Қостанайда кәсіпкер қызметкері жұмыс барысында тырнағын жарақаттап алғаны үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Деректерге сай, жәбірленуші Ильина М.А. "Ale Company" ЖШС-де супервайзер болып жұмыс істеген. Оның міндетіне тауар қораптарын шығарып, сөреге қою кірді. Өнімдерді реттеп жатқанда оның қолына қораптар түсіп, саусағы қайырылып бірінің тырнағы түсіп қалған. Ол дереу әкімшіге қоңырау шалып, ол жедел жәрдемге баруға кеңес алған.

Жәбірленушінің де бір-біріне талап-арыздары болған жоқ. Бірақ еңбек инспекциясы бұл істі қараусыз қалдыруға болмайды деп есептеп, сотқа жүгінген. Айтпақшы, жазатайым оқиға туралы жедел жәрдем станциясы бірнеше күннен кейін ғана еңбек инспекциясына хабарлаған.

Әкімшілік мамандандырылған сот қол астындағы қызметкердің жарақатын еңбек инспекциясына хабарламағаны үшін кәсіпкерді кінәлі деп тапты.

  • Атырау облысында қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

  • "Көлікпен 200 метрге дейін сүйреді": Астанада кәсіпкер жалақысын сұраған жұмысшылардан қашып кеткен

Шешім қабылдау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде өкіну мен кінәні мойындауды қабылдады. Нәтижесінде "Але Компани" ЖШС-не 338 100 теңге айыппұл салды.

“Кәсіпкер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 187-бабы – жұмыс берушінің өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі міндеттерін бұзған. Жарақаттың жеңіл болғанына қарамастан, заң бойынша кәсіпорын 24 сағат ішінде еңбек инспекциясына хабарласуы керек еді, бірақ олай істемегені үшін жауапқа тартылады”, – делінген хабарламада.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.