Қр іім макан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Жалпы-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры



жүктеу 97.5 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі97.5 Kb.

УДК 340.12 Р.А. Ауланберген

ҚР ІІМ Макан Есболатов атындағы

Алматы академиясы,

Жалпы-құқықтық пәндер кафедрасының

оқытушысы полиция майоры,

 Алматы
R.A. Аulanbergen

Ministry of Internal Affairs of the Republic

of Kazakhstan named after Makan Esbolatov

Almaty Academy,

Department of general disciplines

Lecturer, Police Major,

Almaty
Құқықты түсінудің кейбір сұрақтары



Некоторые вопросы правопонимания



Some question of legal consciousness
Аңдатпа

Бұл мақалада құқықты түсінудің кейбір мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: құқық, құқықты түсіну теориясы, құқықты түсіну тұрпаттары
Аннотация

Данная статья рассматривает некоторые вопросы правопонимания.

Ключевые слова: право, теория правопонимания, типы правопонимания
Аbstract

This article examines some questions of legal consciousness.

Key words: justice, legal consciousness, type of legal consciousness
Заң ғылымында құқықты түсіну айқындаушы рөл атқарады, сондықтан да ұл тақырып өзекті. Құқықты түсінудің белгілі тұрпатының шегінде қалыптасқан көрінісі, құқықтық теорияның және құқықтық феномендерді тану қағидасының қалыптасуының негізі болып келеді. Осыған байланысты, әдеттегі оның анықтамасына негізделген құқықты түсіну, өзіне жалпы құқықтық тұжырымды өзіне біріктіреді.

Құқықтың мәні туралы сұрақ қазіргі құқықтық және саяси ойлардың басты назарында, ал құқық түсінігі бүгіннің өзінде жалпы теорияның негізгі санаттарының бірі. Көптеген құқықтық және басқа да әлеуметтік құбылыстарды түсіну, қоғам өмірінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешу құқықты және оның мәнін түсінуге байланысты.

Құқықты түсінудің мәселелері, дәстүрлі түрде, отандық және шетелдік заң ғылымдарында, маңызды мәселелер қатарына жатқызылған және солай болып келеді де. Құқықты түсіну мәселесі - салмақты мәселе, өйткені бұл мәселенің шешілуіне байланысты, басқа құқықтық құбылыстар түсіндіріледі.

Жалпы алғанда, құқықты түсінудің тұрпаты дегеніміз – бұл құқықтың жалпы құқықтық белгілерінің жиынтығы ретіндегі белгілі-бір бейнесі [1].

Құқықтың мәніне көзқарастардың көптүрлілігі оны танудың ерекшеліктермен байланысты. Құқықтың барлық жақтарын қамтитын бірыңғай түсінігін берудің оңай еместігі, оның күрделілігіне, көпжақтылығына, көпдеңгейлігіне байланысты.

Осы жағдайларға байланысты, ресейлік құқықтанушы Алексеев С.С. құқықты келесі үш бейнеде қарастырады:

- жалпыға міндетті нормалар, заңдар, соттардың және басқа да заң мекемелерінің қызмет;

- мемлекет, мораль, өнер қатарындағы ерекше күрделі әлеуметтік құрылым;

- әлемдік жаратылыстық құбылыс.

Құқықты танудың әртүрлі тұжырымдарын қарастыру барысында, келесілерді ескеру қажет:

Біріншіден, құқықты түсінудің нәтижесі, әрқашан да субъектінің философиялық, адамгершіліктік, идеологиялық позицияларына байланысты; екіншіден, құқықтың тарихи қызмет ету жағдайларына; үшіншіден, тұжырымның негізін(құқықтың құрылу қайнар көздерін).

Қазіргі уақытқа шейін отандық және шетелдік заң ғылымында құқық туралы ортақ түсініктің өңделмегені туралы және бұл құқыққа қатысты көптеген мәселелерді шешуге кедергі келтіретіндігі көп заңға қатысты және қатысты емес адамдарды таң қалдырады. Бұл жөнінде көптеген мемлекеттердің мемлекеттік – құқықтық ортада жүргізілген зерттеулер дәлел.

Осылайша, XVIII ғ. соңында неміс классикалық философиялық негізін қалаушы И.Кант өзінің «Метафизика нравов» деген жұмысында (1797ж.) былай деп айтқан: «құқықтанушыны жаңылдырады – егер ол тавтологияға немесе жалпы шешімнің орнына түскісі келмесе, онда ол қандай да бір елдің қандай да болмасын заңдарына сілтеме жасауы қажет».

XIXғ. соңы мен XX ғ. басында жүзжылдық өткеннен кейін, өзге неміс ғалымы, белгілі заңгер Р.Иеринг, құқықты түсіну мәселесін қозғай отырып, құқықты талдаған кезде пайда болатын түсініксіздіктер мен жеткіліксіздіктерге назар аударған. Жалпы алғанда, құқық термині екі мағынада қолданылады: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада құқық – ол мемлекетпен қорғалатын бүкіл құқықтық жағдайлардың жиынтығы, өмірдің заңдық тәртібі. Субъективтік мағынада – тұлғаның нақты бір құқық қабілеттігіне абстрактілі ережелерді нақты қолдануы.

Кейінгі кезеңде де шетелдік авторлар осындай тәрізді құқықтың түсініксіздігі және жетістіктері, одан туындайтын мәселелер туралы айтқан. Бұл мәселелер XX ғ. бойы көптеген таластар туғызған және қазіргі кезде де бұл мәселелер маңызды болып тұр. Бұған басылып шығарылған көптеген монографиялар, кітапшалар мен мақалалар дәлел болады.

Әртүрлі құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің ұқсас жерлерін табу және зерттеу тек қана сондай мәселелерді шешу үшін емес, сонымен қатар құқық туралы ортақ түсінікті зерттеп дайындау үшін маңызды болып табылады. Отандық және шетелдік авторлар қолдаған ұлттық құқықтың мынадай ерекшеліктері мен белгілері бар: а) жүйеге және тәртіпке келтірушілік; б) нормативтілік; в) императивті, билік етуші сипатта; г) жалпыға міндетті және жалпыға танымал; д) формальдік анықтама; е) жалпылық масштабы және барлық индивидтерге қатысты теңдік; ж) реттеуші маңызға ие; з) жан-жақты қамсыздандыру (мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың көмегімен) және кепіл беру.

Құқықтың қиындығын, жан-жақтылығын және қарама-қайшылығын ескере отырып, аталып өткен белгілердің мәңгілігі мен сұрақ туғызбайтындығы туралы айту қиын.

Құқықты қалыптастырушы қайнар көздерге байланысты, құқық кем дегендеүш деңгейде құрылады: нормалар, идеялар, қатынастар. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы заң ғылымынды құқықты түсінудің үш тұрпаты қалыптасты: нормативті, философиялық және әлеуметтану тұрғысынан түсіну.

Нормативтік теория, құқық ол заңдар мен нормативтік актілерде көрініс тапқан нормалардың жиынтығы деген көзқарасқа негізделген. Бұл тұжырымның бастамашысы Г.Кельзен. Оның пікірінше, құқық, басында конституциялық нормалар тұратын, қисынды өзара байланысты элементтері бар иерархиялық пирамида іспеттес. Құқықты түсінудің бұл тұрпаты, құқық пен заң үстемдігіне негізделген, позитивті құқық теориясына негізделеді.

Заң ғылымында құқықты түсіну бойынша бай теориялық материал қалыптасқан. Ғалым И.Л. Честнов құқықты түсінудің келесідей жіктейді: философиялық, әлеуметтанушылық, мәдени-тарихи [2].

Нормативтіліктің қазіргі таңдағы өкілі болып М.И. Байтин табылады. Бұл теория шеңберіндегі негізгі құқықты түсіну, келесіледе бекітіледі:

1) құқық – бұл нормативтік актілерді мазмұндалған, өзара байланысты және өзара әрекет етуші нормалардың жүйесі;

2) құқық нормалары мемлекетпен қабылданады және заңда бекітілген мемлекеттің еркі көрініс табады;

3) құқықтық нормалар маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

4) құқықтың өзі және оның жзеге асырылуы, қажет болған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

5) құқықтық қарым-қатынастардың пайда болуы, құқықтық сананың қалыптасуы, құқықтық мінез-құлық нормаларға байланысты.

Нормативтіліктің артықшылығы сонда, бұл тұрғыда, құқық нормасы арқылы мінез-құлықтың рұқсат етілген және тыйым салынған шектері бекітіледі; құқықтың жалпыға міндеттілігін және мемлекетпен байланыстылығын көрсетеді; заңдылықтың белгіленген режимін қамтамасыз етеді; құқықтың формальды анықтылығын қамтамасыз етеді, субъектілердің құқықтар мен міндеттерін нақты көрсетеді. Г.В. Мальцевтің ойынша, нормативтілік бұл – құқықтың терең және әмбебаптылық қасиеті. Норма құқықтың барлық нысанында бар – ежелгі дәстүрде, қазіргі заңда.

Құқықты нормативті түсінудің кемшіліктерінің де бар екенін мойындау қажет. Атап айтсақ, мемлекет еркінің құқықтық жүйеге ықпал етуінің шексіздігі, құқықтағы адамгершіліктік және табиғилық бастамаларға, заң нормаларының жүзеге асырылуына құқықтық сананың рөліне ықпал етеді, құқықтың әрекетін және оның қоғамдық қатынастармен байланысын ашпайды.

Құқықты философиялық тұрғыдан түсіну, табиғи құқықтық теорияға негізделеді. Бұл теория XVII – XVIII ғасырлардағы саяси-құқықтық ілімдерде дамыды. Табиғи-құқықтық көзқарастар өз бастамасн Ежелгі Грекия және Ежелгі Римде тапты, құқықтағы адамгершіліктік, әділдік негіздерді көрсетті.

Философиялық бағыттың артықшылығы ретінде келесілерді көрсетуге болады: ол адамдардың ажырамас, табиғи құқықтарын бекітеді; құқық пен заңды ажыратып көрсетеді; құқық пен әділдікті, құқық пен теңдікті тұжырымдық түрде бекітеді. Ал теңдік өз кезегінде, адамгершіліктің қағидалары мен идеяларының көрсеткіші ретінде. Осы идеяға заң шығарушы негізделуі керек, барлық жаңа нормалар адамның табиғи құқықтарынан бастау алуы қажет.

Бұл теорияға сын көзбен қарасақ, қоғамдық қатысушыларының әділдік, теңдік, бостандық ұғымдары сияқты құндылықтарға әртүрлі көзқарасын айтуға болады. Сондай-ақ атап өту қажет, құқықты бұл тұрғыда түсінуде, құқықты моральдан, адамгершілік нормаларынан бөліп қарауда қиындықтар туындайды. Нәтижесінде құқық туралы, құқыққа сай және сай емес мінез-құлық бойынша абстрактілі көзқарас туындайды.

Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.

1962-ші жылы V халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда шетелдікәдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары (В.В Лапаева, В.А Туманов, т.б.) құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымының бір саласы және ол құқықтық деп санайды. Ал ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадовосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды.

Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. Әлеуметтік құқықтың заңи ұғымын құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (заңи әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады.

Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Психологиялық концепция қалпында, құқық адам баласының субъективтік психикасының элементтерінің жиынтығы ретінде қаралады. Бұл жерде құқықтың түсінігі және оның мәні, әрекет арқылы шығарылмайды, мына психологиялық заңдылықтармен шығады – адамдардың құқықтық эмоциясы, олар императивті – атрибутивті сипатта болады, яғни әсерленушілік сезімінің бірдемеге құқықтық өкілеттік (атрибутивтік норма) және бірдеңе істегенге міндеттілік сезімі (императивтік норма).

Барлық құқықтық әсерленушілік былай бөлінеді: позитивті (мемлекет-пен белгіленген) құқық және әсерленушілік интуитивтік (жекелеген) құқық.

Интуитивтік құқық шын мәніндегі тәртіпті реттеуші, сондықтаншын мәніндегі құқық ретінде есептелуі қажет.

Бұл концепция құқықты түсінуді екіге бөледі – арнайы және арнайы емес. Арнайы - бұл мемлекетпен белгіленген және онымен қамтамасыз етіледі. Арнайы емес - құқыққа мемлекеттің араласуына болмайды, бірақ құқық ретінде қызмет етеді. Сонымен, психологиялық теория бойынша жазылған заңдармен қатар, құқықпен адамдардың психологиялық әсерленушілігі мойындалады. Бұл деген сөз, құқық нормаларының мемлекетсіз де құрылуын көрсетеді, яғни белгілі эмоция мен адамның әсерленушілігінен. Құқық интуитивті ретінде қаралады, адамның жекелеген психикалық әсерленушілігіндегі эмоция аясындағы, бар құбылыс ретінде қаралады, яғни мемлекетпен байланысты қоғамдық құбылыс ретінде қаралмайды. Сонымен, мемлекеттік мәжбүрлеу мұнда құқықтың бір белгісі ретінде қаралмайды, яғни бірінші орынға жеке адамның жекеше – психологиялық мақсаты қойылады. Психологиялық теория қалпында, құқықтық нанымның құқықтық реттеудегі және қоғамның құқық жүйесіндегі рөлі көтеріледі. Адам құқығының қайнар көзі мұнда заңдардан шықпайды, адамның өзінің психикасынан шығады.

Бұл теорияның жағымсыз жақтарына жататындарға әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа факторлардың қаралмай қалғандығы, себебі солардан да құқықтың табиғаты тәуелді, құқыққа сайлық пен құқыққа сай еместіктің, заңдылық пен заңсыздықтың белгілері көрсетілмеген. Ілім, негізінен құқықты жеке адамның психикасына араластырып жібереді, оны құқықтық санамен теңестіреді, соған байланысты әлеуметтік өмірдің күрделі құбылысы ретіндегі құқықтың шын мәніндегі объективті табиғатын есептемейді, жоққа шығарады. Құқықтың объективті қалыптасқан нормалар жүйесі екендігін толық бағаламай, олардың экономикамен және мемлекетпен байланысын дұрыс түсінуге болмайды.



А.В. Поляков құқықты түсінудің кем дегенде екі негізі болу керек дейді: тәжірибелік жәнпе теориялық.

Құқықты түсінуді, жалпылама, Шығыстық құқықты түсіну немесе Батыстық құқықты түсіну деп бөліп қарастыруға болады [3].

Құқықты түсінудің басқа теориялары бар, дегенмен, сол көптеген тұрғыдан берілетін түсініктер әртүрлі болғанымен, жоғарыда атап айтылған, қалыптасқан теориялардың тұрпаттарын әртүрлі көрсетеді [4].

Құқықты түсінудің мәселелерін жаңа ғылыми және тәжірибелік шешу жолдарын қарастыруда, қазіргі таңдағы әдістеменің және заңшығарушылық мониторингінің тұрғысынан кемелді, болашағы зор мәселе, түсінік беруде, мемлекетіміздің саяси бағытын ескерудің маңызы зор. Ал біздің мемлекетіміздің негізгі саяси бағыттары: саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, рухани-адамгершіліктік қамтамасыз етілуді жетілдіру және дамыту.
Әдебиеттер тізімі
1 Булгакова Д.А. Мемлекет жəне құқық теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Заң əдебиеті, 2006. – 106 бет. 

2 Честнов И.Л . Типы правопонимания // Проблемы теории права и государства / Под ред. В. П. Сальникова. СПб., 1999

3 Поляков А.В. Общая теория права: феноменолого-коммуникативный подход. Курс лекций. 2-е изд. Доп. – СПб.: Юридический центр Пресс, 2003

4 Ковлер А.И. Антропология права. Учебник для вузов. – М.: Издательство Норма (Норма-ИНФРА), 2002.
Каталог: pdf -> 2017 -> 2(2)
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2(2) ->  Вопросы разрешения споров возникающих из семейно
2017 -> Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кінәні мойындау туралы мәмілелердің теориялық-құқықтық мәселелері Теоретико-правовые вопросы применения сделки о признании вины по уголовно-процессуальному законодательству Республики
2017 -> Кафедра доценті, Абылай хан атындағы
2(2) -> Меншік тұжырымдамасы, интеллектуалдық шығармашылық қызметі, азаматтық айналым, тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралану тәсілдері
2017 -> Ерментай султанмурат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет