Р. М. Нұржанова «БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша



жүктеу 67.28 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі67.28 Kb.


Р.М.Нұржанова

«БАҰО» АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша

ПҚ БАИ», аға оқытушы
Тілді меңгертудегі Ы.Алтынсариннің тәжірибесі
Қазақ тілін үйренудің дамудың тарихи кезеңдеріне көз жүгіртсек, тіл үйренушінің сол кезеңдегі мұқтажын, талабын қанағаттандыруға және заманауи талапқа сай қызмет еткендігіне куә боламыз. Елдің тарихи дамуына байланысты қазақ тілінің дамуы, сол кезге байланысты көтерілген мәселеге байланысты нақты қойылған міндеті де болды. Тіл үйренудегі алғашында туындаған мәселе заман талабына сай қайта өзгеріп отырды. Сонымен қатар пікірлер де алмасып, идеялар да толықтырылып отырылды.

Осыған орай тіл үйрету мәселесі жайлы Ыбырай Алтынсариннің қандай еңбектері бар екен деген оймен еңбектеріне шолу жасадым.

Ол өзінің орыс достарына жазған бір хатында «... Мәселенің мәнді жері ... мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар, татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді»- деп, өзінің шынайы ағартушылық идеяларын орыс-қазақ мектептерін ашу және шәкірттерді өз ана тілінде оқыту арқылы идеяларын іске асырып отырды.

Ы.Алтынсарин қазақ шәкірттерінің таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен шұғылданғанына К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу кітабы», Б.Ф.Бунаковтың «Әліппесі мен оқу құралы», Тихомировтың «Грамматиканың элементарлық курсы» оқу құралдарын басшылыққа алған. Орыс педагогтарының үлгісімен Ыбырай шығарған «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» сол кездің баға жетпес құнды құралы болып табылды.

Педагогтың еңбектері тіл үйренушілерге ұсынылатын тілдік материал ең алдымен лингвистика ғылымына негізделген. Ал лингвистика әдістеме үшін базалық ғылым болып саналады. Оның ережелері шет тілге үйрету жүйесін құрудың негізін қалайды. Тiл бiлiмiндегі тілдік фактiлердiң нақты, дау тудырмайтын, шешімін тапқан мәселелерi ғана тіл үйренушілерге жеткiзiледi. Тіл үйренушілерге берiлетiн бiлiм мазмұны, көлемi және оны оқытудың жүйесi жан-жақты сараланып, ғылыми мәлiметтер жалаң теория түрінде ғана емес, өмірмен байланыстыра отырып ұсынылады. Ұлы педагог ғылым негіздерін балаларға қызықты, түсінікті етіп беруге ерекше көңіл бөліп орыс тілі, ана тілі, арифметика сабақтарына, сөзді бір тілден екінші тілге аударуға ерекше назар аударған. Мысалы, арифметиканы қазақ тілінде оқытып, мысалдарды балалардың күнделікті өміріне жақын фактілер келтіре оқытуды, біртіндеп жеңілден ауырға қарай жылжуды талап еткендігі оның А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа, Ғ.Ғалымбаевқа т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында келтірілген. Ол мұғалімдердің балаларға тиянақты білім беру, оны өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері жайында көптеген ақыл-кеңестер берді. Өмірмен тығыз байланыстыра білім беру заман талабына сай білім беру екендігін сол кезден ақ көре білген ұстаз оқушыларының озық ойлы азамат болуын көздеген.

Заманауи талаптарға сай қазіргі кезде тіл үйренушілерге берiлетiн тiлдiк мәлiметтер төмендегi талаптарға сай болуы қажеттігін кез келген педагог басты назарда ұстайды:

1) Қазақ тiлiнен берiлетiн теориялық тақырыптардың ғылыми сұрыптаудан өтіп, ең қажеттісінің ғана берілуі талап етiледi. Тiлдiк мәліметтерге байланысты тақырыптардың дәл, анық, қысқа да нұсқа болуы оларды жылдам меңгеруге септiгiн тигiзедi. Тақырыптардың жан-жақты ашылуы, өзара байланыстылығы, көлемi мен мазмұнының тіл үйренушінің білім деңгейіне, мүмкіндіктеріне сәйкес келуі ғылымилық ұстанымы арқылы жүзеге асады.

2) Тiлдiк тақырыптарға байланысты берiлетiн қатысымдық жаттығулардың тақырыпты жан-жақты ашуы, тақырыптан ауытқымауы шарт.

Ы.Алтынсариннің еңбектеріне назар аударғанда тілдік мәліметтердің талаптары да және тек тілден ғана емес оқушыға берілетін білімде дидактиканың басты категориялары – білім беру, сабақ беру, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үрдісі және оның құрамдас бөліктері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі жүйелі сақталғаны анық көрінеді. Ағартушының білім беру мен оқыту мәселелерін терең зерттеуге, педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтауға және оны оқыту үрдісіне енгізуге байланысты жұмыстары оқыту үрдісінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасап шығаруды қарастырып, оны өз тәжірибесінде қолданғаны ұсынылған еңбектері айғақ.

Кез келген тілді оқыту әдістемесі дидактика теориясына негізделу арқылы жүзеге асып, зерттеледі. Қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетті азамат қалыптастыруда уақыт талабының бірі қазақ-орыс-ағылшын тілдерін жетік меңгеру.Тілді шет тілі ретінде немесе екінші тіл ретінде оқыту әдісінің қазіргі мәселелерінің бірі - тілдің жасанды ортасын құру. Жасалған жағдаяттардың көмегімен бірден бірнеше оқушыны белсенді түрде қатыса алатын сөйлеу әрекетінің төрт түрінің екеуі тыңдап түсіну мен сөйлеуге үйрету. Тыңдап түсіну нәтижесінде оқушы қабылдаған хабардың мәнін ұғына алады. Тілді оқытуда қандай әдіс қолданылса да, ол әдіс оқу үрдісінің алдында тұрған дидактикалық міндеті шешуі керек. Оқу үрдерісінде бұл әдіс ұлы педагог тәжірибесінде жасанды түрде емес, нақты ашық қолданылғаны екі ұлтттың балаларын тікелей қарым-қатынасқа түсіруі. Мысалы, «Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары» кітабында былай деп келтірілген: « ...Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, түсінікті етіп өткізуші еді. Ыбырайдан оқыған балалар небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды. «Шәкірттерім аздап орысша сөйлей біле бастаған кезде мен оларды орыс балаларымен араластырып жіберемін. Оған менің заң жағынан хақым бар. Қысқасы, бұл шәкірттерім төрт жыл ішінде, мектепті бітіргенге дейін, әжептәуір сөйлеп,ол-пұлды білііп қалар деген үмітім зор» (Ы.Алтынсарин. таңдамалы шығармалар. «Ғылым» Алматы, 1955 274-бет)



Педагог іс-әрекетінің тиімді болуы және белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін өзі жақсы меңгерген әдістері болуы қажет. Ол кейде бір әдістің өзін бірнеше мақсатқа пайдалануы мүмкін. Бірақ оқытушы қай әдісті таңдамасын, оның тіл үйренушінің қабылдауына жеңіл, тиімділігі мол, нәтижелі болуын, ең негізгісі, дидактикалық мақсат-міндеттерге сәйкес келуін ескеруі керек. Бұл қағиданы ағартушы «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралында»жақсы, ұғынықты көрсете білген. Ол өз кітабында былай деп жазады. «Әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін, солардан кейін заттың сынын көрсететін сын есімді үйретемін. Осылардан кейін зат есімді зат есімді олардың сынымен қосып-ақ адам сияқты сөйлем құрып үйретемін». Осы еңбегінің келесі бір жерінде ол: «... қазақ балаларына орысша кітаптарды оқытуға, оқығандарын, түсінгендіріп отыруға кіріспей тұрып. олардың жеке сөздерді болсын және негізгі грамматикалық ережелерді болсын бірқатар жүйелі әзірліктен өткізу керек болды. Мұндай алдын ала әзірлік жасалмаса, оқушылардың түсінігі тым шалағай болып шығады, ешбір грамматикалық ереже жайында белгілі бір түсінік алуға оқушылардың шамасы келмей қалады, көпке дейін «она» деген сөздің орнына «он» деп, «иду» деген сөздің орнына «шел» деп тағы сол сияқты қателер жасап жүретін болады». (Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. Алматы. 1955 122- бет) Педагог өзінен білім алған оқушылардың білімді жай ғана жаттап алып, үстірт меңгермей, санасынан саралай өткізіп, әрбір мәселеге терең бойлай түсінуін талап етті. Ыбырай барлық пәнді осылайша жүргізудің қажетттілігін, яғни К.Д.Ушинскийдің тілімен айтқанда, оқу әрекетіне барлық мүшелерін (көз, құлақ, тіс т.б.) қатыстырып, оқушылардың қызығуын, белсенділігін арттырудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Ұлы ұстаздың құрастырған «Орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал» кітапшасының алғысөзіне назар аударсақ төмендегідей жайға тап боламыз:

  1. «... Жетекші құралда YIII бөлімнен тұратын пәндердің атауларын оқушылардың жатқа білуі жөнінде әрбір бөлімнің аяғында көрсетілген грамматикалық ережелерге жетекші құралдарда жасалғаннан гөрі біршама көбірек тоқталу керек, сондай-ақ соңғы .үлгілерін берілген мағлұматтары бойынша оқушыларға жаңа сұрақтар беру және сөздердің родқа, жекеше-көпше, септік жалғауларына және т.б. қарай белгілі бір өзгерістерін олар игергендерінше осыған теңдес мысалдарды көрсету керек.

  2. Оқушылар осы жетекші құралды өткеннен кейін олардың әр қайсысы қол жеткен даярлығына сәйкес және жетекші құралдың аяғына берілген үлгіге сәйкес шәкірттердің қазақ тілінен орыс тіліне жазбаша аударуына жаттығуын ұдайы жүргізуін ұсынады. Өйткені аудармалар үшін құрастырған «Қазақ хрестоматиясы» тым тиімді болады. Сондықтан ол осы жетекші құралдың жалғасы қызметін атқарады.

  3. Сонымен бұл жетекші құрал толыққанды грамматика емес, қайта тек қана орыс тілінен және оның негізгі заңдарымен әңгімелесу және жазу кезінде дұрыс пайдалану үшін осы тілмен танысуға арналған жетекші құрал ғана болғандықтан, мұғалімдер, кейіннен шәкірттер орыс кітаптарын енді түсіне бастаған кезде осында келтіре алмаған грамматиканың неғұрлым егжей-тегжейлі әрі жеке ережелерімен таныстыруға тиіс. Мұның өзі ұсынылып отырған жетекші құрал бойынша оқытылатын тілдің негізгі ережелерін игерген оқушылар үшін қиынға соқпайды.»

Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсарин еңбектерінде балаларға білім беруде қолданған әдістері практикалық түрде тілді тез меңгеруге бағытталған әдістер. Оқушының тілдік дағдыларын, толыққанды білім алуын қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың бірі. Педагог тілдік материалды бір-бірімен сабақтастыра, байланыстыра беру тақырыпты меңгеруге зор ықпалын тигізетінін 1879 жылы жазып, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеп берген. Бұл мәселе қазақ тілін оқытып жатқан педагогтардың бір сәтте болса ойландыратын жағдай деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін жағдай оқыту мақсатына жету үшін оқушы тілді түсініп ауызекі сөйлеу актісіне қатысуы. Әрине, ауызекі сөйлеуде түрлі қиындықтар кездеседі. Сөйлеуші сөйлеу үдерісін өзі бақылай алмайды, яғни өз қатесін өзі бірден көре де, ести де алмайды, өйткені жағдаятқа байланысты Тіл үйренуші тілдің мазмұнын, тілдік құралдарды өзі таңдайды.

Ы.Алтынсарин еңбектеріне сүйене отырып, өркениетті Қазақстанның әр оқушысына заман талабына сай білім беруде жеке тұлға құзіреттілігі — өзін көрсете білу мен қалыптастыру жолында ізденіс пен талпыныс қажеттігін естен шығармағанымыз абзал. Тіл маманы өз мамандығы аясында теория жүзінде ғана жетік болуымен қатар, оқушыға тіл үйретуде қарым-қатынас жасауда интербелсенді әдістерді қолдана отырып, өзін де, өзгені де дамыту жолындағы міндетті жүзеге асырса деп тілеймін.
Каталог: uploads -> doc -> 0f98
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f98 -> «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
0f98 -> І. Кіріспе 1-3бет Берекелі еңбектің берері мол


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет