Қр ашм ішкі бақылау қызметімен 2013 жылда жүргізілген бақылау жұмысының нәтижелері туралы Ақпарат



жүктеу 9.66 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі9.66 Kb.

ҚР АШМ Ішкі бақылау қызметімен 2013 жылда жүргізілген бақылау жұмысының нәтижелері туралы

Ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі бақылау қызметі тарапынан 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 41 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді.

Аталған бақылау шараларының нәтижелері бойынша қабылданған іс-шаралардың арқасында 59 713,4 мың теңгенің бұзушылықтары бюджетке өтеліп қалпына келтірілді. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға кінәлі 64 лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 14 тексеру нысандарының басшылығы, 1 лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты ҚР АШМ «Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ-нің бақылау құжаттары әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне жолданды.



Сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған «Республикалық ветеринариялық лаборатория» РМК, «Ұлттық референттік орталығы» РМК және «Астана құс» Асыл тұқым шаруашылығы» АҚ бақылау құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігіне (қаржы полициясы) бағытталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет