Қр іім тжк шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Тарбагатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің



жүктеу 62.74 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі62.74 Kb.

ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Тарбагатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің

2018 жылдың 10 айында атқарған жұмысы туралы есебі

Төтенше жағдайлар бөлімінде төрт қызметкер жұмыс атқарады, бөлімдерде бар техниканың саны 8 (10 АЦ: 2 - ЗИЛ-(131) 137 А, 7-ЗИЛ-(130) 63 Б, 1-АЦ-5-40/100 (43253) КАМАЗ, 1-ЗИЛ-130, 1-УАЗ 31512, 2- ВАЗ-21310).

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын, ШҚО ТЖД нұсқауларын жүзеге асыру және Тарбагатай ауданының ТЖБ жұмысын жетілдіру мақсатында Тарбагатай ауданының инженерлік-инспекторлық құраммен 11.04.2014 жылғы ҚР «Азаматтық қорғау туралы» №188-V Заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын жүзеге асыру және аудан нысандарында өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында ауданының ТЖБ қызметкерлерімен:


  • Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігіне бағынысты объектілеріне өртке қарсы жағдайына тексерулер жұргізілді;

  • Қазақстан Республикасының білім министрлігіне бағынысты объектілеріне өртке қарсы жағдайына тексерулер жұргізілді;

  • өртке қарсы сумен қамтамасыз ету бойынша ауданда орналасқан су көздеріне тексерулер жұргізілді;

  • тұрғын секторында өрт қауіпсіздік айлығы жүргізілді.

ШҚО ТЖД 2018 жылдың 3-ші тоқсанында жоспары бойынша Тарбагатай ауданының ТЖ бөлімі аудандық әкімшілікпен бірігіп жаттығулар өткізілді, бұл ретте «Коктем-2018» және штабтық жаттығу.

2018-2019 жылы қыс уақытында аудан бойынша аязбен боранның соғуына байланысты жол қатынастары болмаған жағдайда тез әрекет жасалып, уақытында шара қолданылып отырылды. Қыс маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, жол қызметтерімен бірлесіп қар борасындарына шалдыққыш республикалық және жергілікті маңызы бар жол учаскелеріне аудандағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің авариясыз жұмыс істеуін бақылау жасалып отырылды. 2018 жылы 29 қаңтарда Тарбагатай ауданының әкімімен №40 «Су тасқынына қарсы 2018 жылдың көктем-күз кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары туралы» атты қаулысы шығарылған, осы қаулымен аудандық штаб құрылған, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша. 2018 жылғы 05-ші ақпанда штаб отырысы өтті, ауданның көктемгі кезіндегі су тасқынына дайындық бойынша, отырыста ауданның су тасқыны кезінде тартылатын күшпен құралдар белгіленіп аудандағы барлық жол мекемелеріне және қала, ауыл әкімдерін жол бойындағы су өтетін көпірлердің астын тазарту туралы тапсырмалар берілді.ТЖ болған жағдайда аудан әкімшілігімен Ақсуат ауылындағы шаруа қожалықтармен азық-түлікпен және ЖЖМ қамтамысыз етуге және жеткізуге келісім-шарт жасалынған. Тасқын қауіпті учаскелерге құм, шлак қорлары мен арнайы шлак, құм толтырылған қаптар дайындалды, жалпы 10000 қап дайындалған. Тарбагатай ауданында қыс және көктем мерзімдеріне жұмылдыруға жеке құрам 63 адам, 75 бірлік инженерлік және автокөлік техникалары бар.

Тарбагатай ауданы бойынша 2018 жылға төтенше жағдайларға 7000 литр бензин, 7000 литр дизельдік жанар май және 10 млн. 500 мың тенге аудан әкімінің қорында қарастырылған.

2018 жылдың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы аудан әкімімен бекітілген жоспары бойынша Тарбагатай ауданының ТЖ бөлімі аудандық әкімшілікпен командалық штабтық жаттығулар өткізілді. Бұл жаттығулардың мақсаты мемлекеттік құрылымдарды табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту, тұрғындарды осы жағдайларға байланысты даярлау, жергілікті атқару органдарға бағынысты бөлімдермен табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту, олардың зардаптарын жою бойынша жұмыстарын жетілдіру, және де авариялық құтқару қызметтерімен құрылымдарының құрамын, дайындығын, істерін, материалды техниқалық қордың барын және жағдайын тексеру болып табылады.

13/03/2018ж 18 сағат 30 мин


  • Сатпаев ауылдық округі Көктүбек елді мекенінде қардың қатты еруінен Базар өзені суы денгейі көтеріліп, су өз арнасынан асып елді мекендегі 4 жеке меншік үйдің ауласы мен шаруашылық нысандарына кірген. Оқиға орнында ТЖБ-нен 2 техника 8 жеке құрам, жергілікті атқарушы органнан 4 трактор, 1 Нива, 1 Уаз және 37 адам жайылған суды бөгеу жұмыстарын жүргізуде. 530 қап инертті материалдармен бөгеулер қойылды. Зардап шеккендер және бүлінген нысандар жоқ.

Тарбагатай ауданының ТЖБ қызметкерлерімен кәсіби оқу жүргізу жоспары бойынша 32 сабақ өткізілді, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, ТЖБ қызметкерлерімен апта сайын қол қойдыру арқылы нұсқаулық өткізілуде. Тарбагатай ауданының ТЖБ, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» №59 ӨСБ Ақжар ӨП,Тұғыл ӨП қызметкерлерімен бөлімде ҚР ТЖК-нің негізгі жұмыстарын реттейтін заңдарды, нұсқаулықтарды, тәлімдемелерді, басқа да ҚР заңдары үнемі таныстырылады.

Тарбагатай ауданының ТЖБ-мен белгіленген жұмыстар жасалып, бұқаралық ақпарат құралдарына сенім телефондары жарияланды.

Тарбагатай ауданында Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 15 нысан тізімі берілген.

Тарбагатай ауданында 2018 жылы 714 объекті тіркелген, жоғары тәуекел деңгейлі 127 нысан. 2018 жылдың ІIІ-ші тоқсанында ерекше тәртіп бойынша 24 нысан жоспарланған

2018 ж. өрт қауіпсіздік ережелер бұзғандарға 67 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдары қаралды, оның ішінде 15-і ескерту, 35 айыппұл 330688 теңгеге, оның ішінде 10 лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылды 180375 тенге, 25 жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылды 150313 тенге. Өңдірілген 35 айыппұл 330688 тенге. Осының нәтежесінде республикалық бюджетке айыппұлдар 100 пайызға өндірілді. Тексеру қорытындысы бойынша аймақтың өртке қарсы жағдайы, ақпарат беру шеңберінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі проблемалық мәселелер туралы ауданның атқарушы билігіне және прокуратураға 19 ақпараттық хат жіберілді.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» № 43 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп 2994 тұрғын үй араланды, аралау кезінде 6885 адаммен өрт қауіпсіздігі туралы және су тасқынына қарсы әңгіме өткізілді. Аралау кезінде үйдегі пештің құрылымы мен қолдануы, электр жүйелерінің және де ашық отты қолдану, шөпті сақтаумен жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтауға ерекше назар аударылды. Жергілікті полиция қызметімен бірігіп 11 рейд жүргізіліп, қамтылған адамдар саны- 132.

Аудан халқының білімін арттыру, техногендік және табиғи қауіптен сақтану тәжірибесін бекіту және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау бойынша бұқаралық-ақпарат құралдарына 19 рет мақалалар берілді және 19 мақала Тарбагатай ауданы әкімінің ресми сайтына және ШҚО ТЖД-нің ресми сайтына 19 мақала мемлекеттік және ресми тілдерде жолданып жарық көрді, дауыстап айтылатын байланыс бойынша сөз сөйлеу шығулар – 83 рет. Мақалаларда өрт туындауы, от жағатын пештерді және газ, электр құралдарын пайдалануы, көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-шаралар туралы айтылды. Адам көп жиналатын орындарға, орта мектептерінде «Төтенше жағдайлар кезінде халықтың іс-қимылы» атты үгіт-насихаттық парақтар ілініп, 42 лекция өткізіліп, оған 327 адам қатысты, 42 нұсқаулық жұргізілді, 64 адаммен қамтылды.

2018 жылғы І11-ші тоқсанында Тарбагатай ауданынын ТЖ бөлімінде АЕК (КУИ) – 62 (2017 ж. – 67) хабарламалар түсіп ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді, 28 – өрт фактісі (2017 ж. – 21), 37 – номенклатуралық іске шығарылған, 16 – әкімшілік іс, 6 материал – тергелу реті бойынша алдын ала тергеу үшін АІІБ-не жіберілді, 3 біріктірілген ақпарат тіркелген. Өрттен келген материалдық шығын 2920000 тг. (2017 ж. - 3343545). Құтқарылған 4 700 000 тг. (2017 ж. – 5 610 000).

ӨСБ және ТЖБ санау тіркеу тәртібін бақылайтын комиссиясы, Тарбагатай ауданының ТЖБ және № 43 ӨСБ қызметкерлерімен бірлескен төрт тексеру өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар шыққан жоқ.

Шекаралас аудандардағы ӨҚҚ, жол полициясы, аудандық телекоммуникация торабы, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызмет сияқты авариялық қызметтермен бірігіп, қимыл көрсету нұсқаулары жасалып әзірленген.

2018 жылдың ІІІ-ші тоқсанының қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №43-ӨСБ гарнизондық және қарауылдық қызметтің деңгейін көтеруге, соған қоса бөлімнің ТЖ жою жұмыстарына даярлығын көтеруге нақты іс-шаралар атқарылды.

ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №43-ӨСБ жауынгерлік дайындық және қауіпсіздік техникасы талаптарын білуі бойынша жеке құраммен жұмыстар атқарылып, соңынан сынақтар қабылданды. .

Өткен уақытта аудандық және орман-дала өрт сөндіру жоспарларына өзгерістер енгізілініп, әзірленді.

ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №43 ӨСБ 2018 жылдың ІІІ-ші тоқсанында өткізілетін жоспарлы 24-ӨТС өткізілді.

Бар өрт сөндіру шұғыл карточкалары (ШК) - 39, өрт сөндіру шұғыл жоспары (ШЖ) - 167, есеп беру уақытында өзгерту енгізілген ШК – 167, ШЖ – 39. Бөлімде 1 газ түтіннен қорғау қызметі (ГТҚҚ) посты бар, ГТҚҚ жеке құрам саны - 17 адам, қарулануда 10 «Драгер» ауа сығымды аппараттар бар. Таза ауада жеке құраммен жалпы уақыты 360 минут болатын 12 сабақ өткізіліп, жылу түтін камерасында жалпы уақыты 120 минут болатын 4 сабақ өткізілген.

Бөлімде жалпы әскерлік 17 газқағар (противогаз), жылу қайтарғыш 21 костюм бар.

2018 жылдың ІІІ-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жеке құраммен өртке барарда да, қайтқанда да, сол сияқты өз автокөлігінде де жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ, шығу аумағында 28 – өрт (материалдық шығын – 2920000 мың тг.), 14- ӨРЕАЖ тіркелді.

Тарбагатай қаласындағы №43 ӨСБ ғимараттарының жылу жүйесін орталықтандырылған газ құбырына қосу. Осы бағыттарда жұмыстар атқарылуда.

2018 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық ретінде бөлімдегі барлық техникаларға жеңіл-желпі жөндеулер жүргізілді, жоспар бойынша АЦ-ның су сорғыларына сынақтар өткізілді.

2018 жылдың ІІ1-ші тоқсанына жоспарланған іс-шаралар толығымен өткізілді.



Тарбагатай ауданының іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі – құжаттың мемелекеттік тілде сауатты әзірленуіне баса назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет