдістің сипаттамасы

Мақсаты: Биографиялық әдіс – тұлғаны ғылыми түрде оқып үйрену құралы ретінде студенттерді зерттеу ерекшеліктерімен таныстыру

Биографиялық әдіс – тұлғаны ғылыми түрде оқып үйрену құралы

Басқа ғылымдар сияқты, психология өз пәнін және оның әдісі анықтауға қиын.“Психология нені зерттейді, тіпті қалыпты ғылым болып табылады ма ?” деген ойлар, пікірталастар бар. Психофизикадағы реакция уақыты мен психологиялық механизмдердегі моральдық шешімдер қабылдау арасындағы ұқсастық қандай ? Мысалы , Кейбіреулердің айтуынша осы екеуінін арасында байланыс жоқ. Өйткені бұлар жеке психология болып табылады. Бірі – ол жаратылыстану бейнесі , қалыпты ғылым болып табылады, психикалық құбылыстардың математикалық рәсіміне жол берілген, эксперименттік әдістемелерге жаратылыстану детерминистік көзқарасы болып табылады.

Екінші психология тұлғанын ішкі жан дүниесі мен оның қиын іс әрекеттерін герменевтика саласына жақын әдістермен зерттейді, ең бастысы ол басқа тұлға арқылы меңгеру , диалог, эмпатия жағдайы яғни өзінді соның орнына қоя білу. Ал Зерттелетін адам өмір жол және өз ішкі тәжірибесін сарапшы ретінде қарастырылады. Герменевтика ғылымының негізін қалаушы Вильгельм Дальтей өзінің “ Жан туралы ғылымға кіріспе ”кітабында биографиялық әдісті гуманитарлық салада ең негізгі зерттеулердің бірі деп есептеген.

Психология ғылымының екі түрлі екені баяғыдан мәлім. Психология ғылымын басқа ғылымдардан бөліп тастау мүмкіндігі ол психология ғылымын бірегейлі көрсетті, психология ғылымына басқа ғылымдар стандарты , біріңғай критериилер қолданылуы мүмкін емес деген ой әлі күнге дейін бар. ХХ ғасырдың соңында жан жане душеславия ортағасырлық ұғымдардыестуе оғаш болып табылады. Психология ғылымының «қалыпты» ғылым ретіндеқиын ғасырлық қалыптасуының жолы болмағандай, зерттеулер , қатаң дәлелдемелер, математикалық өлшеу.

Қайтадан тұлғаның ғылыми тұрғыда зерреулері туралы сұрақ қарастырылады оның біріңғайлығы , ішкі жан дүниені тасымалдауы, әлеуметтік өмірдің субьектісі , даралығы.Бұл сұрақтарда психология өнер мен қатты бәсекелестігі көрінеді, сонымен қатар өнер (көркем білім де) табысты болып табылады.

Даралық – бұл ғылым ба әлде өнер ме ? – деп сұрақ қойған ірі американдық психолог – персонолог Г.Олпорт. Өзі ғылым екенін дәлелдеуге сөз сөйлеген және ғылыми әдістерді өнермен салыстырған.Г. Олпорт ғылыми әдістерге үлкен үлесін қосқан, соның ішінде гуманитарлық ғылымдарғы биографиялық әдіс, бұл әдіс өнерге де жақын болып табылады сонымен қатар тұлға психологиясы.


Биографиялық әдістің алдын ала сипаттамасы

Тарихи , әдеби, ғылыми және психология ғылымдарында биографиялық әдіс бар бірақ биографиялық әдіс психология ғылымында одан бұрын болған , әдістің алдына қойған мақсаты ол жеке тұлғаны ол өмір жолыны субьект ретінде қарастырады. Биографиялық әдіс психологиялық құбылыстың сипаттамасында ең аналитикалық , қатаң синтетикалық және метофориялық болып есептеледі. Қазіргі заманғы психологияда биографиялық әдіс дұрыс қалыптаспаған бірақ ылғи бұл әдістердің арасында қарастырылады сонымен қатар бұл әдіске қызығушылық көп танытады және ары қарай қарқынды дамиды.

Биографиялық әдіске психология ғылымының назар аударған себебі ол зерттеулік және тесттік материалдардың жетіспеуі болып табылады, ол жеке тұлғаның өмір бойы әр түрлі бақылаудан қалатын оқиғалар орнынан ақпарат алу болып табылады.

Биографиялық әдістің қолданылуы барлық жағдайдасенімді емес.Биографиялық әдіс ол жанды әдіс , табиғи өмірде қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде биографиялық әдісті өмір жолында қолданады. Биографиялық әдістің бағыты ол психологиялық механиздерің және өмір жолындағы заңдылықтар мен әлеуметтік мінез – құлығы зерттеуге арналған.

Виктор Франклом былай дегени "Жеке тұлға ол өз өмір баянында ашылады.ОЛ өз өзін ашады , озінің « солай болғаның», нақты анализдерге сүйенбей өзінің бірегейлігін биографияда түсіндіреді, қорыта келе биография ол – жеке тұлғаның уақытта түсіндірілуі.

Биографиялық әдістің тарихи және екі ғасырлық өмір жолы бар , бірақ заманауи психологияғы осы әдісті әкелген ол Б.Г Ананьев (1907-1972)болып табылады, алпысыншы жылдарында классификациялық әдістер мен методологияларды құратырып биографиялық әдіске өзінің нақты орнын алып берген. Оның классификациясы зерттеулердегі ойлау деңгейін көрсетеді, зерттеуді жоспарлаудан бастап интерпритациядан аяқталады. Тиісінше ол әдістердің 4 типін көрсеткен : ұйымдық , эмпирикалық , емдеу әдісі, интерпритациялық әдіс. Ең негізгі тұрі ол эмпирикалық болып табылады, ғылыми дәлелдемелерді зерттеулер нәтижесінде алады. Ананьев эмпирикалық түріне бақылауды жатқызды оның ішінде бақылау және өзін өзі бақылау жатады, эксперименттік ол табиғи және лабараториялық , диагностикалық , праксиметриялық әдіс сонмен қатар биографиялық әдіс.

Б.Г. Ананьев "биографиялық әдіс - өмір жолындағы жеке тұлғаны іс әрекет субьектісі ретінде анализдерді жинау.1990 жылдағы биографиялық әдістердің" Психология сөздігі" кітабында былай сипаталған: "зерттеу әдістері , диагностика, жеке тұлғаның өмір жолындағы коррекциясы ...жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі, сыртқы жан дүниесі, отбасы, әлеуметтік ортасы, қоршыған ортасының ықпалы.Биографиялық әдістің өзінің өмір жолы бар ол жеке тұлғаны өмірлік жолдың субьктісі ретінде қарастырады. Осы жерден биографиялық әдістің мән мағынасы шығады.жеке тұлғаны әдістің теориялық , апараттық, басқа нақты әдістер жиынынан, интерпритация мен емдеуі арқылы әдістің спецификасы көрінеді. Қазіргі уақытта юбиографиялық әдіс жақсы қарқынмен дамуда сонымен қатар техникалық апараттар қолдануда ол әдісті жан жақты екенің дәлелдеуде.Психологияда осы әдісті биоргафиялық әдіс деп сирек айтпайды."Биография" сөзі өмір тарихын сипаттайды. Өзінің тарихынын болуы ол жеке тұлғаның белгісі. "Өзінің жеке тарихы болғандықтан адам жеке тұлға болып саналады", - деп Рубенштейн жазған. Жеке тұлғаның болуы мен оның өмір жолының болуы үлкен ғылыми зерттеулерді дәлелдейді олар Ананьевтің айтуы бойынша генетикалық персонология немесе аналогия онтогенетика , биографика. Оның әдісі ол биография ал пәні ретінде ол жеке тұлғанің өмірлік жолы болып есептеледі. Б. Г. Ананьев "генетикалық персоналистика - теориялар менадам өмір жолындағы негізгі оқиғалары, конфликттер, байлығы биографиялық әдістерінің негізі деп ойлаған.

Биографика ол психологияның бір саласы ол әлеуметтік өмірдегі психологиялық механизмдер, өмірлік таңдау, экзистенциалды қобалжуларды қоқан кезе, индивидтің ішкі өміріндегі жанының жұмысы оған талант, өмірге деген көзқарас, мінез-құлық, өмірлік философия болып табылады, яғни жеке тұлға биографиядан әдістен жеке қарастырылуы мүмкін емес.

Даралықты зерттеген кезде биографиялық әдіс идеографиялық кескінде көрінеді. Жеке дара жағдайларды қарастырған кезде ерекше кескінде табылады. Индивидуализацияның қағидасы осыда тұрады, С.Л.Рубинштейн:айтуынша "психологиялық теорияның зертеуі ол жеке тұлғаның өмір баяның сипаттамасы емес, жеке дарадан әмбебапқа , кездейсоқтықтан қажеттілікке көшу».

(*Ұлы адамның өмір баяның сипаттаған сайын оның құндылығы артады.Практикалық психологияда биографиялық әдістің сараптама бірігейлігі, бұндағы ерекшелік ол жеке адамның нақты әлеуметтік заңдарға өтуі.*)

Бір жағынан 30 жылдары психологиялық ахуал боп ол өмір жолының адамаралық құбылысы. Американдық психолог Шарлотта Бюлер 20 – 30 жылдары біріңғай заңдылықта ғылыми зерттеуді жүзеге асырды. Бұнда биографиялық әдіс заңдастырылған түрде шықты, эмпирикалық мәліметтердің статистикалық әдісін талдайды, үлкен сайлауларда алынған.



Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Білім берудегі ғылыми зерттеудің днңгейі



  2. Танымның екі түрі— ғылыми және стихиялы және эмпирикалық .

  3. Педагогика және психология аймағында ғылыми зертттеу танымдық іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде.

  4. Танымның ғылыми процесінің негізгі белгілері


Әдебиет:

  1. Гудвин Дж. Исследование в психологии: методы и планирование. -СПб.: Питер, 2004.

  2. Загвязинский В.И., Атаханов М.Н. Методология и методы психолого-педагогического исследования. -М.: Изд. центр "Академия", 2005.

  3. Куликов Л.В. Психологическое исследование (методические рекомендации по проведению) - СПб, 1994.

  4. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. Изд. Калининградского государственного университета, 2003


Тақырып 2: Өмір жол – биографиялық әдістің пәні
Өмір жол – биографиялық әдістің пәні

Өмір жолының теориялық ұғымы ол апараттың негізін көрсетеді. XX ғасырда өмір теориясымен жеке адам өмір жолы қалыптасты. Психология ғылымда өмір жолына маңызды арналған ойлар мен мәлімдемелер теориялық тұрғыда қалыптасқан. С.Л.Рубинштейн "Основы психологии"кітабында (1935) және "Основы общей психологии" (1940, 1946) өзін-өзі танумен өмір жолының қиындықтарына арнайы назар аударған."Жеке тұлғаның ерекшеліні ол адамның жай ғана дамуында емес ол оның һмір жолы мен тарихының болуында...Барлық адамдарда өзінің тарихы болады, адам дамуы әлеуметтің дамуымен байланысты. "Б.Г.Ананьев өмір жолын адамның әлеуметтік ортадағы тарихы мен байланысты деген, жеке тұлғаның құрылымы мен психологиялық өлшемдер ол тарихи өлшемдерде талантпен мінез құлығы ескерілмейді " деп айтқан.Жеке тұлғаның биографиялық зерттеулері , өмірлік жолы мен шығармашылық жолы – өнер тарихы, ғылым мен техника тарихы, психология және т.б "

(* Жағымсыз анықтамаларды өмірде парадоксальді-афористикалық әдетті береді деді жазушы Андрей Платонов: "Өмір бұл айырылу және айырылған мүмкіндік" (18.155).

Адам өміріндегі ең маңыздысы,оның ерекше құрылымды иемденуі. Уақыт аспектісіне қарай оның құрлымы бір-бірінен ажыраған құрылымдарды қалдырып отырады. Барлығының ортақ түрі дайындық фазасы, старт, кульминация және мәре. Бірақ әрбір адамда осы ортақ фазалармен бірге әрбіреуіне сай тұлғалық эпохалары бар.

Ш.Бюлердің айтуы бойынша - осы кеңістікте өмірлік құрылымның әртүрлі іс-әрекеттен, әңгімелесуден, оқулардан және характеристикадан т.б тұрады.

Биографиялық әдістің түсіндірме аппараты. Өмірлік жолда алдыңғы характеристикаға қарағанда адам өмірінде спецефикалар орналасқан ол арқылы биографиялық әдістің шеңберін түсінуге болады. Біз бірге өмірлік концептуалды теорияларын, биоргафиялық әдістің фундаментін және биогрофиканың негізгі құрылымын анықтауға тырысайық. Ең басты түсініктемелер "өмірлік жол", "тіршілік әрекеті"туралы қысқаша айтылған болатын. Әрине биографиялық әдіс ортақ ғылыми түсініктің "тұлға", "субьект", "жеке тұлға" алдында келе жатыр.

Біздің көзқарасымыз спецификалық түсініктерге қарағанда "оқиға", "өмір оқиғасы" маңыздырақ болып келеді. Бұл басқа сөзбен айтқанда өмірдің жаңа жолын негізін қалау және әлеуметтік мінез-құлық ішкі әлемін қалпына келтіру, оның болашақ барысында маңызды өмірлік факт болып табылады.

Сонымен қатар неғұрлым тұрақты экономикалық, саяси, заңды, моральдық жағдайлар орын алады. Бұл жағдайларды біз өміраяндық хронотоп деп айтуға болады, әдетте хронотоп тұжырымдамасы нақты уақыты мен өміріне байланысты болады. Өмір обьективті адамды қоршаған жағдайларға жиынтық ретінде өзі макро-ортада сараланады. Қоршаған орта микро-орта түрінде пайда болады. Ол субьективті өмір жолын сипаттайтын қоршаған ортаны тұжырымдайтын маңызды болып саналады. (* Өзін-өзі қорғау тұжырымдамасы Б.Г Ананьевтың өмірінің соңында дами бастады(12)). Ол кезде ода жай ғана тұратын жер емес ол Үй, кездейсоқ достар емес өмірбойынғы достық, сондай-ақ отбасы тек қана туысқандарының қатысуымен емес ең көңіліне жақын адамдардың қатыуымен болады. Л.С Выготскийдің кезнен бастап психология белгілі әлеуметтік жағдай, ол белгілі бір жас кезеңінде нақты адамға олардың байланысы мән жағдайлардың жиынтығы болып табылады. Өмір мән жайлардың динамикалық аспектісі.



Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.Детерминизм принципі.

2.Физиологиялық пен психикалықтың бірлігі принципі.

3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.

4.Объективтілік принцип.

5. Даму принципі мен жүйелі-құрылымдық принциптер.


Литература:

  1. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  2. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  3. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.



Тақырып 3: Гуманитарлық ғылымда биографиялық әдістің тарихы. Биография тарихи ғылым жанры мен әдісі ретінде. Әдебиеттанудағы биографиялық зерттеулер
Гуманитарлық ғылымда биографиялық әдістің тарихы

Биографиялық әдіс гуманитарлық білімнің ерекше бағытын құрайды. Вильгельм Дильтей биографиялық әдісті гуманитарлық зерттеулердің жоғары және негізгі формасы деп есептеген. Оның нышандары Ерте Египетте табылған. Ежелден биографияның обьектісі атақты адамдар болып табылған. Антикалық әлемде атақты Светонияның «он екі цезарлердің өмірбаяны»,Плутарханың өмірбаяны жазылған.

Орта ғасырларда дін маманы- филосов Августин Блаженнің б.з.б IV ғасырда «Исповедь» жазылып, атақтылардың өмірі жайлы жанрлар тарады. Осылайша, XIII ғасырда кардинал Боневентура «Франциска Ассизесдің өмірі» жайлы жасса, ал Ресейде осындай сияқты тақуа православтер туралы жазылған. Өмірлік әдебиет құнды сілтемеге ие және халықты тәрбиелеуге қызмет етті. Қайта өрлеу дәуірінде (Б.Челлинидің) автобиографиялары танымал болған. Орыс биографилық әдебиеттерінде жер иеленуші Болотова Андрей Тимофеевичтің өмірбаяны (XVIII ғ.) , желтоқсаншылардың өмірбаяндық жазбалары және де тағыда басқалары , орыс суретшісі Мария Башкирцеваның (XIX ғ.) күнделігінде басылып шыққан.Осындай туындылар біруақытта психология мен тарихтың, әдебиеттің негізгі жанры болып табылады.

XIX ғасырда әдеби өмірбаяндық жазбалармен қатар, биографиялық материалдардың негізінде, әдебиеттану, тарихи зерттеулер, психологиялық таным мақсатында аналитикалық туындылар пайда болды.


Биография тарихи ғылым жанры мен әдісі ретінде.

Тұлға тарихи ғылым үшін , тарихи драманың әрекет етуші тұлғасы ретінде қызықты. Оны тарихи процесске әсер ету сипаты мен деңгейі бойынша бағалайды. Бірінші кезекте кейіпкердің қоғамдық іс-әрекеті қатысады, ал жеке өмір фактілері , тарихта маңызға ие емес, кездейсоқтық ретінде қарастырылады.

Маркстік тарихи ғылымда, тарих психологизациясына қарсы күрес әрқашан жүрген. Ол тарихи материалдарды түсіну, қоғамдық-экономикалық формация теорияына қатысты тарихи процестердің обьективті заңдылықтарын зерттеуде байқалған. Биографиялық әдіс тарихи ғылым жанр ретінде маркстік ғылымдар жағынан , тарихи зерттеуде артық субьективизмді енгізгені үшін, тарихи процесте атақты тұлға ролдерін тым екпіндеуі үшін, тарихи дамудың обьективті факторларына назардың жетіспеушілігінен, әрқашан сынға ұшырап отырған. Кеңес тарихи ғылымында тарихи процестердің обьективті факторлары әрқашан басымдылықты байқатқан. Атақты адамдардың тұлғасы мен өмірлік жолдары тарих себептерін түсіндіру мақсатында емес , ал сол дәуір және оның нақты жағдайлары туралы көзқарасты байыту үшін зерттелінген.

Осыған қарамастан, 60-70 жылдары КСРО-да революция ғылымына дейінгі орны бар, психологияның тарихпен байланысы қайта жаңарды.Кеңес тарихшылары арнайы , яғни биографиялық құжаттарда болатын ақпараттарды қарқынды қолдана бастады (1,2,3). Қазіргі уақытта бұндай байланыс тарихи психологияның дамуына алып келіп, осы аймақта алғашқы отандық кітаптар жазылып, диссертациялар орындалды (4,5).

Шет елдерде психологиялық факторлерге аса көңіл бөлетін , атақты дамуға ие психотарихы пайда болды (6). Балаларды тәрбиелеу, жыныстық қатынастар, ас қорыту, әртүрлі дәуірдегі адамдардың тіршілік әрекетіндегі әдеттері деген сұрақ , тарихи зерттеу пәнімен тең түседі. Тарихи санада адамдардың жеке өмірлерінде азғандай тарихқа деген қызғушылығы пайда болып , психологизм немесе антропологизм тенденциясы өседі. Тарих адам өмірінің кемеліне келген, адами құштарлықтардың қайнауы мен тұлғалық әрекеттердің шұбырау ретінде көрсетіледі. Сондықтан биографияға деген назарлар тарихи зерттеу жанры ретінде сөнбейді, керісінше , өседі.

Тарихи ғылым ежелден тұлғаны тарихтың ең көп беделді персонажы ретінде қарап, атақты тұлғалардың іс-әрекетін өткен шақ нәтижесі ретінде зерттеп, биографиялық әдіске жүгінген. Тарихи биография жанрында XIX ғасырда атақты ағылшан тарихшысы және философы Томас Карлейль жұмыс істеген. Кеңес ғылымында биографиялық жанрында академик Е.В. Тарленің атағы шыққан (оның атақты кітаптары «Наполеон», «Талейран»). Ұлы Франция революциясын зерттеуші, «Наполеон Бонапарт», «Три портрета» кітаптарын жазушы, тарихи кескіннің шебері кеңес тарихшысы А.З.Манфред болды. Россия-КСРО-ның саяси қайраткерлері туралы кітаптары мен тарихи-биографиялық очерктері арқасында , біздің заманымызда Д.Н.Волкогоновта көпшілікке танымалдылыққа ие болды.

Биография ғылыми-тарихи жанр ретінде, көп жағдайда философия тарихы аймағында жоғары бағаға ие (7). Бұл жанрда философтардың мысалы, И.Кант, М.Бакунин, Г.Гегель, Г.Лейбниц сияқты философтар туралы айқын кітаптары пайда болған. Н.А.Бердяевтің философиялық автобиографиясы маңызды құбылыс болып табылған.

Атақты тарихи тұлғалардың өмірбаянын зерттеу кезінде, маңызды жазба деректемелері болып , арнайы құжаттары болып табылады. Қазіргі заманғы психолог-биографист , өткен- кеткен жайлы айғақтық және мәтіндік деректемелер туралы ақпарат алуда тарихшыдан жұмыс тәсілдерін ала алады. Тарихи деректеметануда өмірбаяндық жазбалар құжаттарының класификациясы, мәтіндік анализ (ішкі және сыртқы сын деп аталатын) деректемелерінің сыни әдістері жасалынған. Тарихшылар мұрағатты (архив) жинап және өңдей алады, және бұлардың тәжірибелері психологиялық биографиялық зерттеуде тәжірибені қабылдау маңызды.

Тарихи ғылымда өмірбаяндық жазбалар деректемелерінің әртүрлі формалары көрсетіледі: жалпы өмірлік жол туралы елестетулер (өмірбаян), жеке өмір периоды туралы елестетулер , жаңа жағдайлар ізі бойынша күнделіктер мен жазбалар, әдеби жазбалар- елестету бойынша жазушы (журналист) арқылы жазылған және соның атынан жазылған жағдайларға қатысушылардың жазбаша құжаттары, оның туындылары. Өмірбаяндық жазбалар деректемесіне жазбалар, замандастар туралы еске түсірулер, қазанамалар (некрологи) және т.б. жатады.

Тарихшылар деректемелермен жұмыс жасауда, олардан ақпаратты шығарып алу, сенімділікті жоғарлатуға мүмікдік беретін, келесідей операцияларды ұсынады:

1) өмірбаяндық жазбалардың эпизодқа бөлінуі;

2) эпизодтардың анализі (қатысушылардың шеңбері, мәліметтердің әртүрлігі, олардың құрылымын анықтау);

3) еске түсіруде саңылаулардың (пробелов) көрінулері;

4) әңгімелеу, баяндау логикасын зерттеу (автордың жеке айтқан сөзі арасында қарама-қайшылық бар ма, жоқ па);

5) өмірбаяндық жазбалардың әртүрлі варианттарының тұрақты мазмұнын анықтау үшін қажетті мәтіндік анализ.

6) Басқа да авторлардың өмірбаяндық жазбалар ақпараттарынан деректерді салыстыру (8).

Тарихшылар үшін тұлға туралы мәлімет алуда өмірбаяндық жазбалар авторлары, деректердің сыни талдау шарттары ретінде , қосымша мағынаға ие. Осыған орай, оның еске түсірулерін обьективті түрде қорытындылау үшін, өмірбаяндық жазушылардың эридициясы, мотивациясы мен құзыреттілігі ескеріледі.

«Теориялық процесс», «жағдайлар», «тарихи факт» түсінігі сияқты тарих әдістемесіндегі теориялық сұрақтар , өткен шақты тану мен шындықтың обьективті критерийі арқылы анықталады. Тарихи танымның спецификасы, биографиялық әдістің негізін теориялық жасауға деген қатынасынан көрінеді. Психолог тұлғаны оның өмірлік жолындағы фактілері арқылы зерттеуі үшін, ең алдымен осы тұлға өмірінің өткен шақ суретін қайта құру керек. Сондықтанда , тарихи зерттеулердің принциптерін шығармашылық қолдану- психологиялық биографиялық зерттеудің қажетті шарттары. Тарихи ғылымда негізгі тарихи құбылысты- жағдайды түсінудегі анықталмағындық болып қалады. Бірақ соған қарамастан, психолог-биографист білу керек маңызыдысы, ол жағдайлар табиғатын түсінудегі құнды идеялар мен оның құрылымдары.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет