Пєні: Информатика



жүктеу 82.33 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі82.33 Kb.
түріСабақ

Пәні: Информатика

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы

MS Word мәтіндік редакторында мәтін теру ережесі, кесте құру, графикалық мүмкіндіктері.

Жалпы мақсаты

1.Word редакторында мәтін теру ережесі туралы білу.
2.Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырату, ерекшеліктерін түсіну.

3. MS Word мәтіндік редакторында кесте құрды, графикалық мүмкіндіктерін тиімді қолдану.



Күтілетін нәтиже

- Word редакторында мәтін теру ережесі туралы білетін болады.
- Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін өзара ажырата білуді үйренеді.

- Кесте құра алатын болады, графикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын болады.



Негізгі идеялар

Мәтінмен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, тырнақшалары, жақшаларды мәтіннен кенет бөліп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды. Кесте құрғанда кестелерді біріктіру және ұяшықтарды бөлу маңызды. Суреттерді қоя білу де маңызды.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру

Сабақтың әдіс тәсілдері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, Блум таксономиясы

Сабақтың құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, 8-сынып оқулығы, слайдтар, плакаттар, маркерлер, смайликтер


Тапсырмалар:

Топтық жұмыс « Ақпарат алу»
Жұптық жұмыс: «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Жеке жұмыс: «Құзырлылық тапсырма»
Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»







Сабақтың барысы

Сергіту жаттығуы

Сабақты

бекіту

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.«Шаттық шеңбері» (1-минут)


1.2.Топқа бөлу. ( «M-S-W-O-R-D» , «МӘ-ТІ-Н-Д-І-К», «РЕ-ДАК-Т-О-Р-Ы» әріптердің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді) (2 минут)
І топ «MSWord» ,

ІІ топ: «Мәтіндік»

ІІІ топ «Редакторы» болып оқушылар топтарға бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Тауға шығу» сұрақ –жауап арқылы (7 минут)


1. Компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі не деп аталады? (Мәтін)
2. Магнииттік дискіде мәтіндік құжатты құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б. қолданылатын программа не деп аталады?(Мәтіндік редактор)
3. Windows - қа арналған ең танымал мәтіндік процессор не деп аталады? (Word)

4. Басқа мәтіндермен графикалық бейнесін, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін не деп аталады? (Гипермәтін)


5. Абзац енгізу қандай пернемен аяқталады? (Enter)
6. Объектілері – символ, жол, ұяшық, баған болып табылатын қандай мәтін? (Кестелік мәтін)
7. Microsoft Word терезесінің екінші панелі не деп аталады?(Пішімдеу панелі)
8. Меңзердің сол жағында орналасқан символды немесе мәтінді өшіруге арналған перне? ( Baskspace)

9. Меңзердің оң жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге арналған перне? ( Delete)

10. Толық терілген құжаттың орфографиясын тексеру үшін қандай әрекетті орындау керек? (сервис – Правописание F7)

Смайлик арқылы бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ

(Интерактивті тақтадан видеоролик көрсету)

ІІІ. Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі) (8 минут)
Топтар оқулықтағы мәтінмен және компьютер арқылы электронды оқулықтан
І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін»
ІІ топ: «Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері»

ІІІ топ: «Word мәтіндік редакторында кестелерді пішімдеу» туралы танысып шығады.


Топта 6 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы, сыртқы бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады.
Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы) (2 минут)
Бағалау критерийлері

1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы -1балл


2.Ақпараттардың нақтылығы -2балл
3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі -3балл
Бурундокпен бірге билеу.(2 мин)

ІV. Жұптық жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)
А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. (кез келген мәтіні бойынша 5-6 сөйлем)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы – кәдімгі.(обычный)
В-деңгейі:
Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, Word –тың графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, компьютерде шығармашылық жұмыс орындау. Әр түрлі қаріптерді, суреттерді, кестелерді пайдаланып, жарнама, хабарландыруларын, құттықтау қағазын жасау.

С-деңгейі


«Оқушылар үлгерім» кестесін құрыңдар:


Оқушының аты-жөні



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

Математика

Физика

Химия

Информатика

Математика

Физика

Химия

Информатика

Математика

Физика

Химия

Информатика

1. Бимағанбет





































2. Ахатай С





































3. Тайлан





































4.Хамид Ә





































5. Балтабай





































6. Әбдіраман






































«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.

V.Жеке жұмыс: Құзырлылық тапсырма. (4 минут)
Менің арманым...

«Мадақтау сендвичі» арқылы бағалау

  1. Позитивті комментарий, не ұнады?

  2. Сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек

  3. Келешекке арналған комментарий, маған не ұнады, бірақ келесі жолы..


VІ.Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы» (5 минут)

«Блум таксономиясы»




Білу

Word қандай редактор?






Түсіну

Word –тың негізгі мүмкіндіктерін атап түсіндіріңіз?




Қолдану

Word мәтіндік редакторының терезе элементін реттілігімен сәйкестендіріңіз?
1. Жұмыс алаңы
2. Сызғыш
3. Жай-күй жолы
4. Тақырып жолы
5. Сурет салу тақтасы






Талдау

WordPad пен Word-тың айырмашылығын салыстырыңыз?




Жинақтау

Бүгінгі сабақтан алған әсерім (эссе жазу)




Бағалау

Word не үшін керек?






Жазған жұмыстарын рубрикалар арқылы әр қайсысы оң жағындағы жұбының жұмысына бағалау жүргізеді.




VIІ. Кері байланыс. Рефлексия. (5минут)
Әр топ мүшелері өткен сабаққа рефлексия жасайды: Мен.... таныстым..; .....маған оңай болған жоқ. Ерекше ұнағаны..; .....рахмет айтамын. Мен болашақта..; ..жазып көремін.
Келер күнге тілегім....

Кейінгі тапсырма

9-бөлім (119-147 бет)
Кейінгі оқу Word мәтіндік редакторында «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбында эссе жазып, А4 қағазына шығырып алып келу.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет